Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Тас ғасыры

Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған.

Қазақстанның тас дәуірі мына кезеңдерге (мәдениеттерге) бөлінеді:

1. Палеолит. Ежелгі тас ғасыры.

а) Олдувай (ертедегі немесе төменгі палеолит) - 2,6 млн. - 700 мың жыл.

ә) Ашель - 700 - 150 -200 мың жыл.

б) Мустье (орта палеолит) - 150-200 - 35-30 мың жыл.

в) Кейінгі немесе жоғарғы палеолит- 40-35 мың жыл - б.з.д.Ю-мыңжылдық.

2. Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) - б.з.д. 10 - 7-мыңжылдықтар.

3. Неолит (жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 7-6 - 4-мыңжылдықтар. Осындай археологиялық терминдермен қатар, сол дәуірлердің геологиялық атаулық белгілері бар. Палеолиттің барлық кезеңдері плейстоценге, ал мезолит пен неолит - голоценге жатады.

Тас ғасыры мен қола дәуірі арасында жатқан ерекше дәуір энеолит деп аталады. Бұл кезеңнің шекарасы немесе хронологиялық шектеуі әлі толық анықталмаған, дегенмен де ол шамамен- б.з.д. 4-3 - 2 мыңжылдықтар аралығында орын алады.

Ертедегі тас дәуірі - адамның және оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Палеолит дәуіріндеп адамдардың қоғамдық ұйымдары өте күрделі және ұзақ даму жолынан өтті. Бастапқы кезеңде жабайы үйір пайда болды. Ол ерте ашелъге сәйкес келеде. Осы кезеңде бірте-бірте жаңа әлеуметтік организмнің, яғни алғашқы қауымның пайда болуының алғы шарттары қалыптаса бастады. Іс жүзінде алғашқы қауымның жетілген түрлері тек кейінгі палеолитте ғана қалыптасады. Ол, көптеген зерттеушілердің пікірінше, прогрессивтік дамудың алғашқы айқын нышандарының бірі болып, неандертальдықтардын кәзіргі адам түріне айналу кезеңімен түспа-тұс келді.

Олдувайлық мәдениет- бұл Homo habilis деп аталған ертедегі адамның («іскер адам») өмір сүрген уақыты. Олдувайлық кезең өзінің ұзақтығымен (шамамен 2 млн. жыл) палеолиттің басқа да кезеңдерін бәрін қосқаннан да асып түседі.

Бұл кезде тас бұйымдардың негізгі бөлігін жаңқалар құраған, ал құралдардан сол кезең мәдениетіне сәйкес чопперлер мен чопингтер болған. Ағылшын тілінде чоппер және чопинг «шабатын құрал», «балта», «кесу механизмі» дегенді білдіреді. Чоппер - бұл тақыр тас кесінділерінен (өзен жұмыр тасы немесе домалак тастар), немесе жуан тастың жаңқасынан жасалған, кесетін жағы дөңес немесе жазық, тек бір беті (жағы) ғана өңделген, дөрекілеу келген кескіш сайман. Чоппингте - соған ұқсас, бірақ екі беті де өңделген дөрекі құрал. Жаңқалар деп негізінен тастарды өңдегенде алынатын қалдық түрлерін айтады, бірақ еңбек және аңшылық құралдары және кесуші тас бұйымдар солардан жасалады деу қате болады. Дайын бұйымдарды (құралдарды) жасау үшін тасты қашауға шой балға пайдаланылды.

Олдувайлық дәуірде адамдарға от әлі таныс емес еді.

Ашельдік мәдениет 3 кезеңге бөлінеді: ерте, орта және соңғы ашель. Ерте ашельдік тұрақтарда, олдувайлық ескерткіштер сияқты, чопперлер, чопингтер т.б. кездесіп отырған. Бірақ бұл жерде жаңа, өзгеше құрал - қол шапқышы пайда бола бастаған.

