Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






САТЫБАЛДИН ҚАПАН

САТЫБАЛДИН ҚАПАН (1917-1969 ж.), жазушы, драматург, публицист. Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1939 ж.). Ұлы Отан соғысына қатысқан, әскери тілші. 1945-1969 ж. «Қазақфильм» киностудиясында, «Жұлдыз» журналы мен «Қазақ әдебиеті» газеті редакцияларында, Қазақстан, Жазушылар одағы баскармасында қызмет істеді. Шығармалары «Қарағанды пролетариаты» газетінде 1936 жылдан басыла бастады. Алғашкы жинағы — «Мен жырлаймын» 1938 ж. шықты. Кейін «Асан кайғы және Жамбыл», «Мәскеу—Еділ», «Әлия» т. б. поэмаларын, «Сілтенген семсер» (1943 ж.), «Махаббат машахаты» (1961 ж.), «Ұзак жол» (1969 ж.), «Сәкен Сейфуллин» (1969 ж.), «Қабаған ит» (1964 ж.) пьесаларын жазды. Н. А. Некрасов, И. А. Крылов, Г. Гулиа т. б. шығармаларын қазақ тіліне аударды. Сатыбалдин өз шығармашылығында қазақ халқының басынан кешкен тарихи-революцияны бейнелеуге тырысты, ұрпақтар сабактастығын және қазақ даласында болып өткен әлеуметтік өзгерістердің тарихи мәнін көрсетті. Сатыбалдиннің құрметіне Қарағандыда көше аталған.

Шығарма: Шығармалар жинағы, 4 томдык..— А., 1972-75.