СЕЙФУЛЛИН СӘКЕН

СЕЙФУЛЛИН СӘКЕН (Сәдуакас; 1894-1938 ж.), қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушы жалынды ақын, айбынды күрескер, қоғам қайраткері. 1905 ж. Өспендегі қазақ-орыс мектебіне түседі. 1909 ж. Ақмоладағы екі сыныпты приход мектебіне ауысып, оны тәмамдағаннан кейін қалалық училищеде оқуын жалғастырады. 1913 ж. Омбының оқытушылар семинариясына көп қиындыкпен қабылданады. Осында қазақтың ұлы акыны Мағжан Жұмабаевпен үш жыл бірге оқиды. Қазақ жастарының көмегімен 1914 ж. «Өткен күндер» атты өлендер жинағын шығарып, мәдени-ағарту мақсатын көздеген «Бірлік» қоғамының сол қанатын басқарды. Омбы жұмыскерлерінің өмірімен танысып, Феоктист Березовский сияқты революционер жазушымен жақын болуы Сәкеннің ағартушы-демократтық көзкарасының өрістей қалыптасуына жағдай жасаса, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы күрес жолын тандау қажеттігін сездіреді. Омбы полициясының қара тізіміне 1914 ж. іліккен Сәкен өзінің ізін бағып жүрген тыңшыларға қарамастан 1916 жылғы санақ алу жұмысына қатысуы, Бұғылы ауылында бала оқытуы, Ақпан төңкерісі кезінде қала жатақтарымен тағдыр тәлкегін бірге бөлісуге бел байлауы, Акмолаға келе сала «Жас қазақ» ұйымын ашуы, 1917 ж. «Тіршілік» газетін шығаруы, замана жайын түсіндіруі, Қазан төңкерісін қуанышпен қарсы алып, қалам мен қаруды тең ұстауы әшейінгі жастық желігі емес еді. Күрескерлік сананың әсерімен Ақмола совдепінің президиум мүшесі және халық ағарту комиссары болып, төңкерісшіл өлең-жырдың туын көтерді, таптық сыңай танытты. 1918 жылдың маусымында тұткынға алынып, атаман Анненковтың азап вагонында ажалмен алысуы, асқан ерлік көрсетуі, түрмеден қашып шығып Түркістан өтуі, Кеңес өкіметі қайтадан орнағаннан кейін Ақмолаға қайтып келіп, әлеуметтік қауырт істерге белсене араласуы азамат ақынның өнегелі өмірінің айшықты белестері. 1920 ж. бүкілқазақстандық құрылтай съезіне арнайы шақырылып, Орталық атқару комитеті президиумының мүшесі болды. Оқу халық комиссарының орынбасары, «Енбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы болып жүргенде 1922 ж. Халық комиссарлары кеңесінің төрағалығына сайланды. 1922 ж. 1915 жылдан бері жазып, «Тіршілік», «Ұшқын», «Еңбек туы» (Орынбор), «Кедей сөзі» (Омбы), «Енбекші қазақ» газеттерінде әр кезде жарияланған өлендерінен құралған «Асау тұлпар» жинағы, 1917 ж. жазылған «Бақыт жолына» мен тұңғыш революциялық «Қызыл сұңқарлар» (1920 ж.) пьесалары жеке кітап болып басылып шықты. С. Сейфуллин 1917-1925 жылдар арасында Қазақстан көлемінде өткізілген ірі науқандар, мәнді мәжілістермен қатар, бүкілодақтық съездер мен кеңестерге қатысты. 1925 ж. Қызылордадағы Халық ағарту институтының директоры, 1926 ж. Қазақ өлкелік партия комитетінің жанындағы испарттың меңгерушісі, 1927-1929 ж. Ташкенттегі Қазақ педагогика институтының (Қазпедвуз) директоры кызметін атқарып, 1929 ж. күзде Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетіне зорлықпен шақыртылды. 1934 ж. Қазақстан коммунистік журналистика институтының профессоры болды. 1927-28 ж. «Жыл кұсы» альманағы мен «Жаңа әдебиет» журналын шығаруға белсене қатысты. Ұзақ уақыт «Әдебиет майданы» журналының редакторы болды. Әдебиет пен мәдениет ісіне басшылық ететін талай ұйымдардың жетекші құрамына сайланды. 1934 ж. жазушылардың Бірінші Бүкілодақтық съезінде айбынды сөз сөйледі. Орыстың данышпан ақыны А.