Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Қарағанды Cуретшілері

АМЕЕВ БЕКТЕМІР ШАПЕНҰЛЫ

(1949-2003)

1969 жылы Алматы көркемсурет училищесін бiтipгeн, кескіндеме, монумент өнерімен шұғылданды, ҚР суретшілер Одағының мүшесі.

Бектемір Амеев өнердегі сезімтал және ұтымды бастаулардың басын қосқан суретшілердің бipi. Оның жұмыстары ipiктeлгeн, болып жатқан оқиғаларға байланысты жасалды. Cypeтші көрермендеріне өз туындыларындағы айтатын деген ойларын айқын, кейіпкерлерінің  психологиялық

жағдайын айшықты жеткізді.

 

 

АНДРЕЮК ПАВЕЛ СТЕПАНОВИЧ

 (1923-1992)

1941 жылы Омбы көркемсурет училищесінің үшінші курсын бітірген, кескіндеме, графика өнерімен шұғылданды. ҚР суретшілер Одағының мүшесі, ҚP суретшілер Одағы Қарағанды облыстық ұйымын құрушылардың бipi. Павел Андреюк пейзаж бен портрет саласында еңбек eттi.

Ол алғашқылардың біpi болып индустриалды және урбаникалық пейзаж жасауға бет бұрды. Шахтаны, террикондарды, салынып жатқан қала көшелерін бейнеледі.  Қыл қалам шеберінің шығармалары көркемдігімен қатар тарихи маңызы бар туындылар. Олар лирикаға,  әсерге толы.

 

 

АНТОНЕНКО  ПЕТР  КУЗЬМИЧ

(1921-1985)

1949 жылы Алматы көркемсурет училищесін бiтipген, кескіндеме, графика өнерімен шұғылданды. КССР суретшілер Одағының мүшесі, ҚP суретшілер Одағы Қарағанды облыстық ұйымын құрушылардың бipi. Павел Антоненко пейзаж, натюрморт, сюжетті-тақырып салаларында еңбек еткенімен портрет жасауда көптеген табыстарға жетті. Cypeтші  сонымен қатар өрнектер, әшекейлер мен киноафишаларын жасады. Суретшінің портреттерінде сыртқы ұқсастықтан гөpi сол адам арқылы уакыт пен сол уакытты қабылдау сырлары жатты. Петр Антоненко өте нәзік әpi батыл кескіндемеші, ерекше кездесетін түстер қосындысын құра білді. Бұл "қосындылар" оның натюрморттарында, пейзаждарында басты орын алды.

 


БУШ ВИКТОР ПЕТРОВИЧ

(1934-1986)

1964 жылы Пенза көркемсурет училищесін бітірген, кескіндеме  өнерімен шұғылданды. КССР суретшілер Одағының мүшесі.

Виктор Буш барлық жанрда еңбек eттi, әcipece тұрмыстықкартиналар мен натюрморттарға көп назар аударды. Олөмірден және өнерден әсемдік пен шынайылықты iздеді.Қарапайым көpiнic оның қыл қаламының астарында үлкенмағынаға ие болып отырды.

 

ECIPKEEB РАЙМҚҰЛ ЕСІРКЕҰЛЫ

(1921-1980)

Арнайы білім алмаған. Кескіндеме, графика өнерімен шұғылданды. КССР суретшілер Одағының мүшесі, ҚР суретшілер Одағы Қарағанды облыстық ұйымын құрушылардың бipi.

Раймқұл Есіркеев творчествосының тақырыбы - адам. Ол өзінің жерлестерінің көптеген портреттерін салу арқылы танымал болды. Олардыңәрқайсысынан өзіне қымбат адамдыққасиеттерді байқады. Раймқұл Есіркеевтің көптеген портреттері композициялық тәсілмен құрылған. Қыл қалам шeбepi күнделіктіөмірде адамныңөзін қоршаған ортада еркін және батыл сезінетінін көрсетуге тырысты.

 

ЖҮНІСОВ  МАРАТ  ҚАЙСЫНҰЛЫ

(1947-1999)

1967 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1973 жылы Ленинградтың И. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет институтын бітірген. Кескіндеме өнерімен шұғылданды. ҚР суретшілер Одағының мүшесі Марат Жүнісов лирик суретші. Ол өз творчествосында өмірлік әсерлерін електен өткізіп, көркемдік бағытта баяндады. Оның портреттеріндегі, пейзаждарындағы образдар түрлі-түсті күйге еніп, қоюланып, оның астарынан адамдар  мен жануарлардың, символдық бейнелері пайда болады. Суретшінің полотноларында ғарыш, жер, табиғат, тipi тipшілік  бip тұтастық тауып жатады.

 

КРЫЛОВ ВИКТОР ИВАНОВИЧ

(1928-1978)

1949 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1955 жылы Латвия сурет Академиясын бітірген. Кескіндеме, графика, мо­нумент өнерімен шұғылданды. КССР суретшілер Одағының мүшесі, ҚР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Сурет­шілер Одағы Қарағанды облыстық ұйымын құрушылардың  бipi және оның басқармасының алғашқы төрағасы.

Виктор Крыловтың творчестволық диапазоны өте кең. Ол бейнелеу өнерінің барлық салаларында еңбек eттi. Тұрақты монументальды өнермен шұғылдану өзіндік бейнелеу стилін қалыптастырды. Ол өз жұмыстарында баяндаудан гөpi уақыт бейнесін жинақтау арқылы бере білді. Суретші әйелдер бейнесін жасағанда терең поэзиялық шығармалартуғызып, өзінің жеке үлкен сезімінкөрсетті.

 

РЕЧЕНСКИЙ ПАВЕЛ ИВАНОВИЧ

(1924-1999)

Арнайы бiлім алмаған. Кескіндеме, графика, монумент өнерімен шұғылданды.ҚР суретшілер Одағының мүшесі, ҚР суретшілер ОдағыныңҚарағанды облыстықұйымын құрушылардың  бipi.

Павел Реченскийдің тақырыбы - Жақсылық пен Зұлымдықтыңкүpeci. Оның айтар ойы айқын. Суретшінің бүкіл творчествосында кейткердің сырт көзден таса жаткан iшкі пиғылы ашылады. Қыл калам me6epiөзінің накылдары мен ертегілерінде адам мен адам арасындагы күресті әңгімеледі. Олардың барлығында күлкімен қатаркөз жасы, өкініш қоса  жүреді.Осынау күрделі философиялық, моральдық-этикалык мәселелер баршамызға етене таныс. Содан болар сырт көзге карапайым көрінетін суреттер шынайылықтың,  биігіне көтеріледі.

 

САНОСЯН САРКИС МАНУКОВИЧ

(1922-2004)

1941 жылы Ереван көркем сурет училищесінің  үш курсын бітірген. Кескіндеме өнерімен  шұғылданды.  1961 жылдан ҚР суретшілер  Одағының мүшесі, ҚР-ның, еңбек  сіңірген өнер қайраткері, ҚР суретшілер Одағы Қарағанды облыстық ұйымын  құрушылардың  6ipi.

Саркис Саносян творчестволық кең диапазондагы суретші. Ол академиялық және экспрессионист бағыттарда б1рдей еркін жұмыс жасаган суретші. Оның негізгі такырыбы -күрделі, қашанда қозғалыста болатын табиғат әсемдігі. Ол үлкен пейзаждық  серияларды дүниеге әкелді. Оларда көркемдік-поэтикалық көзқарас, қоршаған орта мен адам арасындагы бірлікті  ұғыну жатыр.

Cуретші адамдардағы творчестволық белсенділікті  урбаникалық пейзаждармен ашты. Ол қала сәулетін адамдардың қолымен жасалган «екінші» табиғат деп қарастырады. Қылқалам шеберінің  шығармаларында мемлекетіміз бен халқымыздың тарихы мен сол кезеңдегі оқиғалары дәлме-дәл  көрініс табады.

