Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






АҚАН СЕРІ

АҚАН СЕРІ (Ақжігіт) Қорамсаұлы (1843-1913 жж.), ақын, әнші, композитор. Ата-анасы қарапайым шаруа адамдар болған. Ақан сері жас шағынан халықтың ән-күй шалқарынан сусындап, өзіне дейінгі әншілік өнерді еркін меңгерген зерделі жан болды. Бертін келе өзі де ән шығаруға талаптанады. Маңына өзі сияқты өнерпаз жастарды жинап, ел аралап ән салады. Сәнді киініп, жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы ұстап серілік құрады. Осындай сегіз қырлы өнерпаздығы үшін «Ақан сері» атанады. Ол әншілік, композиторлык өнерде атақты Біржан салды аға тұтып, ұстаз санаса, Балуан Шолақ, Естай, Иманжүсіп, Құлтума сияқты әнші-композиторлар оның өнер жолындағы ең жакын достары болады. Бұлар бір-бірінің әнші-орындаушылык әрі композиторлык, дамуына игі әсер етеді. Ақан сері — өмір шындығын терең жырлаған өз заманының асқақ ақыны. Оның ақындық мұрасы идеялық-тақырыптык жағынан 2 топқа бөлінеді. Алғашқысы жастық, шак, махаббат, аңшылық, саятшылық такырыбы болса, екіншісі өзі өмір сүрген заманның ащы шындығын жырлаған шығармалары еді. Ақан сері — өзінің артына көптеген ән қалдырған аса талантты халық композиторларының бірі. Оның ән шығармашылығы — жанрлық жағынан да, такырыбы жағынан да ерекше назар аударатын асыл мұра. Өмірдегі сұлулык атаулының каңдай түрін болса да өзінін жырлары мен әндерінде әдемі сезіммен суреттей білген. Поэзиялык шығармашылығында ғашыктық, ынтызарлық, махаббат лирикасы, әсіресе оның ән шығармашьшығында өзгеше өріс табады. Ол небір нәзік сезім иірімдерін әсем әндерінін сыршыл сазымен, домбыраның сиқырлы қоңыржай үнімен жеткізген. «Сырымбет», «Шәмсі Қамар», «Мақпал», «Қаранар», «Ақ көйлек», «Ақтоты», «Іңкәр-ай», «Үш тоты», «Ақсаусақ», «Перизат», «Кепсер» әндері оның жастық шағында шығарған терең тебіреністі лирикалық туындылары. «Еркем», «Көкшетаудың биігі», «Әйкөк», «Кеткенің бе, Ақтоқты» әндерінде махаббат мұңын табиғат сұлулығымен шебер ұштастырса, «Көкжендет», «Қараторғай», «Манмаңгер» сиякты әндерде аңшылық пен саятшылықты, алғыр қыраңды, жел жетпес жүйрікті, тайпалган жорганы сипаттап көз алдыңа елестетеді. Оның ән шығармашылығына трагедиялық үн, қайғы-мұң сарынын әкелген әндерінің бірі — белгілі «Құлагер» әні. Бұл шығарма — мал ашуының ғана емес, жан ашуының, жан күйзелісінің әні. Ақан серінің ән шығармашылығы, үздік композиторлык таланты, асқақ әншілік-орындаушылык өнері халыққа кеңінен танылды. Ақан серінің ән шығармашылығы кезінде Арқаның әншілік-орындаушылық өнерінің дами түсуіне ғана әсер етіп қойған жоқ, сондай-ақ біздің заманымыздағы кәсіби әнші-артистердің репертуарынан орын алып, олардың әншілік өнерінің жетіле шыңдала түсуіне ыкпал етгі. Ә. Кашаубаев, Ж. Елебеков, Қ. Бабаков, М. Ержанов, К. Лекеров сиякты әншілер А. с. әндерінің шебер орындаушы-интерпретаторлары болумен бірге оларды ұрпактан-ұрпақка жеткізген қажымас насихаттаушьшары да еді.