СЕҢКІБАЙ ОРАЗҒҰЛҰЛЫ
СЕҢКІБАЙ ОРАЗҒҰЛҰЛЫ (1707-1786 ж.), Қаракесектің Қарашор руының Қожас батырының шөбересі. Сеңкібай 18 ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысынан бастап Қанжығалы қарт Бөгенбайдың қасына ілесіп, Алакөл, Бұланты, Аңырақай шайқастарына қатыскан белгілі батырлардың бірі. Сеңкібайдың жоңғар батыры Ноян Қоренге қарсы жекпе-жекке шығып, жеңіске жеткені аңыз, деректерден мәлім. Аңыз бойынша ақиық кыран көріпкелі бар батыр ұлт тәуелсіздігі үшін аянбай күрескен, Абылай ханның сенімді қолбасыларының бірі болған адам. Айсыз түнде, нөсерлі жаңбырда, калың қамыс арасынан адаспай жол тауып, Абылай хан ордасын қоршаған жаудың торынан талай рет аман-есен алып шыққан. Жұртшылык Сеңкібайды киелі батыр деп әулие тұтады. Талды өнірінің бойында дүние салған. 1986 ж. Талды аулының тұрғындары батырдың басына күмбез орнатқан.