Палеолит жәйлі әдебиеттерде «қол шапқыш» терминінің орнына екі беті де өңделгең құралды білдіретін «бифас» термині жиі қолданылып жүр. Бірақ «бифас» термині «қол шапқыштан» гөрі кеңірек ұғым. Олар орта, кейінгі ашельге және мустьеге тән және сонда кездеседі, сонымен қатар, шабуға емес, кесуге, қыруға арналған және сүңгінің үштығы есебінде қолданылды. Одан басқа осы кездері тас бүйымдарды шабатын құрал - кливер пайда болады. Шапқыш сияқты, ол да екі жағынан да қашалған құралға, яғни бифасқа жатады. Палеолит туралы әдебиеттерде кливерлерді кейде көлденең жүзді шапқыш, кескіш деп те атаған.

Дегенмен, ерте ашельдің тас артефактарының негізгі бөлігін әртүрлі кескіш, қырғыш, тескіш т.б. құралдар бола алатын жаңқалар құрады. Бұл кезеңнің адамдары аңшылықпен, терімшілікпен айналысты. Балық аулау мен теңіз моллюскаларын жинаумен де айналысу тәжрибесі жинақталды, енді от та таныс бола бастады. Ерте ашельдің жасы 700-300 мың жыл.

Орта және соңғы ашелдегі (б.зд. 300-150 мың ж.) тас жинақтарда алдыңғы дәуірдегі барлық еңбек және аңшылық құралдар сақталды, бірақ оларды жасаудың жаңа прогрестік белгілері пайда бола бастады. Бұл алдымен жіңішкере бастаған шапқыштардан білініп тұрды. Анығырақ техникалық прогресс әсіресе, леваллуалық тас өңдеу техникасында және леваллуалық нуклеус, жаңқалар жөне пластинкаларда байқалып отырды. Леваллуалық техниканың мағынасы неде? Бұл кезде кейін құралдарға айналатын жаңқалар мен пластиналарды сындырып алуды бастамас бұрын, әуелі нуклеустарды барлық жағынан алдын-ала мүқият қашап алатын болды Бұл техниканың негізгі өзгешелігі осында еді.

Ертедегі палеолит үшін леваллуа техникасының таралуы ірі техникалык төңкеріс болды. Орта және соңғы ашель тас жинақтарында өткен дәуірде-ақ пайда болған майда құралдар - қырғыш, жонғыш, бұрғы т.б. болды. Бұл кезеңнің ескерткіштерінде тас шоқпарлар, найзалар т.б. кездеседі.

Соңғы ашель дәуірі көптеген зерттеушілер орта палеолит деп белгілеген мустьемен ауысты. Қазақстан үшін мустье 150-120 - 40-35 мың жылдар аралығында өтті. Ашельдің соңында және мустьелік дәуірге кешкенде адамның физикалық құрылысында түбірлі өзгерістер болған деп есептеледі. Осы кезде ежелгі "Ноmo erеktus" ("тiк жүрген адам") архантроптары палеоантроптарға айналған. Бұл - ғылымда белгілі мустьелік неандарталь адамдарының уақыты.

Ашелден мустьеге ауысар кезінде адамдардың құрылысында ғана емес, оның тас өңдеу техникасында, өмір сүру жағдайында, шаруашылығында да өзгерістер болған. Леваллуалық техника тас бұйымдарды жасау барысында басым бола бастады. Ұзақ уақыттар бойы мустьелік дәуірде тас құралдарының тек қана үш түрі - мустьелік үшкір ұшты құрал, мустьелік қырғыш және соңғы ашельдік түрдегі екі беті де өңделген кішкене шаппа болды деп жалпы мойындалып келді. Бірақ ғалымдардың көп жылдар бойғы зерттеулері мустьеде бірнеше ондаған түрлі бұйымдардың болғанын дәлелдейді, олардың ішінде негізгілерінен ойықты және тісті құралдар, қырғыш, кескіш, жарықшық және басқалары бар.

Алғашқы аң аулау шаруашылығы мустьеде жоғары деңгейге жете бастады, оның терімшілікке қарағандағы маңызы анағұрлым артты. Аң аулау шаруашылығындағы прогресті тұрақтарда табылған жануарлардың сүйектерінің көптігінен көруге болады. Сонымен қатар, осы кезде қүс және балық аулау кәсіптерінен де тәжірибе жинақталды.

