Азербайджан ұлттық-мәдени орталығы

Үидің сәні - сәби,

ДАСТАРКАН СӘНІ - ҚОНАҚ

(халық мақал-мәтелі)

 

Азербайжандықтар, өз атауы азербайжанлылар, азелилер. Тілі - азербайжандық, түрік тілдерінің алтайлық тобының огуздік тармағына жатады. 1929 жылы азербайжан жазуы латын әрпіне, 1939 жылы кириллицаға, ал 1991 жылы латын әрпіне көшірілді.

Азербайжан халқы ХІ-ХІІІ ғғ-да қалыптасқан. XX ғасырдың басында Қазақстандағы азербайжандар 1926 жылы барлығы 46 адам болған. 1999 жылғы қазақстандық халық санағының мәліметі бойынша азербайжандықтар - 78295 адам болған. Олардың көбі Қазақстанға 30-шы жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған басқа халықтармен бірге келген. Қарағанды облысында 3667 азербайжан тұрады.

"Намус" - азербайжан ұлттық-мәдени орталығы" қоғамдық бірлестігі 2001 жылдың 6-шы тамызында тіркелген. Бірлестіктің атауында маңызды мазмұн бар: Намус - ол ар-намыс. Орталық азербайжан халқының дәстүрін, салтын, тілін, мәдениетін жаңғыртып, сақтап, дамытуды мақсат етеді.

Орталықтың қасында азербайжан тілін оқытатын жексенбілік мектеп бар. Оған мол тәжірибесі бар Мамедов Жумалұлы сабақ береді. Орталықтың қызметіне А. Мамедов, Н. Гусеинов, Ш. Аскеров, Ш. Ширинов, Я. Гаджиев, Ф. Асадов, Г. Ибрагимов, Али Ширинов, Р. Ширинов және тағы басқалар үлкен үлес қосуда. Ана тіліне деген ықыластың артуы арқасында отбасыларында азербайжанның салт-дәстүр мен мәдениеті дами түсуде.

Қоғамдық, мәдени және спорттық өмірге жас ұрпақта қатысуда. С. Аскеровамен М. Аскерова мектептік олимпиаданың жеңімпаздары,олар үш тілде - қазақ, азербайжан, орыс әдебиетін оқуда үздік нәтижеге жетуде. Е. Тахирова каратэден жеңімпаз болып жүр.

Жастардың рухани, адамгершілік, мәдени және денешынықтыру тәрбиесін беруде таэквондоның Орталық Қазақстандық федерациясының президенті Парвиз Мамедов жоғары оқу орынының оқытушысы ретінде көп үлес қосып келеді. Оның шәкірттерінің ішінде Асиф Рзаев, Агасиор Рзаев және Акиф Гасанов жақсы нәтижелерге жетуде.

Азербайжан республикасымен байланыс жасау, азербайжан әдебиетінің кітапханасы нашу және насихаттау,отандастардың халықтық шығармашылық фестивальдарын, азербайжандықтар өмірінен ақпарат даярлауды Шакир Аскеров атқарады. Соның арқасында басқа ұлттық-мәдени орталықтармен, басқадай қоғамдық ұйымдармен байланыс жасалады. Орталық жексенбілік мектептердің жұмысын бағыттап, белгілі адамдармен кездесу өткізеді, азербайжанның классикалық әдебиеті және өнерімен таныстырып, шығармашылық ұжымдар құрып, баспа қызметімен айналысады. "Намус" жыл сайын Тәуелсіздік күнінде, Қазақстан халықтары тілі күнінде өткізілетін ұлттық мәдениет фестиваліне, сондай-ақ басқадай шараларға қатысады.