Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






АҚБАЕВ ЖАКЫП

АҚБАЕВ ЖАКЫП (1876-1934), мемлекет және коғам кайраткері, «Алашорда» үкіметінің мүшесі, заңгер, құкык магистрі. Сарыарка өңіріне аты мәлім атақты Акбай әулетінен шыккан. Әуелі Омбы гимназиясында оқып, кейін Томск гимназиясын бітірген (1898 ж.). Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітірген (1903) Санкт-Петербург университетінде оқи жүріп, Археология институтының толық курсын бітіреді. Студент кезінде саяси күреске араласып, азаттық идеяларын таратады, «Санкт-Петербургские ведомости», «Дала уалаяты» газетінде мақалалар жазады. 1903-05 ж. Омбы сот палатасында палата хатшысы, бітістіруші судья кызметін атқарады. 1905 жылдан бастап отаршылдық жүйеге, патша үкіметіне қарсы күресі үшін қызметтен қуылып, бүдан кейінгі өмірін саяси күрес ісіне арнайды.

1905 ж. Ә. Бекейханов, А. Байтұрсыновтармен бірге қазақ халқынын отаршылдык езгіге қарсы наразылығын ашық. көрсеткен 145 мың адам қол қойған «Қарқаралы партиясын» ұйымдастырады.

1906 ж. 30 наурызда Семей түрмесінде жатып С. -Петербург университетінің профессоры, белгілі заңгер Л. И. Петражицкийге жазған хатында, қазақ зиялылары арасында бірінші болып қазақ өлкесінің дербес автономия алуы мәселесін ұсынады. 1908 ж. әуелі Омбыға, кейін Жетісу облысының Қапал қаласына (бастапқы шешімде — Якутияға) жер аударылып, абақтыға жабылады. Айдауда жүрген кезінде 1909 ж. сенатор граф Паленге хат жолдап, онда отаршылдық жағдайдағы Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары терең талдау жасап, өлкенін ауыр халін баяндайды. 1912-15 ж. адвокаттық қызметпен айналыса жүріп, қазақ өлкесіне азаттык идеяларын таратады, отаршылдыққа қарсы наразылық акцияларын ұйымдастырады. 1915-16 ж. патша үкіметіне қарсы келгені үшін тағы да түрмеге жабылады. 1917 жылдың басында түрмеден босатылысымен Алаш козғалысына белсене араласады. 1917 ж. 21-26 шілдедегі Бүкілқазақтық съезге делегат болып, Алаш партиясы бағдарламасының жобасын жасауға қатысады. 2-Бүкілқазақтық съезде (5-13 желтоқсан, 1917) Алашорда үкіметінің мүшесі болып сайланады. 1918 ж. Семей ақ қазақтардың колына көшкенде Колчак әскери-калалық соты оны әскери-қазақ диктатурасын кұлатуға бағытталған қарулы көтеріліске басшылық, жасаганы үшін абақтыға камап, 1919 ж. 7 шілдеде ату жазасына кеседі. Осы тұста қазақтар жеңіліс тауып, Ақбаев қамаудан босайды. Ол 1919-1927 ж. Семей губревкомының құрамында заң бөлімін басқарып, Семей облысы сот мекемелерін ұйымдастыру ісіне араласады. Ақбаев 1927 ж. өзінің «Қазақхалқының шығу тегі туралы» іргелі ғылыми еңбегін жазды. 1928 ж. Сырдария округтік адвокаттар алқасынын мүшесі болып орналасады, көп ұзамай бұл қызметтен де шетгетіліп, Жамбыл облысы, Шу ауданы Новотроицкое селосына келіп ғылыми шығармашылық жұмыстармен айналысады. 1930 ж. 14 қыркүйекте Кеңес үкіметіне, Коммунистік жүйеге қарсы әрекеті, Алаш партиясын баскарып, «Алашорда» үкіметіне мүше болғаны үшін тұткындап, 1932 ж. сәуірде Воронеж облысына жер аударылады. Ауыр азаптардан өлім халіне жеткен Ақбаев 1934 ж. «емделуге» босатылып, 1934 ж. 4 шілдеде қайтыс болады.