Грек ұлттық-мәдени орталығы

НАНЫҢ БАР БОЛСА - ЖАНЫҢДАҒЫМЕН БӨЛІС

(халық мақал-мәтелі)

 

Гректер, негізгі атауы - эллиндар. Грек тілі индоеуропалық тілдер тобының ерекше бөлігіне жатады.

Қазақстанда 20-шы жылдардың ортасында 157 грек болған. Олардың саны 40-шы жылдары депортацияға байланысты күрт өскен. 70-ші жылдары республикадағы бұл этностардың азаюы басталған. 1999 жылғы халық санағының мәліметі бойынша қазақстандық грек диаспорасының саны 12703 адам болған, Қарағанды облысында 2408 грек тұрады.

"Авги" грек мәдени орталығы (орысшаға аударғанда "Рассвет" деген сөз) 1996 жылы тіркелген. "Авги" орталығының негізгі мақсаты Қазақстандағы гректердің ұлттық мәдениетін жаңғыртып, ана тілін дамыту, олардың азаматтық, саяси, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен іске асыруға көмек көрсету.

"Авги" ұлттық-мәдени орталығы Қазақстан мен Орта Азиядағы "Филия" грек қоғамы қауымдастығының құрамына енеді. Оның төрағасы техника ғылымдарының докторы, профессор Георгий Иванович Ксандопуло.

Мәдени орталықтың қасында жексенбілік мектеп жұмыс жасайды. Онда үлкендер мен балалар жаңа грек тілін үйреніп, өздерінің тарихи отанының рухани мәдениетімен танысады. Бұл мектепте тек қана этникалық гректер ғана емес, Элладаның рухани мәдениетін біліп, грекше сөйлеп, оқып, жазуға тырысатын басқа халықтардың өкілдері орыстар, қазақтар, немістер, украиндықтар да оқиды.

Тарихи отанының тілін қазақстандық гректерге жаңа грек және понтилік диалекетіні білетін Константин Текиниди оқытады. Ол грек республикасындағы Ставросе қаласында тәжірибеден еткен. Сонымен бірге сабақты Қазақстан мен Қырғызстандағы "Филия" грек қоғамы қауымдастығының жанындағы (Алматы қаласы) грек тілінің курсын бітірген, одан кейін Грецияда тәжірибеден өткен Юлия Евгеньевна Текиниди жүргізеді.

Облыста тұратын грек диаспорасының санын анықтау, көмекті қажет ететін зейнеткерлер мен мүгедектерді анықтауда ынталы топтың мүшелері: мәдени орталық төрағасының орынбасары - Владислав Валерьевич Кузьменков, Елизавета Лазаревна Попандопуло, Ольга Федоровна Стефаниди, Парфена Харлампиевна Куртидис, Галина Георгиевна Касапиди, сондай-ақ "Эллада"жастар фольклорлық - хореография ансамблінің жетекшісі, ҚарМТУ-дың 5 курс студенті Евгения Дмитриевна Тенкепиди маңызды жұмыс атқаруда.

"Авги" орталығы грек тілінде шығатын кітаптар мен басылымдарды насихаттап, таратады, сонымен қоса грек тілі мен мәдениетін оқып, үйренгісі келетін басқа ұлт өкілдеріне көмек көрсетеді. Бұдан басқа орталық тарихи отанына қонаққа барғысы келетіндерге виза алып беру үшін Греция сыртқы істер министрлігі демеушілік ететін Қара теңіз гректер қауымдастығы және Қазақстан мен Орта Азияның "Филмя" грек қоғамы қауымдастығымен бірлесе отырып, жұмыс жасайды. Жаз айларында Қарағанды мен Теміртаудан Грецияға демалуға 10-15 бала барады.

Жұмыстағы маңызды бағыт қазіргі және ежелгі грекияның салт-дәстүрлері, ұлттық асхана, мереке, өз халқының әні мен биін таныстыру болып табылады. 1998 жылы құрылған "Эллада" фольклорлық-хореографиялық жастар ансамблі ұлттық-мәдениет фестивалі мен мерекелік концерттерге үнемі қатысады. Барлық мәдени-ағарту шараларына, ұлттық-мәдени орталықтардың көркем-өнерпаздар байқауына жексенбілік мектептердің оқушылары белсенді түрде қатысады. Мысалы, Абай қаласындағы № 12 орта мектептің оқушысы А. Сидиропуло облыстың мәдениет департаментінің дипломы және жүлдесімен бірнеше мәрте марапатталды.

Орталық мүшелерінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін өткізуге қатысуы дәстүрге айналды. 1937-1953 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін, 1942-1949 жылдардағы депортацияның сұмдықтарын көрген, соғыс уақытындағы ауыртпашылықты бастан өткерген Қарағанды қаласының байырғы тұрғындары Ю. Семиониди, Г.В. Евстафиади, Е.К. Караяпиди, К.Д. Текинмди өздерінің естеліктерін қоғам мүшелеріне айтып, баспасөзге жариялап отырады. Олардың әңгімелерінде понтилік гректердің тарихындағы қайғылы оқиғалар, жер аударылған мыңдаған гректерге көмек қолын ұсынған қазақ халқының қонақжайлығы айтылады.

Грек мәдени орталығының жүмысы бірнеше рет облыстық мәдениет департаментінің, ішкі саясат департаменті мен облыс әкімі жанындағы Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясы тарапынан дипломдармен, Құрмет грамоталармен марапатталды.