Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Сатыбалдин Қапан

 

Сатыбалдин Қапан (25. 12. 1917, қазіргі Қарағанды обл., Қарқаралы ауд., "Бесоба" совхозы, - 10. 1. 1969, Алматы) - жазушы. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1939). Москва мемлекеттік кинематография институтында оқыды (1940-42). 1937-59 ж. "Егеменді Қазақстан", "Жас алаш" газеттерінде әр түрлі қызмет істеді және "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакто­ры, "Қазақфильм" киностудиясында директордың орынбасары, "Жұлдыз" журналында бас редактордың орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағында хатшы болды. Сатыбалдиннің алғашқы өлеңдер жинағы "Мен жырлаймын" (1938) де­ген атпен шықты, "Шешілген жұмбақ" (1940), "Әлия" (1945), "Мың есік" (1950) поэмалар мен өлеңдер, 'Бейбітшілік күні астында" (1952), "Сұрапыл" (1959), "Бір баланың екі беті" (1963), "Іңкәрім" (1965) өлеңдер мен поэмалар және "Қараторғай" повестер мен әңгімелер (1968) жинақтары жарық көрді. Шығармаларында бүгінгі ауыл өмірі, адамдар арасындағы қарым-қатынас, Отанға деген сүйіспеншілік, ерлік, патриотизм нанымды суреттеледі. Сатыбалдин "Сілтенген семсер" (1943), "Аягөз ару" (1956), "Махаббат машақаты" (1961), "Ұзақ жол" (1969) т. б. драмалық шығармалардың авторы. "Ән шақырады" (1961), "Дина Нұрпейісова" көркемсуретті және деректі фильмдердің сценарийін жазды. Сондай-ақ И. А. Крылов, Н. А. Некрасов, Н. Асеев, В. Горбатов шығармаларын қазақ тіліне аударды.