Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






СӘТБАЕВ ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ

СӘТБАЕВ ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ (1899-1964 ж.), аса көрнекті геолог, қоғам қайраткері, геология-минералогия ғылыми докторы (1942 ж.), профессор (1950 ж.). ҚазКСР ҒА-н ұйымдастырушы әрі тұңғыш президенті (1946 ж.), КСРО ҒА-ның академигі (1946; 1943 жылдан корреспондент мүшесі), ҚазКСР ҒА-ның академигі (1946 ж.), Тәжік КСР ҒА-ның құрметгі мүшесі (1951 ж.). Томск технология институтын бітірген (1926 ж.). 1926-29 ж. «Атбасар түсті металл» тресінің геология. бөлімінің жетекшісі, 1929-1941 ж. Қарсақбай комбинатының геология барлау бөлімінің бастығы, бас геологы, 1941-1964 ж. ҚазКСРҒА-ның(1946 жылға дейін КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы) Геология ғылыми институтының директоры, КСРО ҒА Қазақ филиалы Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы. (1941-46 ж.), ҚазКСР ҒА-ның президенті (1946-52 және 1955-64). Сәтбаев — кен геологиясы саласындағы көрнекті маман, Кеңес Одағында металлогения ғылымын дамытушылардың белгілі өкілі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін салушы. КСРО ҒА-ның академик М. А. Усовтың шәкірті. Негізгі ғылыми енбектері Қазақстанның кен орындарын және минерал қорларын зерттеуге арналған. Жезказған кенін зерттеу және Орталық Қазақстанның металлогендік болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірді. Жезказған кені қорының мөлшерін қайтадан анықтау, бұл кеннің дүние жүзіндегі ірі кеңдердің бірі екендігін дәлелдеу, осыған байланысты қазіргі Жезқазған өңірінің өнеркәсібі өркендеген аймаққа айналуы Сәтбаев есімімен тығыз байланысты. 1929-1931 ж. Жезказған—Ұлытау өңірінде бұрыннан белгілі деректерді талдау және геология барлау нәтижелеріне сүйене отырып, Сәтбаев Жезқазған кенінде жүргізілетін жұмыстардың кен бағдарламасын жасады. Осы жұмысты орындау кезінде анықталған жана геология деректер Жезказғанның келешегі үлкен екендігін көрсетті, геология барлау ісіне прогресшіл жаңа теория енгізді, бұл теория осы өңірде іздеу-барлау жұмыстарында қолданылды. Сәтпаев 1930 жылдары Жезказған мыс кендері қалыптасуының айқын 4 жолын (тектоникалық, стратиграфиялық, литология-петрографиялық, құрылымдық) ұсынды. Бұдан кейінгі геология зерттеулердің нәтижесі бұл ұсыныстың дұрыстығын дәлелдеді және Жезказған кендерін кешенді зерттеуге қолданылды. Орталық Қазақстанның металлогендік болжам картасы 1952-58 ж. жасалды және оның тиімділігі геология зерттеу жұмыстары кезінде анықталды. Сәтпаев тікелей басшылық еткен металлогендік болжам картасын жасау үшін ең алдымен Орталық Қазақстанның сол кезге дейінгі геология зерттелуі жөніндегі мәліметтер жиналды, сол өңірдін геология дамуының ірі 6 кезеңі (олар — палеозойға дейінгі, ерте каледон, соңғы каледон, ерте варисс, соңғы варисс, киммер-альпі) анықталды, осы 6 кезеңнін әрқайсысының геология құрылысы мен металлогениялық ерекшеліктеріне тән негізгі элементтік құрылымы табылды. Сонымен қатар палеогеографиялық, металлогениялық т. б. көптеген карталар жасалды, жеке пайдалы қазыналар кендерінің пайда болу, түзілу ерекшеліктері зерттелді, олардың геохимимия, минералогия-геология құрылымы жөніндегі ерекшеліктері, олардың