Ұйғыр ұлттық-мәдени орталығы

АДАМДЫ ҚҰТҚАРУҒА ТӘУЕКЕЛ ЕТСЕҢ, ОЛ ҮШІН ЖАУАП БЕРУГЕ ТӘУЕКЕЛ ЕТ

(халық мақал-мәтелі)

Ұйғырлар, әуелгі атауы - ұйғырлар. Ұйғыр тілі түрік тілділердің ішінде оңтүстік-шығыс тобына жатады.

Ұйғырлар - кіндік Азияның байырғы халқы, олар Синцьзян-Ұйғыр автономиялық ауданының (ҚХР) негізгі тұрғындары болып табылады. Бұрын бұл аймақ Шығыс Түркістан атанған, оны 1759 жылы Қытайдың билеуші Цинн династиясы жаулап алған еді. Соның нәтижесінде ұйғыр халқы қытай-маньчур жаулаушыларына қарсы бірнеше рет көтеріліске шыққан. Ұйғыр, дұнған, қазақтардың ең ірі ұлттық-азаттық көтерілісі 1864-1867 жылдары болған. Осы қозғалыстың арқасында Шығыс Түркістан аймағында бірнеше мемлекет: Йэттишар, Іле сұлтанаты, Дұнған хандығы құрылды.

1881 жылғы Ресей мен Қытай арасындағы Петербург келісіміне сәйкес Іле өлкесі Қытайға беріліп, ұйғырлар тұрған аймақ Ресейдің қарамағына қарайды. Осы келісім-шартқа байланысты Іле өлкесінің тұрғындары Ресей жеріне көшуіне болатын еді. Ұйғырлардың бір бөлігі - 100 мыңға жуық адам Жетісуға орын тебуге тілек білдіреді. Осы жерде ұйғырлар Жаркент қаласын салып, бұрынғы Верный уезінде 90 елді мекен орнатқан. Ұйғырлардың негізгі бөлігі Іле елкесіне 1881-1883 жылдары көшіп келген.

Санаққа сәйкес Қазақстанда 210365 ұйғыр тұрады, оның ішінде 686 адам Қарағанды облысында. Қазақстан ұйғырлары республикалық мәдени орталығы Қарағанды филиалы 2003 жылы қарашада ресми тіркелген.

Орталықтың филиалы ұйғыр халқының салт-дәстүрін, тілін, мәдениеті мен тарихын сақтап, дамытуды мақсат етеді. Ол өзінің жұмысын ұйымның жарғысына сәйкес жүргізеді.

Ұйғыр диаспорасы Қарағанды облысының Қазақстан халықтары Кіші ассамблеясы өткізетін барлық мәдени-бұқаралық шараларға қатысып отырады. Ұйымның Қарағанды филиалының белсенді мүшелері мыналар: Раямгүл Бекшина - облыстық қаржы басқармасының қызметкері, Тахир Усманов - нотариалдық кеңсенің бастығы, Мунира Садыкова, Рахымжан Музафаров, Раиса Жалилова -кәсіпкерлер.

Наурыз, масленица, сабантуй... ұйғыр ұлттық-мәдени орталығы филиалының қатысатын мерекелердің кейбірі осындай. Тіл саясатына ерекше көңіл аударылады. Филиалда ана тілін оқыту курсы жұмыс жасайды. Белгілі ұйғыр авторлары Ж. Басаков, Ш. Шаваев, А. Аширов, З. Самади, И. Масимов және басқалардың шығармалары кеңінен насихатталады.

Филиал мұқтаждарға моральдық және материалдық көмек береді. Басқа орталықтармен бірге Қазақстан халықтарының басқадай ұлттық мерекелеріне қатысып отырады. Қазақстан ұйғырлары республикалық мәдени орталығы Қарағанды филиалы өзінің мақсаты - қазақстандық қоғамды біріктіруге ықпал жасау, ұлтаралық келісімді нығайту, түрлі ұлттар өкілдері арасында достық пен келісімді нығайтуға үлес қосу деп санайды.

Қарағанды ұйгыр ұлттық-мәдени орталығының өнерпаздары республикалык фестивалдың қатысушылары.