Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






АҚТЕНТЕК СЕРІ

АҚТЕНТЕК СЕРІ (Ақтентек) Бәйтілесұлы (1807-1903 жж.), ақын, композитор, ұста, сәулетші. Кұнанбай, Жанғүлты, Шортанбай, Ағыбайлардың замандасы. Караменденің Құрак есімді бір әйелінен Акмырза, Моддыбай, Ақжігіт, Бозжігіт туады. Молдыбайдан Бәйтілес, онан Актентек туған. Ақтентек серінің үлкен әкесі Молдыбай аса діндар адам болған. Қайтыс боларында балаларына сүйегін Түркістанға апаруын тапсырады. Ол кісінің мүрдесі Қожа Ахмет Йасауидің іргесіне жерленген. Ақтентек сері емші, шебер домбырашылығымен жастайынан аты шығып, ел аузына ілігеді. Ол өз даусына лайықты домбыраны өзі жасап, ағаштан түйін түйген шеберлігімен де жұртты таң калдырады. Ақтентек серіні Біржан сал да аса кұрмет тұтқан. Қоянды жәрмеңкесіне жиі келіп, Арканы әнге бөлеген Біржан осы күнгі Шет ауданы жерін мекен еткен, он жеті мың жылқы біткен Адамбай-Түрсынмен жақсы сыйластықта болған. Жолында отырған Ақтентек серінің аулын атгап кетпеген, әрі оны қатты құрметтеген. Біржан келгенде Ақтентек сері ауылда жоқ екен.Серінің қыздарының жарасымды қарсы алғанына Біржан аса риза болып, құрама домбырасын сәл-пәл күйлеп ән айтады, Біржанның салған әні сөзін сәл өзгерткен Ақтентек серінің өз әні болса керек. Бұл ән күні бүгінге дейін Біржаннын «Ақтентегі» атанып жүр. Орта ғана дәулеті бар Ақтентек сері қартайған шағында да жасынан машықтанған колөнерін тастамайды. Ол кісінің басшылығымен осы маңның сан жақсысына сәулетті мазарлар тұрғызады. Соның бірі Кояншы Қәдір батырдың Сырлытам бойындағы мазары күні бүгінге дейін өзінің сәнін жоғалтпаған. Сол сияқты қамшыдай өрілген Есбай мазарын салуға да басшылық еткен. Ақтентек сері бойынан қуаты кеткенше шешен домбыра жасауын тастамаған.