«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы

 

 

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы

 

 

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың сәуір айындағы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады» деген болатын. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында болатын «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы Тұңғыш Президент ұсынысынан кейін оны жүзеге асыру ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Қазақстан Халықтары ассамблеясына жүктелді.

 

«100 жаңа есім» жобасының да ең басты мақсаты. Яғни, ел танымайтын тұлғаларды көпшілікке таныстыру. Осы жоба басталғалы бері, 2 жылдың ішінде жобаның ресми порталына 5000 өтінім түскен екен. Бұл қазақ халқының арасында ерекше дарын иелері көп дегеннің дәлелі. Ұлы даламыздағы басқаға үлгі боларлық қасиеттерге ие, өте зерек, білімді, дарынды жастар қауымын тарихи тұлғалар қатарына қосуға барлық Қазақстан азаматы болып білек сыбана атсалысайық.

 

 

 

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысқан 2017 жылғы қарағандылық жеңімпаздар:

 

АБАТОВ НҰРКАСИ - жоғарғы санатты дәрігер хирург, профессор

 

АЛТАЕВ ДӘУРЕН   - учаскелік полиция инспекторы

 

АН СЕРГЕЙ – NOMAD MMA ұлттық стилінің негізін қалаушы, жаттықтырушы

 

ӘЛІМХАНОВА РОЗА - Медицина ғылымдарының докторы, профессор

 

МАХАМБАЕВ ҒАБИТ - Қарағанды облыстық медициналық орталығының нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі

 

ТОҚСАНБАЕВ АРМАН - Қазақстандық жас кәсіпкер

 

ҮМБЕТОВ ҚАЙРАТ - Полковник , ҚР ұлттық гвардиясының «Орталық» аймақтық қолбасшылығының 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары

 

 

 

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысқан 2018 жылғы қарағандылық жеңімпаздар:

 

АМОСКИН НИКИТА – акробат, халықаралық класстағы спорт шебері, екі дүркін Азия чемпионы, спорттық акробатикадан  әлемчемпионы.

 

 

 

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысқан 2019 жылғы қарағандылық жеңімпаздар:

 

ЖҮСІПОВ АБЫЛАЙХАН – боксшы

 

СНЕГУРОВ ИВАН - ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы

 

 

 

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысқан 2021 жылғы қарағандылық жеңімпаздар:

 

 

 

ӘБІЛДИН АРЫСТАН  - музыкант

 

ӘБІЛЖАНОВ ДАРЫН - ҚОДБ инфекциялық ауруханаларында медициналық қызметкерлер жинағының үйлестірушісі

 

 

 

БОТАЙ АРДАНА– жойғыш ұшқыш

 

ДИЛЬ ДАНИЕЛЬ – шахтер, спортшы

 

ЗАИТОВА ДИНА актриса

 

ПАК ВИКТОРИЯкәсіпкер