 

ШАМШИН  ВЕНИАМИН ВЯЧЕСЛАВОВИЧ

(1928-2004)

1928 жылы туған, 1956 жылы Ярослав көркемсурет училищесін бітірген, кескіндеме, графика өнерімен шұғылданды. ҚР суретшілер  Одағының мүшесі, ҚР суретшілер Одағы Қарағанды облыстық. ұйымын құрушылардың бipi. Вениамин Шамшин кескіндеменің классикалық  мектебінің дәстүрінде еңбек етті. Шығарма желісін толық  көрсете отырып, оның композициясын ойлы тізбектеп, әрбір детальға, әp6ip шағын затқа көңіл қойып, олардың  образ жасаудагы маңызына көп мән берді.  Ceбебі cypeтші өз полотноларында маңызды да күрделі мәселелерді  көтерді. Ол рухани нығаю, ішкі  күрес көркем мәдениет мәселесімен астарлас жатыр деп санады. Сондықтан да болар өзінің шығармаларына ешкімге ұқсамайтын адамдардың өмірін, музыкалық және  әдеби ұлы шығармаларды арқау erri. Суретші олардың бойындағы ғасырлар бойына жинақталған құнды өсиет, үлгі боларлық  ұлағатты келер  ұрпаққа жеткізуге тырысты.

 

УСТЬЯНЦЕВА ЛИДИЯ  ИГОРЬҚЫЗЫ 

1949 жылы туған. 1994 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетін бітірген,  қолданбалы-суретші, ҚР суретшілер Одағының мүшесі.

Л. Устьянцева гобеленде, батикте жұмыс істеп, киіз бұйымдарды  қолданғанды ерекше ұнатады. Бұл  ежелгі  техниканы жаңа түрінде дамытып, көлемді шығармалар  шығарады. Оның  шығармашылық кредосы - жайдарылық, сезімдер, ойлар, дүниені сезінудің ашық  болуы. Табиғат  пен адам арасындағы үйлесім – міне,  суретші өзінің басты мақсатын осында көріп, архитектоникалығымен, сабырлы оюлармен, түсінің талғампаздығында айырмашылығы бар өзінің  композицияларын осыған сәйкестіріп  құрайды.


ӘБЕУОВ  ӨМІРКЕЛДІ  МҰХТАРҰЛЫ

1948 жылы туған,1976 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген,қолөнерімен шұғылданады.ҚР  суретшілер Одағының мүшесі.Өміркелді Әбеуов гобелен мен ағашқа  ою салу саласында  еңбек етеді.  Ол үлкен көлемді және шағын көрмелік сюжеттік гобелендер жасайды.Cypетші  туындыларының басты тақырыбы - уақыт,ғарыштық  кеңістік. Суретші  өзшығармаларындағы образды мыңдаған жылдар бойы дәстүрлік өнер нәтижесінде туындаған,барлық халыққа түсінікті символдар арқылы шешеді.Өміркелді Әбеуов шеңбердіөміртанымның  динамикалықбастамасы, мәңгіліктің символы  ретінде қолданады. Осынаукөп мағыналы символ әртүрлі композицияда әр қырынан  танылады.Суретші  үшін уақыт –абстракциялық ұғым емес.Әp6ip кезеңнің өзіндік әлеуметтікмазмұны, өзіне тән  ағым ырғағы болады. Сондықтан  Өміркелді Әбеуовтың  жұмыстары белгілі  6ip жайға арналған. Тарихи шындық сюжет желісінің  дамуымен, солкезеңге тән белгілер арқылытанымал.

 

ӘБІЛҚАСОВ  МЫҢҒЫШ МӘУЛЕНҰЛЫ

1943 жылы туған, 1965 жылы  Алматы көркемсурет училищесін  бітірген, кескіндеме, графика өнерімен  ҚР суретшілер Одағының мүшесі, ҚР-ның  еңбек сіңірген өнер қайраткері.

Мыңғыш Әбілқасов  станоктік  картина, пейзаж,        портрет  саласында еңбек етеді  Қай жанрда да болмасын оның  жұмыстарында толық   сюжеттік  кимыл кездеспейді.  Себебі оның  ойлары ішкі  динамикаға  құрылған.Бұдан суретшінің  кескіндемелік  пластиканың  бойындағы әсерді көрсететін  толыққандылықты бұзбауды мақсат ететінін ұғыну қажет. Суретшінің  жермен аспан, дала мен aғаш, қала мен адам сияқты бойынашынайылықты жинақтаған  қарапайым желіні ұстануы адаммен тipшілік  арасындағы қарым-қатынастың  негізін  анықтау,заттар мен құбылыстардың ішкісырына қанығу арқылы рухани      түсінік  табуы деп ұғынамыз. Композициялық             құрылымның  бірқалыпты  ырғағы, көз  тартатын кеңістік  тереңдігі  өмірдің жалғасын, мәңгілік  тіршілігін байқатады.


АЙТУАРОВ    ЕРЛАН   САХИПҰЛЫ

1950 жылы туған, 1979 жылы Львов  мемлекеттік  сәндік және қолданбалы өнер институтын бітірген, кескіндеме, монумент өнерімен шұғылданады. ҚР суретшілер  Одағының мүшесі, ҚР-ның  еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның  еңбек ciңірген қайраткері, ҚР-ның  көркемөнеракадемиясының академигі. Cypeтші  тарихи картиналар, портрет, пейзаж жанрында жұмыс жасайды. Ол өзінің тарихи полотноларында қазақ  ұлтының қазақ мемлекетінің  қалыптасуындағы өте маңыздыкезеңдері жайында әңгімелейді. Тарихшылардың, археологтардың,палеографтардың қол жеткенсоңғы  табыстарына сүйене отырып, өзі  баяндап отырған оқиғаныфилософиялық, моральдық-этикалық  жағынан көркейтіп, өзіндік бір  мағынаға бөлейді. Сондықтан даболар суретші  бейнелеген тарихипроцестерді қабылдау тереңдетіліп  шынайы маңызын  күшейтеді. Ерлан Айтуаровтың  тарихиполотноларының  тілі  метафоралы, композициясының әpбip көрінісіболып жатқан оқиғаны өткенкезеңмен, сонымен қатар болашақпен  байланыстырып  оқиғаны біртұтасуақыт ағымына біріктіреді. Суретшінің  пейзаждары мен потреттерінде  детарихқа деген құштарлық байқалады.Ерлан Айтуаровтың  өткенді толық  қамту, оған  өзіндік баға беру талпынысынан халық  тарихындағы өзгерістер кезеңі көрсетіліп, халықтың тұтастығын сезінген сәті белгіленген сәулеттік-пластикалық композициятуындайды.

 

 

АМАНБАЕВ   МАНАТБЕК   САҒЫНДЫҚҰЛЫ

1959 жылы туған, 1981 жылыАбай атындағы Қазақ мемлекеттік  педагогикалық  институтынбітірген, графика өнерімен  шұғылданады. ҚР суретшілер  Одағының  мүшесі.

Манатбек Аманбаев станоктажәне линографюра мен офортбаспа техникасындағы кітапграфикасында жұмыс жасайды.Елінің  тағдырына мазаланған  суретші өз шығармаларында

дәстүрлік  күнделікті  өмір мен бүгінгі күнгі мәдени дамудыңөзара әсерін  қарастырады. Ғасырлар бойы қалыптасқанөмір салтын шайқап, дала менжартылай шөлейт жерлердің осалэкологиясына ойланбай жасалғанкеселді icкe назар аударып нақтылы тарихи кезеңдердің  белгілерін беру арқылы өзхалқының,  өз елінің  дамуының  бipжүйелі  тізбегін жасайды.Манатбек Аманбаевжаратылысынан график, ол өзкомпозицияларында  ақ пен қаратүстердің үйлесімдігін табабілген.Оның  штрихтары қанықжәне айқын.  Cypeтші   өзініңосындай ерекшелігімен жүрексезімін  жеткізе  алған.

