Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Этностың материалдық және рухани мәдениеті

Неміс тілі индоеуропалық тілдер тобына жататын герман тобының батыс германдық топшасына жатады. Неміс тілінің диалектілік бөлінуінің негізіне батыс-гармандық тайпалар - франктер, сакстер, турингтер, алемандар, баварлар (баюварлар) диалектілері жатады. Жазуы латын графикасы негізінде. Әдеби неміс тілінің австриялық және швейцариялық нұсқалары ГФР –дағы әдеби неміс тілінен диалектілер мен сөйлеу тілі ара қатынасы сипаты және түрлі әдеби тілдерді пайдалануымен ерекшеленеді. Неміс тілі нұсқаларындағы ауызша сөйлеу айырмашылығы неміс тілінің диалектілік бөлінуімен ескерілген.

Діни наным-сенімдері – протестанттар (негізінен лютерандар) мен католиктер. Германиядан тыс жерде тұратын немістер арасында католиктер мен лютерандардан басқа, протестантизмнің басқа бағыттарын - баптистер, адвентисты, меннониты, пятидесятники және т.б. ұстанатындар көп.

Неміс халқының дәстүрлі киімдері орта ғасырлар негізінде 16-17 ғғ. қала сәні киімдері элементтерінен қалыптаса бастаған. Әйел адамдардың киімдерінің негізгі элементтері- корсаж немесе кофта, бүрмелі белдемше, алжапқыш. Ерлер киімдері жейдеден, қысқа немесе ұзын шалбардан, жеңсіз киім (кейіннен жилет), мойынға тағатын орамал, кебіс немесе етіктен тұрған. Қойшылар, мұржа тазалайтындар, кеншілер, гамбург балташыларының дәстүрлі кәсіптік киім үлгілері бар. Кейбір күнтізбелік және отбасылық ғұрыптар, ең бастысы католиктерде сақталып қалған. Жаңа жылғы немесе Рождествоға арнап шыршаны безендіру 19 ғ. Германиядан таралған.

Дәстүрлі тағамдары – тауық кеспесі (нудль), үзбе кеспе қосылған көже, жеміс көжесі. Мерекелерде қырық қабат қосылған шошқа немесе қаз етін дайындап, бәліш (кухе) пісіреді. Ораманың (штрудель) бірнеше түрі бар. Қысқыға шошқа майын, ет және балықты сүрлейді, шұжықты әр түрін жасайды. Сусындар ішінде кофе ішкенді ұнатады.

Халық ауыз әдебиетінде шванкалар (қысқа әзіл әңгімелер), ертегілер, әңгімелер басым, сонымен бірге халық билері мен әндері де кеңінен таралған.

 

 


 
 
 

 

«Видергебурт» неміс орталығы» облыстық бірлестігі

Төраға:Кист Виктор Эдуардович

Мекенжайы: Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Ерубаев к., 22

Телефон: 87013676042

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Төрағаның орынбасары: Кёниг Ирина Густавовна

Телефон: 8 (7212) 420301