Сүлейменов Рымқұл

 

Сүлейменов Рымқұл (7.6.1936 ж.т., Қарағанды обл. Шет ауд.) - жазушы. Қарағандыдағы № 4 кәсіптік-техникалық училищесінде, Алматы жоғары партия мектебінде оқыған. ҚазҰУ-ды бітірген. 1957 ж. Шет аудандық "Ильич туы" газетінде еңбек еткен. Ақтоғай аудандық "Арқа еңбеккері" газетінің жауапты хатшысы, Ақадыр аудандық "Ақадыр таңы", "Агадырская новь" газеттерінің редакторы, бұрынғы Жезқазған облысының "Жезқазған туы" газеті редакторының орынбасары. "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі, Қарағанды облысының "Орталық Қазақстан" газетінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, бас ре­акторы, тәуелсіз "Компас" газетінің бас редакторы қызметтерін аткарған. Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды облыстық бөлімшесінің төрағасы болып сайланған. Алпысыншы жылдардың басынан әңгімелері, очерктері "Жұлдыз", "Жалын", "Қазақстан коммунисі" журналдарында, "Социалистік Қа­зақстан" (қазіргі «Егемен Қазақстан») , «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті» —газеттерінде жарияланып тұрады.