 

БАЙКЕНОВ    МӘЛІК  РАИСХАНҰЛЫ

1944 жылы туған. 1973 жылы  МХАТ жанындағы мектеп  студияны бітірген, театрсуретшісі, акварель өнеріменшұғылданады, ҚР суретшілер   Одағыныц мүшесі, ҚР-ның  еңбек  сіңірген  өнер қайраткері.  Мәлік  Байкенов отыз жыл бойына  Қарағандының  музыкалық  комедия театрында суретші-қоюшы қызметін атқарады.Осы жылдар ішінде  ол көптегенспектакльдерді  көркемдеді.  Олар: опералар, балеттер, комедиялар, водевильдер, ертегілер. Суретші  театр  өнерінің барлық жанрларын  меңгерген, ол спектакльдерді  безендіріп қана қоймай, соныменқатар костюмдердің, гримнің, шашты жинақтаудың эскиздерін  жасап, біртұтас спектакль  ансамблін  құрайды.Станоктік  өнерде Мәлік Байкеновмайлы бояу мен акварельді  қолданады. Негізінен  портрет пенпейзаж жанрында еңбек етеді.Оның пейзаждарында жергіліктіжердің табиғи көріністерініңерекшеліктері  дәлме-дәл   беріледі. Соған қарамастан  олардың көпшілігінде белгілі бip көңіл күй суреттеледі. Оның  лирикалық пейзаждарында эссе  табиғат аясындағы  тіршіліктің өткінші екенін ұғыну  жатыр.


БАЙТЕНОВ  МӘЖИТ САДЫҚҰЛЫ

1949 жылы туған. 1969 жылыАлматы көркемсурет училищесін, 1994 жылы Қарағанды  мемлекеттік университетінбітірген. ҚР суретшілер   Одағыныңмүшесі, ҚР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері.Өз творчествосында МәжитБайтенов әртүрлі жaнpлapғa бет  бұрады. Суретші пейзаж, портрет, тұрмыстық және символдық-метафоралық картиналарында Қазақстанньң дәстүрлі  халықмәдениетіне, мәдени тарихынабайланысты сауалдардышешуге тырысады. Өзініңбойына туа біткен талантымен қоса ол өз халқының  тарихын,тұрмысын, дәстүрін  терең біледі. Соның  нәтижесінде қыл қалам шeбepi қазақтың  дәстүрлі  өнерінің  тақырыбына арналғаншығармаларды дүниеге әкеледі. Оның полотноларындағы түстік-пластикалық шешім көрерменге үлкен әсер қалдырады. Cypeтші өзінің өнер жолында қазіргі мәдениет пен көне бабалармәдениетінің арасындағыбайланысты ерекшелеп, жалпыадамзаттық мінез  тудырады. Сонымен қатар Мәжит Байтеновавангардтық тәсілдерді демолынан пайдаланады.

  

БЕГАЛИН АЙБЕК  ҚАЛЕНҰЛЫ 

1963 жылы туған, 1989 жылы  В.Суриков атындағы Москва  мемлекетік  көркемсуретинститутын бiтірген, кескіндеме, графика өнерімен шұғылданады, ҚР суретшілер Одағының мүшесі, ҚР-ның  еңбек сіңірген өнер қайраткері. Айбек Бегалиннің  полотноларында кейбір таныс  танымдар басқа күйге бөленеді дүниежүзілік  деңгейге дейін  көтеріледі  де, адамдардың өмір сүру мәселесі шешіледі. Оларморальдық-этикалық мәселелер негізінде, мифологиялықшеңберде қаралады. Суретшініңшығармаларына дәстүрлі  жақсылық  пен жамандық , күн мен  түннің  күресі арқау етіледі. АйбекБегалин кеңістік  құрылымын  қатаң  сақтап, оны жан-жақты бағыттағы  қимылдармен байытып, түстер   арқылы ойлы бip күшке бөлейді. Күрделі философиялық  жәнеэтикалық  мәселелерді шешу  үшін cypeтші  өз шығармаларындаөзіндік  бейнелеу  тілін  тапқан.

 

 

БИЛЫК АНАТОЛИЙ ПЕТРОВИЧ

1928 жылы туған. 1950 жылыДнепропетровск көркемсуретучилищесін  бітірген, мүсін өнерімен шұғылданады. ҚР  суретшілер Одағының  мүшесі,  ҚР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қарағанды  қаласыньң  құрметті  азаматы,Қарағанды суретшілер  одағын құрушылардың  бipi.Анатолий Билык көп уақытынжәне назарын монументальді өнерге береді.  Қазақстанныңкөптеген қалаларында оныңжиырмадан астам ескерткіштері  мен  монументтері  бар. Оныңішіндегі  ең  күрделілері -Н. Әбдіров ecкepткіші (Ю. Гуммельмен бipiгiп), "Кеншілер даңқы". Олардан жұртерлік  пен өрен еңбекті   көреді.Монумент саласында еңбекетудің  нәтижесінде  Анатолий  Билык  кеңістік пен  мүсін көлеміндегіқарым-қатынассырына қанықты. Ол  өзініңосы табысын потреттерінде  деқолданады.  Oған күшті,  жігерлі, өз  ісіне берілген  адамдар  ұнайды. Сондықтан да болар  көбіне-көп  ол Совет Одағының Батырларының, Социалистік Еңбек Ерлерінің  портреттерін  сомдайды. Mүсіншінің қолынанқарапайым адамның  бет-пішіні  ерекшеленіп, жекеден  гөpi жалпы  адамгершілік  мінездің  көрінісі  байқалады. Сонымен қатар ол  өзі  жақсы танитын адамдардың  портреттерін  толыққанды  етіп жасай біледі.

 

ВИКТОРОВА НАТАЛЬЯ  НИКОЛАЕВНА

1957 жылы туған, Оралкөркемсурет училищесінде оқыған, кескіндеме, қолданбалы өнермен шұғылданады, ҚРсуретшілер  Одағының  мүшесі.Наталья Викторованың  полотнолары бip ерекше тартымдылыққа ие. Ол өзіндік өзгешелігімен, ешкімге  ұқсамайтын көрініспен  берілген. Сондықтан да болар олардағы мазмұн әртүрлі.  Tіпті  шығарманың  атауынан да ешнәрсе ұғуға болмайды. Көбіне-көп оның  полотноларына әдебиеттерде кездесетін мифологияльқ тақырыптар арқау етілген. Оның картиналарындағы кейіпкерлер  таныс емес, сонымен қатар таныс та болуы мүмкін.  Олардың жүзінен  үміт, бақыт, қайғы, өкініш   және тағы  басқа осы сияқты сезімдер байқалады. Cypeтші  туындыларының  қашанда көрермендердің  назарын өзіне жіті  аударатыны да осыдан  болар.

 

ДӘУРЕНБЕКОВ  НҰРЛАН МУХАМЕДЖАНҰЛЫ

1969 жылы туған, 1989 жылыАлматы  көркемсурет училищесін  1994 жылы Қазақтың  Мемлекеттіккөркемсурет академиясын бітірген, кескіндеме  өнерімен  шұғылданады. ҚР суретшілер Одағының  мүшeci.Нұрлан Дәуренбеков көркемдік  бейнелеу бағытында  дәстүрлі  және авангардтық   тәсілдерді бірдей меңгерген. Ол өзтуындыларын стилистиқалық  бip  үлгіден екінші  үлгіге  еркін  ауысу арқылы  жеңіл де әсем  бейнелейді.  Сол арқылы  өзіндік ойын  жеткізуге  тырысады. Көп мағыналы мазмұнға  ие  композицияларында  ашық  түстерді біріктіріп, кенепті  ауамен  толықтырып, айқын  пікірді көрсете отырып сезім тұтастығын байқатады. Суретшінің  пейзаждарында, портреттері мен тақырыптық  картиналарында әдеби сюжет болмайды. Олардың  барлығында дерлік әсердің  күші басым жатыр.  Cypeтші   негізінен абстрактілі, жартылай абстрактілі  полотноларымен ерекшеленеді.

 

ECIPKEEB ҚУАНЫШ РАЙМҚҰЛҰЛЫ

1947 жылы туған, 1968 жылыАлматы көркемсурет училищесін  бітірген, кескіндеме  өнерімен  шұғылданады, ҚР  суретшілер Одағының  мүшесі.Қуаныш Есіркеев 1960жылдары жаңа  ұлттық  өнердің  негізін  қалаған Қазақстан  суретшілерінің ұрпағына жатады.Ол  өз творчествосында советтікстаноктік шығармаларға тәнбаяндау мен бейнелеу тәсіліненбас тартып, өмірдің жан-жақты мазмұнынын  іздестіреді. Осыжолда cypeтші  басты мақсаттан  ауытқымау  үшін  жеке  шағыннәрселерден бас тартады. Олкеңістікті құрғанда  көлемді әдейі  бөлшектеп, олардың әрқайсысын  өзіне тиісті  түспенбейнелейді.  Соның  нәтижесінде  форма күшейіп, түстер соның белгісі  болып қалады. Сырт көзге қарағанда  Қуаныш  Есіркеевтіңжұмыстары сырттай жансызболып көрінгенімен  оның, ішкітүстері, тарихи уақиғалардың көpіністері, мәдениет құбылысы, қоршаған ландшафтар бip қағымсәт пен мәңгілік арасындағы байланысты сипаттайды.

