Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






БЕКОВ ОРЫНБЕК

Беков Орынбек (Қарағанды облысыШет ауданы 1898 жыл – 13 наурыз 1937 жыл) – жазушы.

1903 жылы оның үй іші Спасск зауытына көшіп барады. Екі кластық училищені бітірген соң, 1912 жылы зауытта түрлі қара жұмыстар істейді. Ақпан революциясынан кейін зауыттың саяси өміріне белсене араласады. Совдеп төрағасының орынбасары, еңбек бюросының төрағасы болады. 1919-1922 жылдары ревком төрағасы және жүмысшылар депу-таттары Спасск зауыт советі мен БК (б)П Спасск аудандық комитетінің мүшесі, хатшысы қызметтерін атқарды. 1923 жылы Қарқаралы уездік милициясының бастығы, одан соң Семей губерниялық атқару комитетінің бөлім меңгерушісі болады. 1925 жылы БК(б)П Өлкелік Комитетінің шешімі бойынша Еңбек халық комиссариаты аппаратына қызметке ауысады. 1928 жылы Алматыда шығатын «Тілші» ғазетінің редакторы, ал 30-жылдары қазақ драма театрының директоры болды.

Еңбегі:

Әңгімелері мен өлеңдері республикалық газеттер мен «Жаңа әдебиет» журналының беттерінде жариялайды. 1928 жылы «Ұлы істің игілігі үшін» атты публицистикалық мақалалары, 1931 жылы «Советбике» повесі жеке кітап болып шықты.