қалыптасу мерзімі, жасы анықталды. Осы мәліметтерді талдау, қорытындылау ірі 50 металлогениялық формацияны анықтауға мүмкіндік туғызды. Осы айтылған орасан үлкен еңбектердің — геология құрылымы картасы, металлохимия, геология-геофизикалық зерттеулердін нәтижесі, палеогеографиялық карта, металлогендік формацияларды анықтау қорытындысы Орталық Қазақстанның болжам картасын жасауға негіз болды. Металлдардың жеке тобына (қара, түсті, сирек металдар т. б.) арнайы карта жасалды. Бұл картаның тағы бір ерекшелігі — геология барлау жүргізілетін аймақтар, болжам қорына қарай бірінші және екінші рет зерттелетін өңірлерге бөлінді. Металлогендіқ болжам картасын қолдану нәтижесі орасан үлкен табысқа қол жеткізді. 1954-58 ж. аралығында Орталық Қазақстанда түрлі металлдардың көптеген жаңа кеңдері ашылды және олардың 90%-дан астамы 1 және 2-рет зерттелетін өнірлерден табылды. Металлогендік болжам картасын жасап шығарғаны үшін Қ. Сәтбаев басқарған қазақстандық бір топ ғалымдарға Лениндік сыйлық берілді (1958 ж.). Сол жылы Алматыда өткен Бүкілодақтық 1-металлогениялық кеңесте металлогения мәселелерін шешуде қазақстандық геологтар мектебінің шешуші рөлі аталды. 1958 жылдан КСРО-да металлогениядан кеңес, симпозиум, конгрестер өткізілетін болды. Қоғам қайраткері ретінде Қ.Сәтбаев халық шешуның түйінді мәселелеріне, ғылыми зерттеулердің теориялық терең және тиімді болуына, ғылым табыстарын өндіріске қолдануға ерекше көңіл бөлді. Жезқазған кен-металлургия комбинатын, Қарағанды мен Балқаш металлургия завоттарын, Ертіс — Қарағанды каналын салу, Маңғыстаудың, Мұғалжардың, Торғайдың табиғи байлықтарын анықтау жөнінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру республикамыздың, ірі минералдық шикізат қорларын — Кенді Алтайды, Қаратау фосфоритін, Қостанай мен Жезказған - Ұлытау өңіріндегі темір, марганец және т. б. көптеген кен орындарын игеру Қ.Сәтбаев есімімен тығыз байланысты. Қ. Сәтбаевтың басшылығымен жүзеге асырылған маңызды шаралардың бірі — Қазақстан экономикалық аудандарының өндіргіш күштерін зерттеу және игеруге арналған ҚазКСР ҒА-ның көшпелі сессияларынын, өтуі. Алтайда, Солтүстік, Батыс, Оңтүстік және Орталық Қазақстанда өткізілген сессиялар алдына ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу, сонымен қатар өндірістің практикасында қолданылатын жаңалықтармен ғылымды байыту міндеттері қойылды. КОКП 20-22-съездерінің делегаты, Қазақстан КП ОК-нің мүшесі (1949-1952; 1956-1964 ж.) болды. 2-6-сайлауының КСРО Жоғарғы Кеңесінің, 2-4-сайлауының ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Лениндік сыйлықтың (1958 ж.) және КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1942 ж.) лауреаты. 4 мәрте Ленин орденімен, 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Қ. Сәтбаевтын құрметіне ҚазКСР ҒА-ның Геология ғылымдар институты, Жезказған кен-металлургия комбинаты, Жонғар Алатауындағы мұздык және шың, Қаратау ванадий кенінен табылған минерал аталган. Көптеген қала, ауылдардағы мектептерге, көшелерге Қ. Сәтбаев есімі берілген. Томск политехника институтында, КазКСР ҒА-ның геология ғылымдары институтында, Алматыда тұрған үйінде мемориалдық тақта, Жезқазған, Алматыда ескерткіш орнатылған. 1999 ж. ЮНЕСКО деңгейінде 100 жылдығы атап өтілді.