 

ИСЛАМОВА ФАНИЯ ЯКУБОВНА

1954 жылы туған, 1979 жылыҚазан көркемсурет училищесін бiтipгeн, кескіндеме өнеріменшұғылданады, ҚР суретшілерОдағының  мүшесі.Фания Исламова елес-қиялсуреттеріне толы символдық-аллегориялык, картиналар жасайды. Суретші холстарытүстердің алмасуы арқылыбірнеше қабаттан жасалатын, бip көлемнен екінші көлемтуындайтын күрделісемантикалық фopмaдағышығарма екенін танытады.Оның картиналарында белгілі біроқиға суреттелмейді, оларда мәңгілік қасиет жырланады.Эмоционалдық  айқындық суретшінің шығармаларынсезінуге, философиялық  ойға  жетелейді.

 

ҚАЛИЕВ  ЖАУБАСАР  ИГЛАМБЕКҰЛЫ

1945 жылы туған, 1974 Алматыкөркемсурет училищесін, 1980жылы И.Е. Репин атындағыЛенинград кескіндеме, мүсін  жәнесәулет институтын бітірген, мүсінөнерімен шуғылданады,ҚР суретшілер Одағының мүшесі.Жаубасар Қалиев өзтворчествосында классикалық мүсін дәстүрін дамытып, оныұлттық  түсінікпен байытады. Олстаноктік монументальді мүсіндебірдей еңбек етеді. Суретші өзінің, станоктік шығармаларындареспубликамыз бен өлкеміздіңмәдениеті мен ғылымын дамытуғаүлес қосқан ерекше жандардыңпортретін жасайды. Авторкейіпкерлерінің ерекше сырт пішініне қоса оның  өмip сүргенортасын баяндайды.


ҚАЛҚАБАЕВ  МҰРАТ

1948 жылы туған, 1975 жылы. Львов мемлекеттік сәндік жәнеқолданбалы өнер институтын бiтipген, кескіндеме, монумент,қоленерімен шұғылданады, ҚРсуретшілер Одағының мүшесі,ҚР-ның еңбек сіңірген өнерқайраткері.

Мұрат Қалқабаев станоктіккесіндеме, монументальді жәнеқолданбалы өнерде де бірдейтабысты еңбек етіп келеді.Соңғы жылдары қолданбалыпластикамен шұғылдануда. Ол өзтворчествосы арқылы халықтықдәстурді терең түсінетінінтанытты. Оның бұл қасиетінежоғары кәсіби шеберлігі  ұштасып өзi еңбек етіп жүрген өнердеешкімге ұқсамайтын стильдідүниеге әкелді. Оның тақырыптық киіздері  мен түкті клемдеріндегісимволдардың күрделі тоғысуыоюланған негізді  марапаттайды.Кескіндемеде cypeтші  түс пен түрдің мүмкіндіктерін зерттеп, сол арқылы өміртанымдық ұғымныңнегізіне терең  үңіледі.Мұрат Қалқабаевтың мүсіндікшығармалары сәулеттік кеңістікжүйесі арқылы жасалады. Мұндаол кескіндемедегі сияқты кеңшеңберде әсер қалдыратынүлкен тақырыптарға назараударады. Қыл қалам  шебері нeгiзгi өнердің көзіне қайта-қайтаоралып, сәулеттік-пластикалықкомпозицияларында айқын жәнекөпмағыналы бейне-формулағамән береді.

 

ҚАЛМАХАНОВ СЕЙТМАХАН ҚАЛМАХАНҰЛЫ

1940 жылы туған, 1972 жылыМоскваның Жоғары өндірістіккөркемсурет училищесін бiтipгeн, кескіндеме өнеріменшұғылданады, ҚР суретшілерОдағының мүшесіСейтмахан Қалмаханов өзінің  шығармашылық  жолынинтерьер мен экстерьерлердежұмыс жасайтын дизайнерретінде бастап соңғы  он жылынкескіндеме өнеріне арнады. Оны қазіргі кезеңдегі жаңа мәдениеттіқалыптастыруға әсер ететін ата-баба рухындағы тарихи феноменқызықтырады.Оның  полотноларында осыкезеңге дейін өзінің маңызын  жоғалтпаған дәстүрлі тұрмыспен дәстурлі  кәсіптің бейнеленуіосыдан. Олар әрқашандапайымдаулық  жағынан нанымды әpi жинақы болып келеді портрет жанрында cypeтші дәyip мен ұрпаққа тән типтікобраздарды бейнелеуді артықсанайды, соның нәтижесіндесомдаған кейіпкерлері ерекшемонументальдық  маңыздылыққаие. Суретшінің шығармаларынанөз отанына, еліне деген үлкен сүйіспеншілікті  көруге болады.

 

КИШКИС ПЕТР  ПЕТРОВИЧ

1953 жылы туған, 1983 жылыВ.Мухин атындағы Ленинград жоғары көркем-өндірістікучилищесінбітірген, кескіндеме,монумент өнерімен шұғылданады,ҚР суретшілер Одағының мүшесіПетр Кишкис метафоралықкартиналар, метафоралықәшекейлер жасайды. Оларда өміршындығы жатқан шынайы өміркөзіне жетелеу бар. Cypeтші өзкомпозицияларында сол шынайышындыққа таяғанымен оны ең соңына дейін аша бермейді.Осы бip жағдай epкіндікті, оймен сезімнің қанат қаққанынбайқатады. Сол сезімдер арқылы әpбip жеке детальдардыңжалпы өмip шеңберіндегі құндылығын аңғартасың. Қылқаламнан туындаған жіңішке,мөлдір түстермен қатар қою,бай түстер кездеседі Оныңкомпозицияларындағы кездейсоқтербелістегі  дүниелердіңтұрақтылығы - көркем кеңістіктіңөрескел оғаштығы ешқандай күдіктудырмайды.

 

 

МҰСТАФИН  БЕЙБІТ ЕРМЕКҰЛЫ

1961 жылы туған, 1983 жылыЖезқазған педагогикалықинститутын бiтipгeн, кескіндемеөнерімен шұғылданады, ҚРсуретшілер Одағының мүшесі, ҚPдизайнерлер Одағының мүшесіБейбіт Мустафин - қaзipгi кезеңніңсуретшісі. Ол сюжеттен гөpiтақырыптық бағытта жұмысжасайды. Көбіне ол қазақхалқының дәстүрлі тұрмысын,дәстүрлік ұғымын беретінтақырыптарға назар аударады.Олар уақыт кезеңінің  жалпықозғалысына ілесе алмайтынболғандықтан cypeтші белгілі бip құбылыстар мен қимылдардыметафоралық жүйедеқарастырады. Метафора бейненіеркін көрсетуге және әртүрлісезім белгілерімен толықтыруғамүмкіндік беретіні  айкын...Суретшінің полотноларындаэмоционалдық салмақты бояутүстері көтереді. Ашық түстеркөптеген ақ түстермен астасып,таза ақ түстен жер , аспан түсінеауысып, өмip күшін енгізеді.Көп тусті майлы бояу бірдежіңішкеріп, бірде толыстапполотно динамикасын анықтайды,біртұтас түстік-пластикалық дүние құрайды. Сонымен қатар картинамазмұнына кірген архитепикалық көpiнic маңызға толысып, өткенкүн, бүгінгі  күн, келер күн сияқтыүш белгілердібіріктіріп, үлкен бipсимволға айналады.

