Смайылов Алдан Зейноллаұлы (1946 ж. т.), жазушы. Казақстан Жазушылар одағының мүшесі. Жаңаарқаның түлегі. ҚазМУ-ді бітірген (1970). 1970-1989 ж. Алматы облыстық «Жетісу» газетінің әдеби қызметкері, 1989 ж. Республикада алғашқы кұрылған Тіл және мәдениет қоғамының төрағасы болып сайланды. Ақмола облысының «Қараөткел» газетін ұйымдастырып, оның бас редакторы болды. Ақмола облыстық телерадиокомпаниясы төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. ҚР Жазушылар одағы Астана бөлімшесінің төрағасы (2006). Оның «Ақжалын», «Тамыздың таңы», «Найзақара», «Сағыныш жеткен көктем» кітаптарын оқырмандар жылы қабылдады.