Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қорындағы латын графикасында басылған кітаптар

 

Құрметті оқырмандар!

 

Сіздердің назарларыңызға жазушы Ж.К. Бектұровтың жеке кітапханасынан бірегей кітаптарды ұсынып отырмыз. Бұл кітаптар 1936 жылдан  1941 жылға дейінгі мерзімде басылған. Кітаптардың бірегейлігі жарыққа шыққан мерзімімен бірге олардың латын қарпінің негізінде қазақ тілінде басылғандығына байланысты.  

Ұсынылатын кітаптардың ішінде: Кеңес Одағының басшылары – И.В. Сталиннің, В.М. Молотовтың шығармалары, сондай-ақ, Ө.Тұрманжановтың өлеңдер жинағы (1905-1978 жж.) және қазақ әдебиеті хрестоматиясы.  

Ақын, проза жазушысы, әдебиеттанушы, фольклоршы, қазақ балалар әдебиетінің классигі Өтебай Тұрманжановтың таңдамалы өлеңдері 1936 жылы жарыққа шықты, ал 1938 жылдың наурыз айында ақын тұтқынға алынып, 8 жылға бас бостандығынан айырылып, жаза мерзімін ГУЛАГ лагерінде өтеді.

Ө. Турманжанов 1956 жылы ҚазКСР прокуратурасымен ақталды.  

Қазақ әдебиеті хрестоматиясына Машһүр-Жүсіп Көпеевтің, Спандияр Көбеевтің, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, Сәбит Дөнентаевтың ХХ ғасырдың басында жазылған  шығармалары енді.  

Осы басылымдардың айрықша тарихи және мәдени құндылығы бар.

Кітаптармен Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының сирек кездесетін кітаптар, қолжазбалар және мұражай жәдігерлері бөлімшесінде танысып алуларыңызға болады.  

 

1.     Turmançanov, Ө. Bajƣьz : taƣь basqa өleᶇder / Ө. Turmançanov. - 1936. – 174 b.

2.     Stalin, I. Leninijzm mәseleleri : orьsca onьncь basьluvьnan avdarьldь / I. Stalin. - Alma-Ata: QK(b)Portalьq komijtetiniᶇ partija, 1938. – 584 b.

3.     Stalin, I. Marksijzm Çәne ulttьq-kolonijalьq mәsele : taᶇdamalь maqalalar men sөzderdiᶇ çьjnaƣь / I. Stalin. - Alma-Ata: QK(b)P ortalьq komijtetinin partija, 1938. – 239 b.

4.     Molotov, V.M. SSSR qalq caruacьlьƣьn өrkеndetudjᶇ: ycjncj besÇьldьq planь / V.M. Molotov . - Alma-Ata : Әdebiet, 1939. - 91 b.

5.     Stalin I.V. Ortalьq komijtettiᶇ BK(b)P-NЬṆ XVI sijezine bergen sajasьj esebi : bajandama men Qortьndь sөz / I. Stalin. - Alma-Ata : Әdebijet, 1939. -  91 b.

6.     Qazaq әdebietj : orta mektepke arnalƣan : xrestomatia : II bөljm / qúrastьrƣan E. Smaiьlov. – Alma-Ata : Qazaqtьn bjrjkken memlekettjk, 1941. – 244 b.