С. Пушкиннің қаза болғанына 100 жыл толуын атап өту жөніндегі одақтық комитеттің мүшесі және республикалық комиссияның төрағасы міндетін атқарды. Қазақ халкының тарихында, әсіресе әдебиетінде үлкен белес жасаған «Тар жол, тайғак кешу» атты роман-эссесін 1922 ж. бастап, тарихи шындықтың бетіне кірбің түсірмей, аяулы ағаларының ой-армандарын суреттеп, 1927 ж. жеке кітап етіп шығарды. Бұл екі арада «Домбыра» (1924 ж.), «Экспресс» жинақтары мен «Ұйым және еңбек шарт — жалшылар қорғаны» (1926 ж.) атты өлең-жырын жариялады. Қазақ әдебиетінде жұмысшылар өмірін суреттеудің тырнақалдысы болған «Жер қазғандар» хикаяты 1927 ж. жазылса, «Тұрмыс толкыныңда» жинағы 1928 ж. шықты. Қазақ әдебиетінің классикалық туындысына айналған «Көкшетау» дастаны 1925-1929 жылдар аралығында жазылды. Өзі өмір сүрген заманына «Советстан» (1925 ж.), «Альбатрос» (1933 ж.), «Социалистан» (1935 ж.) триптахын арнап, кезең қиындығын, аштықты, партияның, әсіресе кәрі райкомның жүргізіп жатқан саясатының қателігін әшкерелеген «Қызыл ат» дастанын жариялады. Бұлар күрескер ақынның поэзия саласындағы зор еңбегіне айғақ болса, 1922 ж. жазылған «Айша» әнгімесін 1935 ж. хикаятқа айналдыруы, қазақ интеллигенциясының қоғамдағы келеңсіз жайттарға рухани қарсылығын суреттеген «Біздің тұрмыс» романы (1932-34 ж.) және республиканың даму белестерін баяндаған «Жемістер» атты публицистикалық хикаяты, сол кездегі идеологиялық идаспакпен өнделіп, толықтырылған «Тар жол, тайғак кешудің» екінші — 1936 жылғы басылымы көркем карасөз саласындағы ірі табыстары еді. Жаңа өмірді өрге сүйреген жалынды ақынның шығармашылық еңбегінің жиырма жылдығы 1936 ж. аталып, зор құрмет көрсетілді. Қазақ жазушыларының ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған да Сәкен болды. Бейімбет сияқты ұлы дарынды кеңестік әдебиеттің даңғылына түсіруде Сәкен әрекетінің орны бөлек. Қостанайда «Ауыл» газетінде жүрген Бейімбетті «Еңбекші қазақ» газетіне жауапты хатшылыққа алдырды. Шолпан Иманбаеваны әдебиетіміздің қызыл гүліне айналдырған, төңкеріс күндеріндегі қанды көйлек жолдасы Сабыр Шариповтың «Қызыл Қазақстан» журналынын әр санында шашырап жатқан «Алтыбасарын» қолымен көшіріп, кітап етіп шығарған да Сәкен. Өнерпаз дарындарды осылай тірнектеп жинаудың арқасында ғана 1925 ж. қазақ жазушыларының тұңғыш шығармашылық ұйымы ҚазАПП-ты — қазақ пролетар жазушылары ассоциациясын құрды. Сәкеннің қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушы екені дау туғызбайтын ақиқат. С. Сейфуллин — ірі мемлекет қайраткері. Қазақстан елдік пен азаттыққа үміттенген шағында республика басшыларының бірі болганын, ең бір шешуші сәтте жан-тәнімен жұмыс істеп, басқалармен халқының терезесін тең ету жолында аласүрғанын ешкім де жоққа шығара алмайды. С. Сейфуллин әрбір іс-әрекетінде осы арманын жүзеге асыруға талаптанды. С. Сейфуллин — үлкен коғам қайраткері. Бұл — жарлықсыз, мандатсыз берілетін атақ. Халық осыған лайық ұлын аспанға көтереді, қадірлейді. Осының бәрі бір Сәкеннің бойынан табылуы тарихтағы ете бір бақытты сәт. Осыншама үлкен қадір-қасиет пен атақ, даңқты өмір өткелдерінде аударып-төңкеріп алмай өтуіне С. Сейфуллиннің кісілік сипаттары, әсіресе өтірік айта білмеуі, кіршіксіз адалдығы, қандай күйге түссе де өкінбейтін табандылығы, бір сөзбен айтқанда, кімді болса да сүйсіндіретін арлы азаматтығы себепші рунд кені төңірегіңце апдалузит кездеседі.