 

ОСИПЕНКО АНДРЕЙ ИВАНОВИЧ

1927 жылы туған, 1954 жылыАлматы көркемсуретучилищесін бітірген,театр cypeтшісі, кескіндемеөнерімен шуғылданады, ҚРсуретшілер Одағының мүшесі,Г. Цадас атындағы сыйлықтыңлауреаты.Андрей Осипенко өз дарыныбойынша - театр суретшісі.Суретші өзінен басқашажандардың өмір тәжірибесінен, өзі куә болған оқиғалар көріністерінен  үлгі алып, соларқылы өз өмірін байытуға құштар. Қыл қалам шеберіөзі ұққан тарихи шындықтызамандастарымен, келер ұрпақ өкілдерімен бөліскісі келедіВ. Шекспирдің, Б. Брехтың,А. Чеховтың, Н. Гогольдің,Р. Гамзатовтың  кейіпкерлерімен бipгe қиын да күрделі өмір кешеді. Оның  сценографиялары - спектакль образыныңформуласы. Олар кейін спектакль кейіпкерлерімен толықтырылады. Ал станоктік өнерде олбаяндаудан гөpi идеялар беругеталпынады. Суретші ретіндеол қазіргі адамдардың сана-сезіміндегі өзгерістерден шет қала алмайды. Андрей Осипенкокемеліне жетпеген қоғамдықрухани құрылымның  iш-жарасынкөрерменге аудармай, белглікейіпкерлердің бейнесі  арқылыбаяндап, өмірдің теңіздейтереңіне жол табады.

 

ПЛОТНИКОВ АЛЕКСЕЙ ПЕТРОВИЧ

1940 жылы туған, 1970жылы Алматы көркемсуретучилищесін бітірген, кескіндемеөнерімен шұғылданады, ҚPсуретшілер Одағының мүшесі.Алексей Плотниковбарлық жанрда жұмысжасайды, оның iшіндеерекше ұнататыны сюжетті-тақырыптық картиналар. Оның көптеген полотноларыҚарағанды кеншілерінің,металлургтарыныңеңбектеріне, ҚазақстанМагниткасына арналған. Өзінің ерекше мәнерліжазу үлгісімен суретшінатюрморттарында ашық таайқын түстердің үйлесімділігін айшықты формаларменбере отырып, пайымдаулықтәсілдерді шебер қолданады.


ПРОЦЕНКО ВЛАДИМИРАЛЕКСАНДРОВИЧ

1961 жылы туған, 1992 жылыКрасноярск Мемлекеттіккөркемсурет институтын бiтipгeн, кескіндеме өнеріменшұғылданады, ҚР суретшілерОдағының мүшесі, ҚР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері.Владимир Проценкокескіндемедегі классикалықмектептің нағыз дарынды өкілі.Ол әрдайым шынайылықтыдәлме-дәл беруге тырысады.Оның творчествосындағыбасты жанр - пейзаж. Суретшіәртүрлі ландшафтардыбейнелейді, әcipece оны кең далақызықтырады. Шексіз созылыпжатқан кеңістік мәңгілік  өмірдіелестетеді. Оларда кездейсоққажетсіз нәрселер кездеспейді.Соның нәтижесінде өзімізкүнде көpiп жүрген кең  даламен табиғат өзіндік шынайы  көрініс тауып,үлкен ұғымға ие болады. Владимир Проценконың дала ландшафтары ешкім бұза алмайтын тыныштықта жатады. Сондықтан да олардан рухани азық аласың. Биік аспан, құлашқа сыймайтын кең дала күнделікті өмірден алып ұшып мәңгілікке жетелейді.

 

РАКОВ  ИГОРЬ АНАТОЛЬЕВИЧ

1961 жылы туған, 1986 жылыПенза көркемсурет училищесінбітрген, кескіндеме өнеріменшұғылданады, ҚР суретшілерОдағанын, мүшесіИгорь Раков негізінен пейзаж,натюрморт, әйелдер бейнесінжасаумен шұғылданады.Суретшіні  белгілі бip затқызықтырмайды, оны адамжүрегіне қымбат, мәңгілік құндызаттар мазалайды. Ол қашандакөңілді жұбататын, жүректіқуанышқа толтыратын, өмipгeдеген құштарлықты күшейтетінжағдайларды бейнелеугетырысады, Cypeтші таза әсемдіктікөрсету - басты міндет депсанайды. Оның жұмыстарынанерекше бip музыкалық сезімтуындайды. Ол адамның көңілкүйін, сезімін кеңістік шеңберіндегітүстер арқылы жеткізеді Оныңполотнолары қарапайым, бipaқолардың мазмұны күрделі.

 

СМИРНОВА ЛЮДМИЛА ПАВЛОВНА

1949 жылы туған, 1969жылы Алматы көркемсуретучилищесін, 1974 жылыҚарағанды педагогикаинститутының көркем-графикалық факультетін бiтipгeн, акварель, монументөнерімен шұғылданады, ҚРсуретшілер Одағының мүшесі Людмила Смирнованегізінен пейзаж саласындаеңбек етеді, соныменқатар натюрморт, жанрлықтақырыптармен шұғылданады.Оның акварельдеріәдемілігімен, өзіндік ешкімдежоқ ерекшелігімен, жұқапластикалық сызықтарыныңдәлдігімен ерекшеленеді. Cypeтші әсемдікке дегентаңданысын полотноғатүсігенде ерекше бipүйлесімдтілік табады. Сондықтанболар cypeтші өзінің осы бip ceзiмiн еркін, кескіндемелікжаңа тәсілдермен көрсетеді.Шағын компоненттердентұратын суретшінің  жұмыстарытерең  ішкі сезімді аша алады. Cypeтші пейзаждарында ОртаАзия, Ресей, Польша, Қазақстанжерлерінің, ерекшелігіндәлме-дәл береді. Ол халықмәдениетінің, бағытын, ұлттықерекшелігін жақсы сезінедіжәне оны тарихи жалғыз бipсәт арқылы бүкіл ел ғұмырынелестетеді.

 

СНИЩУК ПЕТР ПОЛИКАРПОВИЧ

1945 жылы туған, 1970 жылыАлматы көркемсурет училищесін бiтipгeн, мүсін өнеріменшұғылданады, ҚР суретшілерОдағының мүшесіПетр Снищук ағашты оюмен

шұғылданады. Ол өзініңсаусақтарының ұшымен өзiеңбек ететін материалдыңжылылығы  мен нәзіктігін жақсысезінеді. Cypeтші мүсін, жіңішкерельефтер, сәндж оюларыарқылы ағашты жандандырады. Cypeтші ізденісінің негізгі  рухани байлық, пен өмipгe дегенқұштарлық. Бұл қасиеттер оныңДева Марияға арналған рельефтіикондарында кездеседі. Олардаана мен баланың арасындағы бip-бipiнe деген жылы сезімгеболашақтың қайғысы көлеңке түcipeтiн сияқты. Шебер өзтуындыларында негізіненфольклорлық бейнелерге назараударады. Олар оның туғанжері Украинаның табиғатында көpiнic табады. Нәзік те балғынқыз денесі ағашпен тұтасыпжапырақтар мен бұтақтардыңжанында нәзік және әсем болыпкөрінеді.

 

 

ЦОЙ АЛЕКСЕЙ

1929 жылы туған, 1970 жылыАлматы көркемсурет училищесінбітірген, мүсiн өнеріменшуғылданады, ҚP суретшілерОдағының мүшeci.Алексей Цой өз жұмыс жолынкенші болып бастағандықтан,оның жұмыстарының нeгiзiкеншілер еңбегіне арналған. Ол өз кейіпкерлері мен олардыңеңбектерін әңгімелеп қана қоймай, оларда әлеуметтік-психологиялық мәселелердіде көтереді. Суретшініңтворчествосы жанр жағынансантүрлі.  Суретші Қарағандыкеншілерінің  портреттерінде үйлестіктіл бере отырып әртүрліұлт өкілдерінің бip мақсатбағытындағы бірлігін көрсетеді.Оның мүсіндік композицияларыеңбектің адамға көрсететін әcepiн жырлайды.Соңғы жылдары Алексей Цоймүсінмен қатар кескіндеме өнерімен де шұғылдануда. Олөз полотноларында сталиндкрепрессия тақырыбынкөтереді Қатаң кезең  қайғысынкөрсетпесе де өкініш ceзiмі кepiнic бepeдi, сонымен қатарадамдар арасындағы әдемімахаббат, жылы достық сезімдеріжырланады.

