ӘЛІМХАНОВА РОЗА

ӘЛІМХАНОВА РОЗА - Медицина ғылымдарының докторы, профессор

Медицина

11381 дауыс

30 жылдан астам уақыт ерте жастағы балалардың тірек-қимыл аппараты патологиясын (майтабан, буын кемістіктері, ортан жіліктің сынуы) отасыз емдеумен айналысып келеді. Балалармен көп жылғы жұмыс істеуінің және туа бітті деформация мәселесін зерттеу  нәтижесінде әлемде ұқсастығы жоқ емдеудің ғажайып  әдісін ойлап тапты.

Қазақстандық зерттеушінің жұмысы әлемдік қоғамдастықтың назарынан тыс қалған жоқ. Роза Сейітқалиқызы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымның Алтын медаліне лайық деп табылды. Оның осы саладағы жетістіктері мен жаңалықтарын Қитай және Еуропаның тәжірибелі дәрігерлері мен ғалымдары мойындады. Ол – 30-дан астам өнертабыстың, 120 ғылыми еңбектің, 5 оқу әдістемесінің және 6 монографияның авторы.

Қазақстанның үздік өнертапқыш әйелі деп танылған Роза Әлімханова Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің түлегі. Аспирантура мен докторантураны Мәскеу қаласында бітірді. Біліктілігін Қытай мен Еуропада (Франция, Бельгия, Италия) арттырды.

 

Интернет ресурстардың тізімі:

Әлімханова Роза [Электрондық ресурс] // 100 жаңа есім. – Дереккөз: https://old2.aikyn.kz/2017/12/02/35076.html. – (Қаралған күні 21.01.2021)

Әлімханова Роза [Электрондық ресурс] // Zharar. – Дереккөзhttps://www.zharar.com/kz/biography/32643-jana_100_esim.html. – (Қаралған күні 21.01.2021)

 

Менің өмірбаяным: Әлімханова Роза [Электрондық ресурс] // 100 жаңа есім. – 2017. – 4 тамыз.  – Дереккөз: https://100janaesim.ruh.kz/participa nts/2017/roza-alimxanova.html. – (Қаралған күні 21.01.2021)