Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






ЖАРЫЛҒАПОВ ІСЛӘМ

 

Жарылғапов Ісләм (1918-1993) – Жаңаарқа ауданына қарасты Көктал жеріндегі Тұтқышбай ауылында, Манақа өзенінің бойында дүниеге келген.  Жазушы, аудармашы. Ұлы Отан соғысына қатысқан. ҚазПИ-ді бітірген (1942). Мәскеу жоғары дипломатия мектебінде оқыған (1944-1945). 1942-1943 жылдары ҚазПИ-де оқытушы, 1946-1952 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нде лектор, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1957-1958 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1964-1964 жылдары «Жұлдыз» журналында бас редактордың орынбасары, 1965-1968 жылдары ҚазКСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас редакторы, 1971-1974 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры. 1975 жылдан марксизм-ленинизм классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударуға ат салысты. Көркем әдебиет саласында А.С.Пушкин, А.И.Герцен, И.С.Тургенев, Л.Н.Толстой, М.М. Пришвин, Л.Соболев, Л.Леонов, Ю.П.Герман, Ф.Ниязи, Г.Н. Леонидзе, А.С.Исаакян, Әзиз Несин, Клара Цеткин, Вилли Бредель, И.Р.Бехер т.б. ақын-жазушылардың әр жанрдағы шығармаларын қазақ тіліне аударған. Аударма теориясын зерттеді, тілімізге «оқырман», «көрермен», «саяжай», «балмұздақ», «уыздық», «жағажай», «аялдама», «перзентхана», «еңбеккер», «телефондау», «теледидар», «ғарыш» сияқты көптеген жаңа сөз қосты.

*****

Жарылғапов Ісләм: [қысқаша өмірбаян] // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия. – Алматы : Атамұра, 2006. - Б. 249.

http://adebiportal.kz/kz/authors/view/1642

http://akikat.kazgazeta.kz/?p=3237

 

http://anatili.kazgazeta.kz/?p=15601