 

ЩЕГОЛИХИН СЕРГЕЙ ДАНИЛОВИЧ

1953 жылы тyғaн, 1977 жылыБСО жанындағы қалпынакелтіру орталығы Ленинградполитехникумының көркемсуретбөлімшесін бітрген, кескіндемеөнерімен шұғылданады,ҚР  суретшілер Одағының мүшесіСергей Щеголихин лирикажәне қала пейзажы саласындажұмыс жасайды. Өзінқоршаған ландшафтардыңқарапайым әсем көpiнiciнeкөз тоқтатып, оның өзгерістегітipшілін бейнелейді.Дарынды кескіндемеші  ерекшекомпозициялар іздемейді,әшейінде көзге түсе бермейтіннәзік түстер арқылы табиғатжағдайының сол сәттегі көңіл-күйін, өмірді сезіну түйсігінбере алады. Tiптi көңілсіз қоңыр-салқын күздің күндерінғажайып күн сәулесін байқауғаболады. Егер де ол ашықкұнді суреттейтін болса, ондаполотноның үстіңгі жағынантөгілген күн сәулесінен бар тipшiлiк жадырап, жайнаптұрғандай әсер қалдырады.

 

 

ӘЛИАҚПАРОВ  МАҚАШ ТЫНЫШТЫҚПАЙҰЛЫ

1937 жылы туған, 1966 жылы Семей Мемлекеттік медициналық институтын бiтipгeн. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, графика өнерімен шұғылданады, ҚР суретшілер Одағының мүшесі. Ұстаз, ғалым, cypeтші Мақаш Әлиақпаровтың eciмi оның әртүрлі ғылыми атақтарын айтпағанның өзінде, cypeтші peтінде де қарағандылықтарға жақсы танымал. Cypeтші шығармаларының нeгiзi Абай тақырыбына арналған. Оның шығармалары Қарағанды, Семей, Алматы, Мәскеу және Италияның Милан қалаларындағы көрмелерге қатысты.

 

АЙТУАРОВ  ДАУЛЕТ ЮСУПОВИЧ

1956 жылы туған, 1987 жылы Ленинградтың И. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнepi институтын бітірген, графика және қолданбалы өнермен шұғылданады, ҚР суретшілер Одағының мүшесі.

Бейнелеу өнерінің, көптеген жанрларымен шұғылдана отырып Даулет Айтуаров акварельді басқалардан жоғары қояды. Heгізінен ол табиғаттың әсем көркін, табиғаттан көpiп-байқағанын кейбір кездерде қиялдан туған кескіндемелер сипатында беруге талпынады. Олардың бәpiн жай ғана табиғат көріністерінің ерекшеліктері деп қана түсінуге болмайды, олар суретшінің түpлi дүниелердің iшкі сырын айтқысы келген көркемдік әрекеттері деп ұғыну қажет.

 

АРЕНТ ВИКТОР АНТОНОВИЧ

1960 жылы туған, 1993 жылы Красноярск Мемлекеттік көркемсурет институтын бiтipгeн, ҚР суретшілер Одағының мүшесі.

Виктор Арент керамикамен жұмыс жасайды. Осы бip күрделі материал арқылы ол Қарағанды саябақтары мен көшелерініңсәнін келтірген көптеген көркем де қолданбалы мүсіндер жасады. Оның шығармалары қала көркіне еніптұpғaн көптеген кафелер мен ресторандардың және қоғамдық орындардыңинтерьерлерін безендіруге арналған. Ол түрлі формаларды айшықты өрнектеу арқылы сәтті стилизация жасай отырып адамдарды көркемдік ойға жетелеуге тырысады.

 

БАГРАМОВ  ИГОРЬ  МАРАТОВИЧ

1961 жылы туған, 1986 жылы Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтын бітірген, кескіндеме, графика өнерімен шұғылданады, ҚР суретшілер Одағының мүшесі. Игорь Баграмов өзінің, шығармаларын сәнді үйлесімділікке әуестену арқылы шарттылауға ұмтылады. Оның туындылары бөгде әpi күрделі құрылымдарымен, қиялдың күрделілігіме, философиялық толыққандылығымен ерекшеленеді. Суретшіге тән қажеттілік - заттар әлеміндегі ерекше белгілер мен көркемділікті нақтылы көрсете білу. Осындай қарапайым үйлесімділік арқылы образдың символикалық әсемдігін көрсету мүмкіндігі туындайды.

 

БЕКСҰЛТАНОВ  АМАНГЕЛДІ ҚУАНЫШБЕКҰЛЫ

1951 жылы туған, 1972 жылы Алматы көркемсурет училищесін бiтipгeн, мүciн өнерімен шұғылданады, ҚР суретшілер Одағының мүшесі.

Амангелді Бексұлтанов станоктік және монументальді мүсінде жұмыс жасайды. Ол өз творчествосында әдеби мазмұннан бас тартып, образдарды көлем мен кеңістік арасындағы қарым-қатынас арқылы шешеді. Осы eкeyi шығарма пластикасын құрудағы бастама болып саналады. Cypeтші оны басты тipeк деп санайды.

 

 

БОЛЮХ АЛЕКСАНДР  ИВАНОВИЧ

1949 жылы туған, 1976 жылы Орал қолданбалы өнер училищесін бiтірген, мүciн, кескіндеме өнерімен шуғылданады, ҚР суретшілер Одағының мүшесі.

Александр Болюх мүсінмен қатар кескіндеме өнерімен де белсене жұмыс жасайды. Ол ең қарапайым тақырыпты қозғай отырып айтарлықтай ой мен оқиғаның мәнді мәнерленуі арқылы философиялық және эмоционалдық байсалдылықты танытады. Бейнелеу мақамы кейде «тікенекті» өткір, кейде нәзік болғанымен, қоршаған орта мен күнделікті өмiр  болмысын шынайы бейнелейді.

 

БОЛЮХ НАДЕЖДА ГРИГОРЬЕВНА

1954 жылы туған, 1976 жылы Орал қолөнер училищесін бітрген, қолөнерімен шұғылданады, ҚР суретшілер Одағының мүшeci.

Надежда Болюхтын, шағын пластикалары - оншақты күлдіргі көpiнicтep, аңғырт, мейірман, әcepлi кейіпкерлер, ол қуанышқа толы, күлкіге мол, бақытты сәттер. Олар - өз өмipiнің кейбір елеусіз кезеңдері ашылатын сәттер жайындағы әңгіме. Осындай қарапайым, "кішкентай" адам бip сәтке болса да маңызға ие болып, өз қажеттілігін дәлелдеп тұрғандай. Суретші бұл жайларға бaғa бермейді, ол тек шынайы махаббатпен оларға үңіле  қарайды.

 

 

 

ECIPKEEB  МЕЙРАМ  РАЙМҚҰЛҰЛЫ

1950 жылы туған, 1973 жылы Қарағанды политехникалық институтын бiтipгeн, кескіндеме өнерімен шұғылданады, ҚР суретшілер Одағының мүшесі.

Мейрам Есіркеев арнайы білім алмаса да табиғи талабының арқасында өзінің ерекше шеберлігін  көрсете біді. Көбіне ол дала табиғатын жазғанды ұнатады. Cypeтші сайын даланың жыл мезгілдеріне байланысты құбылып өзгеруін күрделі реңдердің үйлесім табуы арқылы шебер суреттейді Мей­рам Есіркеевтің полотнолары нағыз монументальдық туындылар.

 

ИМАНАСОВ ВАЛЕРИЙ НИКОЛАЕВИЧ 

1950 жылы туған, 1971 жылы Алматы көркемсурет училищесін бiтipгeн, графика өнерімен шұғылданады, ҚР суретшілер Одағының мүшесі.

Валерий Иманасовтың шығармалары қазіргі кезең немесе өткенді ойға салатын пайымдаулар арқылы өрнектелген. Суретші өзінің әpбip туындысындағы сюжеттік мазмұнды уақыт кеңістігіндегі өзгерістер арқылы қарастырады. Ол үшін ең қажеттісі өткен кезең мен қaзipгi уақыттағы жаңалық. Суретшіге тән ерекше белгі әдетке айналған композициялық әдіс-тәсілдермен шектелу ғaнa емес, тарихи өзгерісте болып жатқан күнделікті өмipді өзіндік көркемдікпен шеше білу.

 

 

ИСЛАМОВ ФАРХАТ ФАРТОВИЧ

1959 жылы туған, 1979 жылы Қазан көркемсурет училищесін, 1992 жылы Львов полиграфиялық институтын бітірген, кескіндеме өнерімен шұғылданады, ҚР суретшілер  Одағының  мүшесі.

