Сматаев Софы

 

Сматаев Софы Қалыбекұлы (24.6.1942 ж.т., Қарағанды обл. Ақадыр ауд. Киік ст.) - жазушы, драматург. Мәскеудің болат және қорытпалар институтын бітірген (1965). 1960 - 62 ж. Мәскеудегі "Серп и молот" зауытында слесарь, құюшы, Қазақстан ҒА-ның Металлургия және кен байыту институтында инженер, аға инженер, 1967 - 84 ж. "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі, 1984 - 87 ж. Қазақстан Компартия­сы ОК-нің жауапты қызметкері болып жұмыс істеген. 1989 жылдан Қазақстан Мемлекеттік кітап палатасының директоры. "Астана оттары" атты тұнғыш өлеңдер жинағы 1968 ж. жарық көрді. Сматаевтың "Тағдырлар" (1976), "Сен кімсің" (1977), "Әз-әзәзіл" (1978), "Жұлдызым менің жоғары" (1985) пьесалары республикалық, облыстық театрларда қойылды. "Жұмбақ қыз", "Жаяу Мұса" операларының либереттосын жазды. В.Г. Коро­ленко, В.В. Иванов, В.А. Солоу­хин, Х.Абдуллин, Ю.Мухлисов, сондай-ак, У.Шекспир, И.Добози шығармаларын қазақ тіліне аударды. Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты (1992). "Құрмет" орденінің иегері (2000). Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.