Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Қошқарбаев Шашубай

Қошқарбаев Шашубай
(1865- 1952)


Шашубай Қошқарбаев-қазақ халық ақыны, әнші-композитор. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1941). Жасынан домбыра, сырнай, гармонь тартып, ақындық әншілігімен аты шығады. Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Мәди, Ғазиз сияқты Арқаның атақты әнші, сал –серілерімен кездесіп, тәлім-тәрбие алады. Шашубайдың ел арасында «Майда қоңыр», «Жетім қыз», «Сырғақты», «Кедейлік» әндері кең тарайды.Ақын ауыз әдебиеті үлгілерін кеңінен насихаттап, жұртшылыққа таратқан («Ақтамберді», «Қамбар», «Сұраншы –Бөкей» т.б. дастандар). 1909 жылы Жетісуға келіп, Жамбылмен айтысады. Кеңес өкіметі тұсында жаңа заманды орнатуға белсене қатысып, Отанды шабытпен жырға қосады. Ақынды жұмысшы тақырыбы көбірек толғандырып, Қарағанды, Қоңырат, Балқаш кеншілері өміріне көптеген шығармаларын арнайды. Ұлы Отан соғысы жылдары майдан мен тыл өмірін бейнелегенерлікке толы патриоттық жырлары кеңінен тарады. Жер-жерлерде ақындар айтыстарын ұйымдастыруға белсене қатынасты. Шашубай қазақ халық поэзиясы тарихында мысал айтысының айтулы тамаша шебері ретінде атағы шықты.Шығармалары 1934 жылдан мерзімді баспасөзде,халық ақындарының коллективтік жаинақтарында және «Сөйле,Шашеке» (1942), «Ақ қайың» (1984), деген атпен жеке кітап ретінде жарық көрді.
Әдебиеттер:
Шашубай Қошқарбаев:[ Қысқаша өмірбаяны] //Қазақ ССР. 4 томдық қысқаша энцикл. /Бас ред. Р.Н. Нұрғалиев.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1989.-Т.4.- 628 б.