Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Румын ұлттық-мәдени орталығы

Қазіргі Румыния 1918 жылы 1 желтоқсанда Валахия, Молдова, Буковина, Трансильвания кінәздіктерінің бірігуі нәтижесінде қалыптасқан. "Даккилер" - қазіргі Румынияның жерінде біздің эрамыздың басында өмір сүрген көне халықтың атауы. Румын тілі роман тілдер тобына жатады.

Қазақстанда 20 мыңнан астам румын тұрады. Олардың көпшілігі республикамыздың солтүстік облыстарында, ал Қарағанды облысында 3500 адам тұрады.

Мұрағат мәліметтеріне сәйкес румын ұрпақтары Қазақстанға Бессарабия мен Солтүстік Буковинадан төрт кезеңде келген: біріншісі - 19 ғасырдың соңы, 20 ғасырдың басында, екіншісі - 1941, 1942, 1952 жылдары жер аударылғандар, үшіншісі - екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түскендер, төртіншісі - тыңайған жерді игеруге келгендер және жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жолдамамен келгендер.

"Дакия" румын қоғамы 2005 жылғы 28 сәуірде тіркеліп, оның тұсаукесері "Сарыжайлау" достық үйінде Қазақстандағы Румынияның елшісі Василе Соаренің және облыстық ұлттық-мәдени орталықтар өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Қоғамдық бірлестіктің құрметті төрағасы Николай Плушкис болып табылады. Қоғамның құрметті мүшелерінің ішінде құрметті шахтер, ақын, румын тілінің оқытушысы Семен Плэмэдялэ бар.

2003 жылғы 9 қыркүйекте Спасск мемориалдық зиратында 1941-1950 жылдары жерленген румын әскери тұтқындарына арналған ескерткіш ашылды. Оны ашу рәсіміне Румынияның президенті Иион Илиеску қатысты.

Қоғамның бастамашы тобы елшіліктің көмегімен румын тілі мен тарихын оқытатын курсты ұйымдастыруға шаралар қолданды. Сондай-ақ тарихи отандарында тұратын туыстарымен байланысты қалпына келтірді. Румын үкіметі жастардың жоғары оқу орындарында оқуына гранттар бөлген. Қазіргі уақытта үш адам Бухарестің колледждерінде оқиды. Румын диаспорасы жыл сайын халықтық көктемгі мерекелер "Мэрциишор", "Пасха", "Рождество" мерекелерін тойлайды.

"Дакия" қоғамы өзінің алдына ана тілі мен мәдениетті қалпына келтіру, басқа халықтармен достықты нығайту, жалпы мемлекеттік және жалпы ұлттық мүдделерді жарасымды үйлестіру арқылы ұлтаралық қатынас