Стамбеков Дәуітәлі

 

Стамбеков Дәуітәлі (26.1.1947, Қарағанды обл. Ақтоғай ауд. Қоңырат а. - 7.6.1999, Алматы) - ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1974). "Арқа еңбеккері" аудандық газетінде аға әдеби қызметкер, Республикалық жастар газеті "Лениншіл жаста" (қазіргі "Жас Алаш"), республикалық "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде, "Жазушы" баспасында, "Егеменді Қазақстан" газетінде қызмет атқарған. Алғашқы өлеңдері аудандық, облыстық газеттерде жарық көрген. Онға тарта жыр жинағы мен аударма кітаптары жарық көрді. Солардың ішінде "Алтын бесік", "Мазасыз маусым", "Нұрлы әлем", "Бұлақтар даланы аңсайды", "Жұмағым мен тұмағым" өлеңдер мен поэмалар жинақтарының авто­ры. Ол орыс классиктері мен достас елдердің айтулы ақындарының өлең, поэмаларын аударуға ат салысқан. Б.Кенжеев, Б.Қанапияновтардың кітаптарын қазақ тіліне аударған. "Жалын" баспасы ұйымдастырған жабық байқаудың бірнеше дүркін жүлдегері. Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты (1999).