Шанырақ қазақ орталығы

"Шаңырақ" озінің міндетін ғасырлар бойы жиналған халықтың ең таңдаулы мәдениетін жаңғырту деп біледі. Біздің орталықта зи-ялы қауым, ұлттық-мәдени орталықтар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек столдар, кездесулер өтіп тұрады. Орталықтың акт залында 30-40 жылдары Карлагқа жер аударылған суретшілердің жеке адамдардан жинаған теңдессіз еңбектері қойылады. Орыс орталығымен славян жазуы мен мәдениеті күні өткізіледі.

"Шаңырақ" оралмандар кездесіп, өмірге бейімделетін құтты мекен қызметін де атқарады. "Сорос-Қазақстан" қорымен бірлесіп оралмандарды бейімдеу проблемасына арналған семинарлар өткізілді. Алыстан келген ағайындар арасындағы зиялы қауыммен бірлесіп халықтық қолөнері мен әуендерді жинастыру және насихаттау жұмысы жүргізіледі.

Митрополит Волоколамский және Юрьевскийдің қатысуымен өткен "Дін және мәдениет" көрмесі қарағандылықтар есінде қалды. Оған Надья Рушеваның салған суреттері қойылды. Мәдениет қоры қарағандылық суретшілердің жұмыстарын көрме-сату шарасын бірінші рет ұйымдастырды. Суретшілер Эмма Селезнева, Амади Асуханов, Саркис Санасян, Павел Реченскиймен шығармашылық кездесу өткізілді.

Халық композиторы Тәттімбет туралы қор "Жүз жылдық қылшегі" телевизиялық фильмін түсірді. Мәдениет қорының шақыруымен Қарағандыда Қазақстанның халық әртісі Қ. Қалиланбекова, Ш. Жан-дарбекова, кино мен театр, эстрада артистері: Н. Караченцов, С. Шакуров, И. Альферова, Ж. Агузарова, О. Газманов, А. Песков, Ленин комсомолы театры, Мәскеу драма театры ұжымдары болды.