Корея ұлттық-мәдени орталығы

ДОСТЫҚСЫЗ ӨМІР, ТҰЗЫ ЖОҚ ТАМАҚҚА ТЕҢ

(халық мақал-мәтелі)

 

Корейлер, бастапқы атауы - чосен-саран. Корей тілі кейінгі уақытқа дейін оқшауланған тіл болып келді, яғни ешқандай лингвистикалық топқа енбе-ген. Оның шығуы туралы әр-түрлі жорамал бар.

1939 жылғы депортация нәтижесінде Қазақстанда 96453 корей келген. 1937 жылдың күзі... Қаламмен бір тартқанда бүкіл бір халық ұлттық белгісіне орай қуғын-сүргінге ұшырады, қазақ жері еріксіз жер аударылғандарды қабылдады. Сол уақыттан бері корейлердің бірнеше ұрпағы Қазақстанды өз Отаны санайды. Өздерінің саны аз бола тұра (халықтың 1%-нен аз) корейлер ұлт ретінде ғана сақталып қалмай, ұлттық-мәдени орталықтар арқылы өздерінің бар екендігін көрсеткеніне тарихшылар әлі баға берері анық.

Қазір Қазақстанда 99665 корей бар, оның 14097-і Қарағанды облысында.

Қарағанды облыстық корей мәдени орталығы 1989 жылдың қыркүйегінде құрылған.

Қоғамдық ұйымның негізгі міндеті - корей мәдениеті мен тілін, салт-дәстүрін одан әрі дамытып, жаңғырту, қоғамның демократиялық жаңаруына диаспораның белсенділігін көтеруге көмек беру. Орталықтың басты жетістігі оның жоғары беделі, жинақталған тәжірибе, ұрпақтар жалғастығын бекітетін, үлкендерге, ана тілі мен мәдениетіне құрмет көрсетуге тәрбиелейтін дәстүрлер.

Орталықтың бірде-бір ұжымы немесе құрылымы он бес жылдың ішінде өз қызметін тоқтатқан емес. Орталықтың негізгі қазынасы адамдар, оның активін уақыт сынынан өткен адамдар қүрайды. Соның заңды жалғасы ретінде 2003 жылы "Мугунхва" фольклорлық ансамблі "халықтық" атағын алды.

Филиалдың қасында, сондай-ақ Қарағандының үш мектебі мен екі жоғары оқу орнында Қазақстан корейлері қауымдастығының Қа-рағанды филиалының көмегімен корей тілін оқыту іске асырылады. Осы мақсат үшін Корей Республикасы елшілігі жанындағы ағарту орталығынан оқыған филиал активтерінен төрт оқытушы даярланды. Сабақ беруге Корей Республикасынан келген волонтерлар тартылды.

Филиалдың жанынан ардагерлер хоры, "Киппым" би тобы құрылып, жұмыс жасайды. Көркем өнерпаздар ұжымдарының мүшелері қалалық, облыстық, республикалық ұлттық мәдени фестивальдарға үнемі қатысады. Филиал түрлі шараларды түрақты өткізеді, оның көбі дәстүрге айналды. Солардың ішінде ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды тойлау, қыздар мен ұлдардың мерекесі ерекше орын алады. Поэзиялық атау алған "Өмірдің күзі" мерекесі Қариялар күніне арналған.

Филиалдың жұмысы орталықтың құрылымын одан әрі жетілдіруге арналған. Қазақстан Республикасы үкіметінің іс-әрекет бағдарламасына сәйкес басым бағыттар анықталған. Мысалы, филиалда "Кемеңгерлер алқасының" басшылығымен аға ұрпақпен жұмыс жүргізіледі. Жастарды тәрбиелеу Қазақстан корейлері республикалық қауымдастығы мен Қазақстан корейлері жастар қозғалысының бағдарламасы арқылы іске асырылады.

Оқушылар арасындағы "Жеткіншек көшбасшы" республикалық іріктеу турына жыл сайын Қарағандыдан корей ұлтынан 100 оқушы қатысады. Корея республикасы елшілігінің "КАХАК" НТО мен Қарағанды филиалының көмегімен ҚКҚ-ның атаулы стипендиясын алу үшін студенттік конкурс өткізіліп келеді. Онда КарМУ, КарМТУ мен "Лингва" тіл мен аударма институтының студенттері жеңімпаз атанды.

Қарағанды филиалы республикада бірінші болып шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің слетін өткізіп, экономикалық кеңес құрып, Қазақстан корейлері қауымдастығына ҚКҚ-ның қасынан экономикалық кеңес құру ұсынысымен шықты.