Этностың материалдық және рухани мәдениеті

Литван тілі тілдердің үндіеуропалық семьясының балтық тобына жатады. 2 негізгі диалект ерекшеленеді: жямайттық және аукштайттық. Литван тілі тірі үндіеуропалық тілдердің басқаларына қарағанда фонетика мен морфологиядағы ежелгі белгілерін жақсы сақтап қалған. Жазу латын графикасының негізінде 16 ғасырда пайда болды. Алғашқы литван кітабы – М. Мажвидастың Катехизисі (1547 ж.). Біртұтас әдеби тіл батыс аукштайттық диалектінің негізінде 19 ғ. аяғы-20 ғ. басында қалыптасты. Діни нанымдары – негізінен католиктер. Үлкен европеоидтық нәсілдің беломор-балтық нәсіліне жатады. Литвалық фольклор бай және әр алуан: дайна-әндер; ертегілер, көптеген этиологиялық аңыздар, ежелгі мифтердің жұрнақтары (жай атқыш Перкунас туралы және т.б.).

 

Литвалықтардың дәстүрлі шаруашылықтары – егін шаруашылығы (қара бидай, арпа, сұлы, бидай, бұршақ, зығыр, 18 ғ. соңынан бастап - картоп). Жылқы өсіру, ірі-қара мал мен шошқа асырау, ара шаруашылығы, балық аулау дамыған.

 

Дәстүрлі кәсіптері – тоқымашылық, кесте тігу, ғашты ұсталық өңдеу, ағаш ою, өру, қыш.

 

Дәстүрлі киімдері. Әйелдер костюмы тұрмыста 19 ғ. дейін сақталды, оның жергілікті ерекшеліктері болды: жямайттық, аукштайттық, дзуктық, клайпедтік, каптық және занавиктік.

 

Дәстүрлі тағамдар.

Дәстүрлі тағамдардың негізін қара бидай, кейде бидай ұны, арпа және сұлы жармалары, бұршақ, сүт, ет құрады. 18 ғасырдың аяғында – 19 ғасырдың басында картоп тағамдары кеңінен таралды. Святки мен Масленицаға маска киетін күнтізбелік мерекелер, Иван күніне арналған от жағылып, әткеншек тебілетін серуендер маңызды мәнге ие болған.

 

«Литуаника» литва мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі

Төраға:Тварионас Виталий Иванович

Мекенжайы: Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Бұқар жырау д., 55

Телефон: 8 (7212) 910629

87015330640

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.