Фархат Исламовтың шығармашылығы образдың көп мағыналылығымен, қиялдың шегіне жеткен жасандылығымен ерекшеленеді. Cypeтші тарихқа жиі көңіл аударады, жеке халық пен мемлекет тарихына ғана емес, адамзат тарихы туралы ой қозғайды. Сол арқылы ол адамзат психологиясының маңызын түсінуге, нақтылы дәлелдеуге ұмтылады. Сондықтан да Фархат Исламовтың шығармала­ры көрермендерді көркемдік тәсілдер астарындағы құпия ойды шешуге жетелейді.

 

ҚАЛМАХАНОВ АЙДАРХАН СЕЙТМАХАНҰЛЫ

1972 жылы туған, 1993 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қа­рағанды мемлекеттік университетін бітірген, мүсін өнерімен шұғылданады, ҚР суретшілер Одағының мүшесі. Айдархан Қалмахановтың мүсіндік шығармалары бeлгілі бip сәулеттік ортаның сыңары тәріздес. Әдетте оның мүсіндері мейлінше іріктелген, жинақталған сәулеттік ортада үйлесім тауып, кeңicтікті байыта түседі.

 

 

ҚАЛМАХАНОВ  МӘДИХАН СЕЙТМАХАНҰЛЫ

1974 жылы туған, 1997 жылы Қазақ Мемлекеттік көркемсурет академиясын бітрген, кескіндеме өнерімен шұғылданады, ҚР суретшілер Одағының мүшесі.

Мәдихан Қалмаханов сюжетті-тақырыптық және табиғат жанрында еңбек етеді. Ол жасаған табиғат көріністері сайын даланың өзіндік әсемдігін бере білген. Сюжетті-тақырыптық шығармаларында халқымыздың тұрмыстық өмірін образды жинақтау арқылы шебер көрсете білген.

 

 

КЕҢЕСБАЕВ  ТӨЛЕУҒАЛИ АЛМАЗҰЛЫ

1944 жылы туған, 1974 жылы Мәскеу полиграфиялық институтын бiтipгeн, графика өнерімен шұғылданады, ҚР суретшілер Одағының мүшесі.

Төлеуғали Кеңесбаевтың cүйікті тәсілдерінің бipi – линогравюра. Сол арқылы ол индустриалды табиғат көріністерін тарихи пайымдауларды, портрет жанрын аша түседі. Замандастарының күрделі де өзгеше ерекшеліктерін кейіпкерлердің қимыл әрекеті арқылы ерекшелейді Бұл оның бойына біткен табиғи қасиеті.

 

КИМ ВЛАДИМИР ВИКТОРОВИЧ

1936 жылы туған, 1959 жылы Алматы көркемсурет училищесін бiтipген, кескіндеме өнерімен шұғылданады, ҚР суретшілер Одағының мүшесі.

Владимир Кимнің шығармалары классикалық және алыстағы өз отаны өнеріндегі сәйкестікті өзінше жүйелеуге бейімделген. Ол үшін суретші табиғат көpiнicтеріндегі, портреттер мен натюрморттардағы ерекше белгілердің бip-бipiнe үйлесімділігін мұқият көрсетеді, дәлме-дәл жазып шығады. Оның шығармалары негізінен қаладағы көше қиылыстарын, саябақтардағы аллеяларды, қарапайым гүлдерді, үйреншікті өмip тыныштығын бейнелеуден тұрады. Ол ішкі жан дүниесінде шоғырланған ойды тыныштық арқылы шешуге ұмтылады.

 

КИМ ВЛАДИМИР ПАВЛОВИЧ

1938 жылы туған, 1980 жылы Саран педагогикалық училищесін бiтipген, кескіндеме өнерімен шұғылданады, ҚР суретшілер Одағының мүшесі.

Владимир Ким көбінесе табиғаттың әсем көркін бейнелеуді ұнатады. Оны қызықтыратын нәрсе - табиғаттағы өзгеріп тұратын көңіл күйді жан сезімімен қабылдау. Cypeтші эмоциональды өзгешеліктер арқылы импрессионизмді ұстана отырып образды aшуға құмартады. Владимир Кимнің, жазу мәнері - қысқа дақтар арқылы таза түстерді ала білу. Оның жұмыстары көп қабатты, сол арқылы кенеп беттіндегі ерекше тереңдікті, қимыл қозғалысты сезіне білуге тырысады.

 

 

ҚҰРЫМБАЕВ АЙНАБЕК ПЕРДЕҚҰЛҰЛЫ

1956 жылы тyғaн, 1994 жылы Қарағанды педагогикалық институтын бітірген, мүсін өнерімен шұғылданады, ҚР суретшілер Одағының мүшесі, ҚР дизайнерлер Одағының мүшесі.

Айнабек Құрымбаев монументальдық әpi станоктік мүсін жанрында бірдей жұмыс жасайды.

Оның шығармаларының тақырыбы өте бай. Олар халқымыздың дәстурлі салтына, әдет-ғұрыпына байланысты ұлттық ойындар. Mүciнші шығармаларындағы ұлттық нақыш пен үйлесімді пластикалық форма күрделі өрнек өнеpiн кeлicтi стилизациялау арқылы мүciн жанрын жаңа бip көркемдік биікке көтереді.

 

МАЖИТОВА ТАҢСЫК СӘБИТБЕКҚЫЗЫ

1967 жылы туған, 1990 жылы Арқалық педагогикалық институттын  бiтipгeн, қолданбалы, кескіндеме өнеріме шұғылданады, ҚР суретшілер Одағының мүшесі.Соңғы жылдары cypeтші батикке ерекше көңіл  аударуда.Жануарлардың өзндік көркі мен қимыл-әрекеттері оның шабыттануына өскелең рух берді.Таңсык Мажитованың түрлі стилизациядағы өте нанымдыда әсем формаларды үйлестіре білyi ерекше талғам иeciекенін танытады. 

 

НОВОПОЛЬЦЕВ НИКОЛАЙ АЛЕКСАНДРОВИЧ

1948 жылы туған, 1969 жылы Пенза көркемсурет училищесін бітірген, мүсін өнерімен шұғылданады, ҚР суретшілер Одағының мүшесі.

Николай Новопольцев өзінің дарындылығының арқасында нағыз монументалист мүciнші екенін көрсете білді, оның орындауындағы қомақты мүсіндер, өрнектер мен рельефтер қаламыздың сәулеттік көркіне сән бepiп көркемдік образ ретінде бойлай еніп тұр.

 

 

ПАЦЮРА АЛЕКСАНДР АНТОНОВИЧ

1967 жылы тyғaн, 1996 жылы Е.А. Бекетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетін бітірген, кескіндеме өнерімен шұғылданады, ҚP суретшілер Одағының мүшесі Александр Пацюра өз шығармаларында негізінен көпшілікке белгілі христиандық тақырыптарды қазіргі кезеңге сай өзіндік нақыштармен бейнелейді Оның шығармаларының сюжеті икондық дәстүрден бастау ала отырып өзіндік көркемдік мәнерімен пайымдау арқылы iшкі әлемді танытады. Суретшінің осындай көркемдік тәciлi көрерменді ерекше күйге бөлеп, терең oйғa жетелейді.

 

 

РАКОВА ЕЛЕНА АЛЕКСАНДРОВНА

1959 жылы туған, 1987 жылы Алматы театр-көркемсурет институтын бiтipгeн, қолданбалы өнермен шұғылданады, ҚР суретшілер Одағының мүшесі.

Елена Ракованың творчествосы тұрмыстық жанр - батик өнеріне арналған. Оның батиктеріөте қарапайым қуаныш, нәзіктік,әлсіз мұң сияқты сезімдерді бере білген. Өз туындыларында суретші ашық түстердіқолданбай-ақ жылы да нәзікқоңыр, күлгін түстер арқылы жылылықты, көңілдіceзiмдіұстай білген.

