Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ

АБАЙ (Ибраһим) ҚҰНАНБАЕВ (1845-1904 жж.), ақын, қазақтың жана жазба әдебиетінің негізін қалаушы, классик. Бұрынғы Қаркаралы дуанында (округінде), Шыңғыс тауының бауырындағы Қаскабұлак күзегінде туган. Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқып, араб, парсы әдебиетімен, Фирдоуси, Низами, Сағди, Хафиз т. б. шығармаларымен танысады. Одан кейін Семейдегі орыс мектебінде дәрістер алып, кітапханаға көп барады, орыс саяси тұткындары Е. П. Михаэлиспен, М. И. Долгополовпен т. б. кездеседі. Мұның бәрі ақынның прогресшіл көзқарасынын калыптасып, шығармашылык дүниетанымының сомдалуына әсер етеді. Абайдың әдеби мұрасы: өлеңдері, поэмалары мен тәржімалары, «Ғаклиялары», автордың ескілікке деген езіндік көзкарасы аңғарылатын «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі» поэмалары ақын шығармашылығында ерекше орын алады. Ескендір туралы поэма Александр Македонскийге арналған. Абай шапқыншының озбырлығын даттай келіп, оған Аристотельдің ақыл-парасатын карсы кояды. Қазақ өленінің негізгі зандылықтарын сақтай отырып, Абай поэзияға өзгеше түр енгізді, өлең, сөз саласында қазақ тілінің бай мүмкіндіктерін кеңінен қолданудың жаңа жолдарын керсете білді. Ақын қазақ өлеңін тақырып жағынан байытып, эстетикалық мәнін кеңейтті, терең философиялық сипат берді. «Күлембайға» (1888 ж.), «Болыс болдым мінеки» (1889 ж.), «Мәз болады болысын...» (1889 ж.) атты сатиралык өлендерінде ақын феодалдык билеп-төстеушілерге ашық қарсы шықты. Сонымен бірге А. композитор өрі халық ән-күйнің білгірі болды. Орыс классикалық әдебиетінің дәстүрлері негізінде Абай ұлттың сөз өнерін байытты. А. С. Пушкиннің, М. Ю. Лермонтовтың, И. А. Крыловтын бірқатар шығармаларын қазақшаға шебер аударды. Абай поэзиясы тілге жеңіл, кұлақка жылы естіледі, талант пен даналықтың кұймасы болып табылады. Абай мұрасы дүние жүзінің 60 тіліне аударылды. М. О. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы Лениндік сыйлыкққа ие болды (1959). «Абай» операсы (музыкасы А. Жүбанов пен Л. Хамидидікі, либреттосы М. О. Әуезовтікі), «Абай» трагедиясы (М. Әуезов пен Л. Соболев) республика театрларының репертуарынан берік орын алған. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қазақстандағы тұңғыш оқу орны — КазҰПУ (бұрынғы ҚазПИ), Іле Алатауының бір шыңы, Семей облысының бір ауданы, Карағаңды облысының бір ауданы Абай есімімен аталады. Көркем әдебиет саласында Абай атындағы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығы белгіленген (1966 жылдан). Карағанды облысында Абай есімімен аталатьш шахтерлер қаласы ірге көтерген (мұнда ақынға орнатылған ескерткіш, әдеби-мемориалдық мұражай бар), «Абай» шахтасы, Карағанды қаласы балалар кітапханасы Абай есімімен аталады. Көзі тірісінде ақын әсіресе Айрык, Едірей, Мыржык жайлауларында (қазіргі Қаркаралы ауданның жерінде) жиі болган. Абайдың Қарқаралыда болуы кұрметіне мемориалдық тақта орнатылған.