Литва ұлттық-мәдени орталығы

БІЗДЕРГЕ ТІЛДЕСУГЕ МІНБЕР ДЕ, ДАУРЫҚПА СӨЗДЕР ДЕ КАЖЕТ ЕМЕС

Э. Межелайтес

 

Литвалықтар, ежелгі атауы - лиетувей. Литва тілі балтиканың немесе индоеуропалық тілдер әулетінің летто-литва тармағына жатады.

Литва этносының қалыптасуының негізі біздің эрамызға дейінгі II мыңжылдықта Нямунас пен Раугава өзендерінің маңына орналасқан балтика тайпаларынан тұрады. Осы тайпалардың бірігуі арқасында XIII ғасырда Литва мемлекеті пайда болған.

Қазақстанда 7070 литвалық тұрады, оның 2474-і Қарағанды облысында.

2003 жылдың 15 қазанында Қарағандыда және облыста тұратын литва ұлтының өкілдерінің бастамасымен және Қазақстан Республикасындағы Литва елшілігінің көмектесуімен мәдени орталық тіркелген.

Орталықтың 50 адамнан тұратын активі бар. Қоғамдық бірлестіктің бастамашы тобы литва тілін және литва халқының тарихын оқу курсын ұйымдастырды. Орталықта түрлі әдебиеттер бар. Интернет-класс жұмыс жасайды, онан қажетті ақпарат алуға болады. Литваға турист ретінде барғысы келетіндерге құжаттар мен визаны рәсімдеу жөнінде кеңестер беріліп тұрады. Бірлестіктің жоспарында басқа орталықтармен қатынас, тәжірибе алмасу, үйірмелер мен музыкалық би клубтарын ұйымдастыру бар.

Орталық тарихи отандағы өз туыстарымен тығыз байланыста. "Литуаника" орталығының мүшелері Литвада тұратын ата-аналарымен, туыстарымен, достарымен үнемі қарым-қатынас жасап тұрады. Орталықта жексенбілік мектеп жұмыс жасайды. Ондағы сабақты Қазақстанға рим-католик шіркеуінің миссиясы бойынша келген Алоиза жүргізеді.

2004 жылдың мамыр айында Литвадан әлеуметтік қамсыздандыру вице-министрі Виолетта Мураускайте бастаған делегацияның келуі Жезқазғандағы "Кеңгір" лагеріндегі саяси түтқындардың көтерілісі - Кеңгір оқиғасының 50 жылдығына арналды. Жыл сайын 31 мамырда атап өтілетін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде Жезқазған, Қарағанды, Балқаш қалаларында қаза болған литвалықтарға арналып ескерткіш белгі қойылды.

Орталық Биршгонос қаласында болған литвалықтардың халықаралық съезіне қатысты. Оған әлемнің 33 елінен делегаттар қатысты. Бұл съезд кеңестік режим кезінде қуғынға үшыраған Литва азаматтарының тарихи отанына қайтуына көмек беретін мемлекеттік бағдарлама аясында жыл сайын өткізіледі. Қоғамдық бірлестік Литваның түрлі министрліктерімен, ведомстволарымен қатынас жасап, олардан тарих, мәдениет жөнінде кітаптар, газет-журналдар алып тұрады.