Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






ЕРАЛИЕВ ШӘБДЕН

 

Ералиев Шәбден (1898-1928) – партия, кеңес, мемлекет қайраткері, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысушы. Жаңаарқа ауданында туған. Тәшкен жер шаруашылығы училищесін, Ішкі істер Халық комиссариатының курстарын бітірген. Тәшкен уездік комитетінің қызметкері (1921 жылға дейін), Бүкілресейлік ауылшаруашылық санағының тіркеушісі, жер бөлімінің меңгерушісі. Аудандық милиция бөлімінің бастығы, БК(б)П Тәшкен ұйымы  Президиумының хатшысы, Түркістан майданы саяси бөлімінің мүшесі болып істеген. Түркістан  республикасы милиция басқармасының инспекторы (1921-1923), Ақмола уездік, губерниялық милиция бастығы (1923-1927) қызметтерін атқарған. 1927 ж. Қазақ АКСР ОАК-ның мүшесі болып сайланған. 1928 ж. 2 қарашада Маңғыстау облысындағы Адай округтік атқару комитетінің төрағасының орынбасары болып істеп жүргенде, іссапар кезінде Каспий теңізінің үстінде кемеден із-түзсіз жоғалып кеткен. Қастандықпен өлтірілген деген айып тағылып, атышулы «Ералиев ісі» деген қылмыстық іс қозғалған. Нәтижесінде 70 адам тұтқындалып, 61-і сотталған (9 адам тергеу кезінде түрмеде өлген), Алайда КСРО Жоғарғы Сотының әскери  коллегиясы 1958 ж. 8 наурызда бір жылдан кейін денесі теңізден табылған Ш.Ералиевтің мүрдесіне жасалған медицина сараптамасын негізсіз деп тауып, айыпталғандарды ақтап шықты. Ш,Ералиевтің есімімен Жаңаарқа ауданында селолық округ және көше аталады. Маңғыстау өңіріндегі Ш.Ералиев атындағы аудан мен ауылдың аты 90-шы жылдары өзгертіліп, Қарақия ауданы (орталығы Құрық) деп аталады.

*****

Ералиев Шәбден: [қысқаша өмірбаян] // Жаңаарқа: Энциклопедия.- Алматы : Темірқазық, 2009.- Б.193.

http://e-history.kz/kz/publications/view/2413

https://obk.kz/newsfeed/item/120943-rukhani-zha-yru-tarikh-tol-ynynda-y-ta-dyr-sh-bden-eraliev

 

https://baq.kz/kk/news/asil_kazina_derekter/otkenge-oilanbai-topirak-shashudan-aulak-bolaiik-658