Поляк ұлттық-мәдени орталығы

КЕЛІСІМНІҢ АРҚАСЫНДА КІШІ МЕМЛЕКЕТТЕР ӨСЕДІ,

КЕЛІСПЕУШІЛІКТЕН ҰЛЫ ДЕРЖАВАЛАР ҚУЛАЙДЫ

Г. Сенкевич

Поляктар, әуелгі атауы поляктар. Поляк тілі славян тілдерінің батыс тармағына жатады.

Қазақстанның аймағында поляктар алғашқы рет XVIII-XIX ғасырда пайда болған. Бұлар азаттық қозғалысына қатысушылар, соның ішінде 1830 және 1863 жылдардағы көтеріліске қатысқандар болған.

Украина мен Белоруссиядан 1936 жылы жаппай депортацияға ұшырағаны Қазақстан поляктарының тарихында ұзақ жылдар ақтаңдақ болып келді. Екінші дүниежүзі соғысы жылдарында 250 мыңға жуық поляк жер аударылған. 1999 жылғы санақ бойынша Қазақстанда 47297 поляк, соның ішінде Қарағанды облысында 5572 сол ұлттың өкілдері тұрады.

Қарағанды облыстық "Полония" поляк қоғамы алғашқылардың қатарында 1991 жылы құрылған. Оның тұңғыш төрағасы Франц Николаевич Богусловский болған. Поляк қоғамының негізгі қызметі білім беру, мәдени-ағарту жұмыстары, поляк салт-дәстүрлерін жаңғырту, көрме, концерт, конкурс, кештер өткізу, көркем өнерпаздықты дамыту, Польшаның жоғары және орта оқу орындарында оқуға жастарды даярлау. "Полонияның" мүшелері облыстық көлемдегі барлық шараларға белсене қатысады.

"Сковронки" әйелдер вокальдық тобы, Э. Надобко басқаратын би үйірмесі облысқа белгілі болды.

Қазақстан мен Польша Білім министрліктерінің арасындағы келісімге сәйкес 10 жылдан бері Қарағанды мектептеріне Полышдан мұғалімдер келіп, үлкендер мен балаларды ана тілінде оқытады. Қарағандының үш орта мектебінде және Теміртаудағы гимназияда поляк тілінің курсы жүмыс жасайды. Бүгінде Польшаның жоғары оқу орындарында Қазақстаннан 70-тен астам адам оқиды, соның ішінде құқық пен медицина тәрізді дәрежелі факультеттерінде оқитын қарағандылықтар көп. Олардың көпшілігі еуропа континентінің шығыс бөлігіндегі байырғы оқу орындарының бірі Краков университетіне түскен. Жыл сайын Қазақстанға Польшаның жетекші университеттерінің профессорларынан қабылдау комиссиясы келіп, мектеп бітірген біздің оқушылардан поляк тілінде сынақ қабылдайды. Мысалы, ерекше үлгідегі аттестатпен Т. Әубәкіров атындағы мектеп-гимназияны бітірген С. Галимский сынақтан ойдағыдай өтіп, Польшаға оқуға түсті. Бүгінде ол Краковтағы Станислав Сташица атындағы кен-металлургия академиясының студенті.

Жыл сайын поляктың "Веспульнота Польска" гуманитарлық акциясы жазғы каникул кезінде поляк тілін үйреніп жүрген балалар үшін Польшаның лагерлеріне баруды ұйымдастырады. Біздің облыстан 20-25 бала өз бабаларының тарихи отанымен танысып, демалады. Олар Польшаның тарихын тереңірек біліп, жергілікті тұрғандармен әңгімеде тілін баиытады. Сонымен бірге "Веспульнота Польска" балалар мен үлкендер үшін тілді тез үйрену курсын ұйымдастырып, оның барысында экскурсиялар жасалып, поляк халқының мәдениеті, салт-дәстүрлерімен таныстырады.

Екі мемлекеттің ынтымақтастың аясындағы білім бағдарламасының перспективалығын мына факт көрсетеді. "Полония" қоғамы мен облыстық білім департаменті "Қазақстанда қазақ тілін оқыту жағдайы және перспективасы" деген тақырыпта поляк мүғалімдерінің конференциясын өткізді. Польша мен Қазақстанның Білім министрліктерінің келісіміне сәйкес поляк жағы жыл сайын аймақтың мәдениет орталықтарын оқытушы құраммен қамтамасыз етеді. Тілді тегін үйрену құқын поляк ұлтының ғана емес, тілек білдіруші үлкендер мен балалар пайдалана алады.

1996 жылы Теміртауда "Nadzieja" деген поляк ұлттық-мәдени орталығы құрылды (поляк тілінен аударғанда "Үміт"). Оған Петр Бернардович Яворский басшылық етті.

"Полония" поляк ұлттық-мәдени орталығы аймақтың өміріне белсене араласып, қоғамдық ұйымдармен, мәдениет және білім мекемелерімен жемісті қарым-қатынас жасайды.