Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






АМАНТАЙ ДИДАР

 

Амантай Дидар - 1969 жылы 5 ақпанда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Жазушы, сценарист, журналист, қоғам қайраткері. Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамының бас редакторы. Орта мектепті бітірген соң, 1986 жылы Қазақ политехникалық институтына, металлургия факультетіне (орыс бөлімі) оқуға түседі түседі. Бірінші курсты аяқтаған соң, 1987 - 1989 жылдары Қиыр Шығыста, Владивосток қаласына таяу маңда әскери қызметте болады. 1989-1994 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Философия және политология» факультетін үздік бітірген. 1994—1997 жылдары Темірбек Жүргенев атындағы Театр және кино институтын  кинодраматург мамандығы бойынша үздік бітіріп шығады. 2000 жылы Словакия астанасы – Братислава қаласында тоғыз айлық АҚШ жорналшылар курсында (ағылшын бөлімі) оқиды. 1987-1989 жылдары «Жас алаш», «Заман Қазақстан» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1997-2002 жылдары «Хабар» агенттігінде бағдарлама редакторы, «Майдан» ток-шоу редакторлар бөлімінің жетекшісі, «Бетпе-бет» бағдарламасының жүргізушісі, 2002-2004 жылдары «Зерде» жобалау тобының жетекшісі, 2004 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазахфильм» ұлттық кинокомпаниясының бас редакторы, 2005 -2006 жылдары «Ел мен жер» және «Азамат К2» газетінің директоры, 2004-2008 жылдары «Начнем с понедельника» газетінің Бас директоры және бас редакторы, 2008 жылы іскерлік «Азамат» газетінің директоры, 2006 -2008 жылдары «31 арнаның» «Абайтану» және «Замандастар» телевизиялық бағдарламаларының авторы және жүргізушісі, 2009 жылдан Ш. Айманов атындағы « Қазахфильм » Ұлттық кинокомпаниясының бас редакторы.

Алғашқы кітабы 1996 жылы «Постскриптум» деген атпен жарық көрді. Кейіннен «Қастерле мені» ( романдар, повестер, әңгімелер, эсселер 2000), «Гүл мен кітаптар» (Роман, 2003), «Күзгі рандеву» (повесть-әңгіме 2005) кітаптарымен қатар, «Нұрғиса Тілендиев», «Әлжаппар Әбішев», «Қасым Аманжолов», «Жүсіпбек Елебеков», «Мұқтар Мағауин»  деректі фильмдердің, «Гәкку» («ФЭФ») «А-ға оралу» көркем фильмдерінің «Қарсы бақылау» телесериалының сценариін жазған.

 

«Дарын» мемлекеттік Жастар сыйлығының (1999), Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты (2007).