Мустьелік дәуірде мекендеу сипаты да өзгерді. Адамдар бұрынғыдай өздерінің қоныстарын ашық аспан астында, өзен бойында жайғастыруды жалғастыра отырып, сонымен қатар, жиірек жартас астына, үңгірге қарай ауыса бастады.

Сонғы палеолит (40-35 мың жыл - б.з.д. 10-мыңжылдық). Бұл адамның жер шарындағы климаттық аймақтарда кеңінен орналасу және нәсілдердің, нәсіл топтарының қалыптасу уақыты болды.

Ойлауға қабілетті адамның пайда болуы мен соңғы палеолит дәуіріндегі адам қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің әрі қарай дамуы арасында тура байланыстың болуы әбден мүмкін. Бұл құбылыс қоғамдық қарым-қатынастың ілгері дамуымен, рулық қоғам қалыптасу үдерісімен, адамдар ұжымындагы қогамдық ұйымның алғашқы айырықша формасы - рулықтың (алғашқы туыстық рудың) пайда болуымен тығыз байланысты. Туыстық ұйым барлық жерде аналык жүйелі және аналык тарапты болған, ал әйел қоғамда жоғары орында тұрған деп пайымдалады. Осылайша аналық ру, өзара қандық туыстық байланыспен және анасы бойынша есептелетін туыстық арқылы бірігетін адамдардың экзогамдық тобын құрды. Әйелдердің қоғамдық өмірдегі жоғарғы жағдайы отбасындағы қауымдық шаруашылыктың ерекшеліктерінен, әйелдердің ұрпақ жалғастыратын ролінен келіп шыққан еді.

Ертедегі адамдардың идеологиялық танымдарындағы ошақтың ұйтқысы, оның басшысы ғана емес берекелі сақтаушысы да болған әйелдерге табыну ғұрпы кездейсоқ құбылыс емес.

Соңғы палеолит дәуіріндегі адамдардың дүние танымы күрделілене бастады. Осы кезде жануарлардың бейне-сипатын меңгеру арқылы оларға билік ету сенімі арқылы шыққан жатқан аңшылық магия кең тарала бастады. Осы ғұрыптың, яғни аңшылық магиясының әмбебаптық құралы ретінде сол кезде алғашқы қауымдық өнер пайда болған деп пайымдалады. Оның басты тақырыбы әртүрлі жануарларды бейнелеу. ою-өрнек және мүсіндеу (скульптура) болған. Алғашқы өнердің туындыларының ішінде қасиетті жердің, ананың берекелілігі мен кұнарлылығын бейнелейтін сүйектен немесе жұмсақ тастан ойылған әйелдер мүсіндері тарайды.

Жер бетінде өмір сүрудің жалғасы ретіндегі жанның және адамның өлгеннен кейінгі өмірі туралы түсінік дами келе күрделі дәстүрлік рәсімдердің пайда болуына әкелді. Өлген адамның денесіне қызыл минерал бояу себілді, оның кеудесіне тесілген ұлу қабыршақтары мен жыртқыштың тістерінен жасалған әшекейлер тағылды, ақтарына мамонттың азуынан жасалған білезіктер кигізді, киімдерін моншақ тізбектерімен кестеледі. Адамды жерлегенде шақпақ тас пен сүйектен жасалған бүйымдарды оның жанына қоса салатын болды.

Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) пышақ пішінді пластинкаларды, оның ішінде микропластинкаларды бөлу техникасының өте жоғары дамуымен ерекшеленеді. Осы кезеңде пышақ пішінді пластинкадан құралдар жасау өте кең таралды.

Әртүрлі микролиттерді дайындау, оның ішінде геометриялық бейнелі құралдар - сегменттер, трапециялар, үшбұрыштар, тікбұрыштар, параллелограммдар өндірісі кеңінен дами бастайды. Микролиттер дайындауда қолданылатын микроқиятын техника дамиды. Балта, шот балта, қашау сияқты кесу құралдарын, макролиттік арнаулы құралдар - кетпен, қайла жасау кең таралады.

