Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






ТЕРЯЕВ ПЕТР ИОСИФОВИЧ

ТЕРЯЕВ ПЕТР ИОСИФОВИЧ (1922-1945), гвардия майоры, Кеңес Одағының Батыры (1945 ж. қаза тапканнан кейін). Қарқаралы ауданның Бүркітгі ұжымшарында туған. Орынбор әскери-әуе училищесін бітірген (1943). 1940 ж. Кеңес Армиясы қатарына шақырылған. 191 рет ұшып, жауынгерлік тапсырма орындады. Украинаны, Белоруссияны және Литваны азат ету кезіндегі әуе шайкастарында Қызыл Тулы Суворов орденді 1-гвардиялық Сталинград штурмдық авиациялық дивизиясының 76-гвардиялық Мелитополь штурмдық авиация полкінің құрамында шайқасты. 1945 ж. 15 ақпанда Кенигсберг қаласының ауданда болған ұрыс кезінде жалынға оранған ұшағын жау техникасы шоғырланған жерге бағыттап, ерлікпен қаза тапты. Ленин орденімен, 3 рет Қызыл Ту орденімен, Александр Невский орденімен марапатталған.