 

РОЛЬЯН ТАТЬЯНА ГРИГОРЬЕВНА

1949 жылы тyғaн, 1971 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1994 жылы Қарағанды педагогикалық институтыныңкөркем-графикалық факультетін бітірген, қолөнерімен шұғылданады, ҚР суретшілер Одағының мүшесіТатьяна Рольян керамика саласымен шұғылданады. Суретшіге көптеген жанрлардың сыры белгілі.Үлкен тақырыптықпанно, сәндік мүсіндерге қоса шағын пластикамен де шұғылданады. Суретшіөз еңбектерінде таза сәндік негіздіұстанбайды. Оныңқолынан шыққан шығармаларда адамдар арасындағы, табиғат пен адам арасындағықарым-қатынас әңгімеленеді.

 

 

СУВОРОВА ГАЛИНА АЛЕКСАНДРОВНА

1959 жылы туған, 1981 жылы Краснотуринск көркемсурет училищесінбітірген, қолөнерімен, модельерлік өнермен шұғалданады, ҚР суретшілер ОдағыныңмүшесіГалина Суворованыңтворчествосында әсемдік заңына сәйкес - әйелдердімадақтау идеясы жатыр. Қолөнер шeбepiбұл тақырыпты әртүрліғасырларда, әртүрліхалықтарда сақталған ұғым деңгейіне дейін көтеріп, оны эстетикалық, этикалықжағынан қарастырады. Коллекциялар жасау сәттерінде ол дәстүрліұлттықкиімдерден шабыт алады. Сол арқылы көрермендердібелгілітарихи кезеңніңрухымен толықтырады. Оныңтеріден жасалған станоктікпейзаждары мен натюрморттары айшықталғанқарапайымдылығымен ерекшеленеді.

 

 

ФРОЛОВ ЛЕОНИД НИКОЛАЕВИЧ

1946 жылы туған, 1968 жылы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген, акварель, қолданбалы өнермен шұғылданады, ҚP суретшілер Одағының мүшесі.

Леонид Фроловтың акварелі - қашанда әлемдегі жаңалықтарды ашу. Онда табиғаттағы сұрапыл апатты құбылыс, тұрмыстағы мәңгілік құндылық үстемділік етеді. Ол нұсқамен айналысқанда айбынды әсем ландшафт пен қарапайым тұрмыстық заттардағы батылдық пен ұқыптылықты таныта біледі. Оның шығармаларының мазмұны iшкі ойдың тереңдігімен, бейненің әлеуметтік маңыздылығымен ерекшеленеді.


ШАЙКЕЖАНОВА  ЛӘЗЗАТ АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ

1970 жылы туған, 1994 жылы Қарағанды педагогикалық институтын бітірген, кескіндеме, графика өнерімен шұғылданады, ҚР  суретшілер Одағаның мүшесі. Ләззат Шайкежанова көпке танымал, өзіндік қолтаңбасы  бар жас суретші. Оның айшықты жеке үлгісі әдеттен тыс ойлау қасиетімен ерекшеленеді. Күнделікті тipшілік өзгеге ұқсамайтын бағытта қабылдау, соның нәтижесінде заттардың шынайы мазмұнын пайымдау пайда болады.

 

 

 

БАЛКЕНОВ ЖҮРСІН ШАЯХМЕТҰЛЫ

1945 жылы туған, 1971 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бiтipгeн, өнертанушы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР суретшілер Одағының мүшесі.

Жүрсін Балкенов көп жылдар бойы өз күші мен білімін жас ұрпақ тәрбиелеуге, болашақ суретшілер мен дизайнерлер мамандарын дайындауға жұмсады. Ол халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық конференцияларға қатыса отырып, бейнелеу өнepi саласында көптеген ғылыми еңбектер, моно­графия, оқу құралдарын,мақалалар,Қазақстан суретштерінің шығармаларына арналған каталогтар шығарды. Жүрсін Балкенов дәстүрлі улттык өнерді зерттеп насихаттаумен қатар кескіндеме өнерімен де шұғылданады.

 

ГАВРИЛОВА ЕВГЕНИЯ ПОРФИРЬЕВНА

1938 жылы туған, 1966 жылы И. Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсінн және сәулет өнepi институтын бітірген, өнертанушы, мәдениеттанушы, ҚР суретшілер Одағының мүшесі.

Евгения Гаврилова Қарағанды облысында бейнелеу өнерінің даму мен өркендеу тарихы саласындағы көптеген мақалалар мен каталогтардың авторы, халықаралық одақтық республикалық ғылыми теориялық және ғылыми-практикалық конференцияларға қатысқан. Соңғыжылдары КарЛАГ туралы мо­нография шығарып, тоталитарлық қоғамның көркемөнерге жасаған қиянатын кеңінен аша білген өнерзерттеуші.

 

ДАРАЕВА ЛЮДМИЛА ИВАНОВНА

1947 жылы туған, 1973 жылы Ленинградтың И. Репин атындағы кескіндеме, мүciн және архитектура институтын бітірген, өнертанушы, мәдениеттанушы, ҚР суретшілер Одағының мүшесі.

Людмила Дараева өзінің монографиялық көптеген мақалаларында, буклеттері мен каталогтарында Қарағанды бейнелеу өнерінің даму жолын ашып, жеке суретшілердің шығармаларындағы көркемдік пен мәдени құндылықтарын заман талабына сай сын көзқараспен қарастырған. Ол халықаралық одақтық республикалық ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірибелік конферен­цияларға қатысқан.

 

 

ЗОЛОТАРЕВА ЛАРИСА РОМАНОВНА

1944 жылы туған, 1982 жылы М. Горький атындағы Орал мемлекеттік универ­ситетін бітріген, өнертанушы, мәдениеттанушы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР суретшілер Одағының және халықаралық өнертанушылар Одағының мүшесі.

Лариса Золотарева ұстаздық қызметке өте үлкен көңіл аударады, бейнелеу өнеріне арналған көптеген оқулықтар мен мақалалардың, буклет пен каталогтардың авторы. Өнер туралы жазған мақалалары, буклеттері және каталогтары Қарағанды суретшілерінің, шығармаларына арналған. Халықаралық одақтық, республикалық ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысқан.

 

ИВАНИНА НАТАЛЬЯ ИВАНОВНА

1948 жылы туған, 1972 жылы Ленинградтың И. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнepi институтын бiтipгeн, өнертанушы, ҚР суретшілер Одағының және халықаралық өнертанушылар Одағының мүшесі. Наталья Иванина Орталық Қазақстанның бейнелеу өнерінің даму тарихына, монументальды және сәулет өнерінің қалыптасуына, дәстүрлі қазақтың ұлттық өнерінің көркемдік ерекшеліктеріне арналған бірнеше монографияның көптеген буклеттердің, каталогтардың және мақалалардың авторы. Қуғын-сүргін көрген суретшілердің бейнелеу өнepi саласындағы рухани және көркемдік мұрасын зерттеушілердің бipi. Сонымен қоса Қарағанды бейнелеу өнepi мұражайында құнды материалдарды, бeлгілі суретшілердің туындыларын жинақтауда үлкен үлес қосты. Халықаралық, одақтық ғылыми-теориялық конференцияларға қатысқан.

 

 

КУРИЦЫН  АЛЕКСАНДР  ФЕДОРОВИЧ

1950 жылы туған, 1977 жылы Қарағанды мемлекеттікполитехникалық  институтын бiтipгeн, ҚР-ның еңбек сіңіргенмәдениет қайраткері.Александр Курицын отыз

жылғa жуық  ҚР суретшілерОдағы Қарағанды облыстық ұйымында еңбек етіп келеді. 1979-1983 жылдары оның тікелейжетекшілігімен Қарағандықаласында көркем-өндірісті  комбинат салынды. Онда

монументті және монументті-әсемдік туындылар, мүсіндікшығармалар темір, қола, гранит,тас, ағаш, керамика сияқтызаттардан жасалады. Қоламенмүсіндер құю технологиясытұңғыш рет Республика өндірісінеАлександр Федоровичтің,ынтасымен жүзеге асырылды.Александр Курицын 1992 жылданбастап ҚР суретшілер ОдағыҚарағанды облыстық суретшілер ұйымының өндіріс саласынабасшылық жасайды. Ол еңбекеткен жылдары монументтімүсіндік шығармалардың 70-кежуығы құйылып шығарылды.Олар бұл күндері  Қазақстанқалаларының сәнін келтіріп,рухани, эстетикалық  жоғары ортақұруға әcepiн тигізуде.