Шешен-ингуш ұлттық-мәдени орталығы

МЫҚТЫ ДОСТЫҚ АДАМ ӨМІРІН КӨРКЕЙТЕДІ

(халық мақал-мәтелі)

 

Чешендер, алғашқы атауы - нахчи. Чешендердің тілі кавказдың тілдердің ішінде нахск (вайнахтық) тілдерге жатады. Олар Солтүстік Кавказдың байырғы тұрғындары болып табылады.

1944 жылы ақпан айында чешендер мен ингуштар өздерінің туған жерінен Қазақстанға жер аударылған. 1999 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 31799 чешен, 169000 ингуш тұрады, соның ішінде 4660 чешен мен 1427 ингуш Қарағанды облысында тұрады.

Ингуштар, негізгі атауы гьалгьай, үлкен ингуштық қоғам галагаевтардың атымен аталған. Ингуш тілі кавказдық тілдер тобының нахск (вайнахтық) тара-уына жатады. Кавказдың байырғы тұрғындарына жатады, оның тарихы 4 мың жылдыққа кетеді. "Ингуш" атауымен олар XIX ғасырдың бірінші жартысында белгілі болған ("ингуш" атауы Терск алқабындағы бірінші елді мекендер Ангуш немесе Ингуш селоларының атауынан шыққан).

Чешен мен ингуш диаспоралары енетін Қарағанды облыстық "Вайнах" ұлттық-мәдени орталығы 1995 жылдың қаңтар айында құрылған. Ол құрылған алғашқы күннен бастап өзінің алдына ұлтаралық келісімді сақтау, аймақта тұратын басқадай этникалық топтардың өкілдерімен мәдени және қоғамдық байланыстарды нығайту, ұлттық мәдениет пен дәстүрді, тілді жаңғырту және тарату міндетін қойған. 1997 жылдың наурызында "Вайнах" ұлттық-мәдени орталығы республикалық "Вайнах" қауымдастығына еніп, Қазақстан халықтары Ассамблеясының толыққанды мүшесі болды.

Облыстық чешен-ингуш мәдени орталығының бірінші басшылары В.А. Мунаев пен Х.С. Косумов болған. Аймақта қариялар кеңесі құрылып, жұмыс жасауда, оның құрамына Таус Асламбеков, Мовлади Лииев, Анди Хасуев, Руслан Сулейманов және т. б. енген. Олар диаспора мүшелерінің Қазақстан Республикасының азаматы атағына лайық болуы үшін көп жұмыстар атқаруда.

"Вайнах" ұлттық-мәдени орталығының өкілдігі облыстың барлық қалалары мен аудандарында бар. Чешен мен ингуш диаспорасының өкілдері халық шығармашылығының конкурстарына үздіксіз қатысады. Қазақстанда ақын әрі публицист, Жезқазған ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі Зулпа Суфьяновна Чумакованың есімі жақсы белгілі. Оның шығармаларында Қазақстанның мәдениеті, қазақтардың салт-дәстүрі жақсы көрсетіліп, еліне және жерлестеріне деген сүйіспеншілігі анық байқалады.

Өстім, өндім қазақтың даласында,

Қазақстан ұқсайды анашыма

Алтыбақан тербелсе айлы кеште

Көңілім менің түспейді сабасына, - деп ол өзінің "Алтыбақан" өлеңінде жырласа, "Түсіме таулар кіреді" деген өлеңінде өзінің этникалық Отанына деген сүй-іспеншілігін былай білдіреді:

Тәкәппар, Асқар реңі,

Қайғыға мені батырып

Түсіме таулар кіреді,

Түнімен мені шақырып

 

Чешенстан мен Ингушетияның мәдениет министрлігінің және шығармашылық зиялылардың шақыруымен Чумакова З. 2005 жылы өз отандастарымен жыр кештерін өткізді. "Күн кейіпкері" хабарына берген сұхбатында ол былай деген: "Қазақстанда тұрамын, чешенмін. Қазақстан мені лайықты бағалады. Бұл туралы менің атақтарым айтады. Адам ұлғайған сайын өзінің түп тамырына жақындай түседі. Өлең де, ойда, үмітте, махаббатта кездейсоқ бола алмайды, егер ол Отан туралы болса".

Диаспора өкілдері спортта лайықты табыстарға жетіп жүр. Қарағанды облысының және Қазақстанның намысын еркін күрестен әлем мен Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы Мусса Абдулмуслимов талай рет қорғады. Сонымен бірге бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мухамед Адамов, бокстан спорт шебері Ильяс Адамов, жастар арасында бокстан спорт шебері Аиб Адамов, дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Юсуф Адамов, бокстан спорт шебері Зелимхан Межиев, спорт шебері Асхаб Габаков, спорт шебері Макшарип Гарбаков және тағы басқалары көзге түсуде.

2004 жылдың мамыр айында Алматы қаласында чешен мен ингуш халықтарының Қазақстанға жер аударылуының 60 жылдығына арналған "Депортациядан интеграцияға" деген халықаралық конференция болып өтті. Осы конференцияның жүмысына Иордания, Түркия, Германия, Азербайжан, Қырғызстан, Ресейден келген делегаттар қатысты. Конференцияға қатысушылар ел Президенті Н.Ә. Назарбаевқа депортацияның ауыр жылдары чешен мен ингуштарға көмек қолын ұсынған қазақ халқына ризашылық білдірген үндеу қабылдады.