Орыс ұлттық-мәдени орталығы

ЖЕҢІЛМЕЙТІН БІЗДІҢ ЕЛІМІЗ ХАЛЫҚТАРДЫҢ ДОСТЫҒЫМЕН НЫҒАШАН

(халық мақал-мәтелі)

 

Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша "орыс" атауы орта Днепр маңында мекендеген родилер, росстар деген славян тайпаларының бірінің атауымен аталған. Орыс тілі индоеуропалық тілдер әулетінің шығыс славян тобына жатады.

Қазақстанның аймағында орыстардың едәуір топтары XVIII ғасырда пайда болған. XIX ғасырдың соңында олардың саны 539,7 мың адамға жеткен. Орыстардың азаюы XX ғасырдың соңғы он жылдығында байқалған. Қазір Қазақстанда 4479620 орыс тұрады, оның 614416-ы Қарағанды облысында.

Қазақстан мен Ресей қатынастарының негізінде ішкі бай мазмұнды және қарым-қатынастың түрлі формаларымен сипатталатын көп ғасырға созылған тарихи байланыс жатыр. Екі елді демографиялық факторыда жақындастырады. Екі мемлекет те көп ұлтты, көп конфессиялығымен ерекшеленеді, бұл олардың ұлтаралық келісімді сақтап, нығайтуға бағытталған олардың ішкі саясатының басты буынын анықтайды. Бүгінде бір миллиондай қазақ Ресейде тұрады.

Қарағанды мен облыста тұратын ресейлік отандастар ұйымы ретінде "Согласие" қоры 1996 жылы 14 наурызда тіркелді. 1996 жылы сәуір айында оның қасынан орыс мәдениет орталығы және орыс жексенбілік мектебі құрылды. Мәдени орталық өзінің жұмысын басқадай ұлттық-мәдени орталықтармен тығыз байланыста жүргізеді.

Орыс мәдени орталығы өзі құрылғаннан бергі уақытта жергілікті билік орындары алдында беделге ие болып, қала мен облыс тұрғындарына белгілі болды. Оның жұмысына көптеген кәсіби және көркем өнерпаз ұжымдар қатысады. Олардың құрамында музыкалық комедия театрының әншілері мен музыканттары, Тәттімбет атындағы музыкалық колледждің студенттері мен оқытушылары, "Теміржолшылар" мәдениет үйінің орыс әні хоры, Г. Суворованың мода театры, Құрма орыс халықтың хоры, Абай қаласындағы орыс әнінің хоры бар.

Орыс мәдени орталығы белсенді көрме қызметімен айналы-сады. Мысалы, Қарағандының көркемөнер орыс мәдениетінің қазіргі жағдайымен, оның тарихы және бастауымен таныстыра-тын үлкен көрме ұйымдастырылды. "КарЛАГ және... ұрпақ" деген экспозиция Мәскеудегі суретшілердің Орталық үйіне, Тула, Абай, Теміртау қалаларының көркемөнер мұражайларында көрсетілді.

Жыл сайын славян жазуы мен мәдениеті күнін мерекелеу кезінде халықтың ұжымдар өнер көрсетіп, бейнелеу өнерінің көрмесі ұйымдастырылады. Онда белгілі кәсіби суретшілер, орыс немесе жалпы славяндық тақырыпты толғайтын А. Плотников, Л. Смирнова, Л. Устьянцева, Л. Фролов тәрізді суретшілердің шығармалары қойылады. Көрермендермен кездесу барысында суретшілер бейнелеу өнерінің орыс мектебінің рухани, мәдени негіздері, оның туыстас халықтардың бейнелеу өнеріне ықпалы туралы айтты.

Шахтинск, Балқаш қалаларындағы, Бұқар жырау, Нұра аудандарындағы славян мәдени орталықтарының да жұмысы кеңінен танымал.