Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






АҒЫБАЙ БАТЫР

АҒЫБАЙ БАТЫР, Шұбыртпалы Ағыбай (1802-1885), Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылдығына қарсы көтерілісі басшыларының бірі, қолбасшы. Жорықта жолы болғыштығы үшін «Ақжолтай батыр» атанған. Сарбаздары Абылай есімімен қатар Ағыбай батырды да ұранға айналдырған. Ағыбай батыр 1824 ж. Қаркаралы аймағында Ресей империясының отаршылдык саясатына карсы көтеріліске белсене араласты.

1826-1949 ж. аралығында Ресей империясының Қарқаралы, Ақтау, Ақмола бекіністеріне шабуыл жасап, патша әскерлерін Ырғыз, Тобыл өзендері бойындағы ұрыстарда, Қызылжар, Көкшетау шайқастарында ойсырата жеңген. Қырғыз манабы Орманға қарсы соғыстарда ерекше ерлік көрсеткен.

1847 ж. Кенесары ханның Кекілік тауындағы қырғыздармен ұрысында Наурызбай батырмен бірге дұшпан шебін бұзып өткен. Кенесары өлгеннен кейін де Ресей өктемдігіне қарсылығын тоқтатпай, Сыздык төре қолы кұрамында соғыс жургізген. Ағыбай батырдың мазары Сарыарка мен Бетпакдаланын шектескен Тайатқан-Шұнақ деген жерінде, сонда жерленген. Кенесарының бас батыры Ағыбай батырдың өмір жолы қазақ тарихшылары мен каламгерлерінің шығармаларына арқау болған. 19 ғасырдың аяғында «Ағыбай батыр» қиссасы шықты. Ағыбай батыр Нысанбай жыраудың «Наурызбай-Қаншайым» жырының, I. Есенберлиннің «Қаһар»романының бас кейіпкері. 1992 ж. Айыртау-Сопыда батырдың туғанына 190 жыл толуына байланысты республика дәрежесінде үлкен той өтті. Ұрпақтары Ағыбайға үлкен кесене салды. Ол 1980 ж. күрделі жөндеуден өтіп, басына кұлпытас қойылды.