Кейбір мезолиттік мәдениеттерде тас қаруларды тегістеу техникасы, бұрғылау мен аралау техникалары пайда болады.

Палеолитпен салыстырғанда түрлі сүйек индустриясы қалыптасады. Мезолиттік уақыттың тұрақтарында әртүрлі сүйек және мүйізден жасалған гарпундар, садақтар мен сүнгілердің ұштары, пышақтар, қанжарлар, балта мен шот және оларға муфталар, т.б. көптеп кездеседі. Осы құралдардың кейбір түрлері мезолитте ғана жасалынған.

Өнердің сипаттарында да өзгерістер болды. Соңғы палеолитке тән жартастарға жазу біршама азаяды. Өнерде шартты-тұспалды сипаттағы бағыт ұлғаяды. Геометриялық оюлар кеңінен таралады. Оюдың негізгі элементтері түрлі сызықтар, нүктелер, штрихтер, "шыршалар", иректер, торлар, т.б. болды. Оюды жүргізуде көбіне ойып түсіру және бұрғылау техникасы пайдаланылды. Зооморфты және антропоморфты бейнелерден тұратын ұсақ пластика кеңінен таралды.

Соңғы палеолитпен салыстырғанда қоныстану түрақтары да өзгеріп отырған. Көптеген мезолиттік қоныстар көбіне кедей бұйымдарымен, жұқа мәдени қабатьшен ерекшеленетін уақытша, маусымдық тұрақтарда тұрды. Ірі қоныстар өте аз кездеседі. Қазба кезінде табылған уйлер қалдығы әдетте қарапайым күрке тәріздес құрылыс болып келеді, ал соңғы палеолитке тән жертөле немесе жартылай жертөлелер тек солтүстіктегі суық аймақтарда кездеседі.

Мезолиттік материалды мөдениеттің айырықшылықтары осындай болды. Ол кейбір палеолиттік техникалық жөне технологиялық әдістердің одан әрі дамуымен және өзгеруімен, сондай-ақ, мезолитте пайда болған жаңа құралдар түрлерін жасау әдістерінің таралуьшен сипатталады.

Экономиканың негізі болып аңшылық қала береді (бұнда өткен уақытпен екі арадағы үлкен сабақтастық жатқаны күмәнсіз). Бірақ, оның сипаты тез өзгеріп отырады, өйткені соңғы палеолитпен салыстырғанда адамның өзінің қоршаған ортаға бейімделу әдісі де өзгереді. Соңгы палеолиттегі орын алған ірі жаңалық - садақ - мезолитте негізгі аңшылық қару ретінде толығьшан қалыптасады. Соңғы палеолитте мүлдем белгісіз болған сыналы құралдар дамиды, олардың түр-түрі тарайды. Мезолиттегі аң аулау нысандары мезолит мәдениетінде өмір сүріп жатқан түрғындардың орналасуына қарай, яғни нақты экологиялық ортаға байланысты қалыптасады. Палеолиттегі кең таралған тәсіл - аңды қамап ұстау сақталады, бірақ оның тек эпизодтық формасы ғана қалады. Аңшылықтың соңғы мезолитте қүс аулау силкты жаңа арнайы формасы пайда болды. Мұндай түрлі аңшылық шаруашылығының дамуы палеолит адамдарына таныс емес еді. Бұл кезеңде өндірмейтін, яғни өнімді тек табиғаттан алатын шаруашылық барынша өрістеген еді. Неолиттік экономикаға тән артық енім жинау деңгейінің алғы шарттары осы кезде-ақ пайда болады.

Сол мезолит кезінде балық аулау тура мақсатты түрде қалыптасады, оны қайық, түрлі ауларды жасау сияқты маңызды жаңалықтардың пайда болғаны дөлелдейді. Мезолит кезінде жануарларды үйгс үйретудің кейбір формалары өріс ала бастауы мүмкін, өйткені ол кезде үй иттерінің таралғаны белгілі.

Сөйтіп, экономикалық түрғыдан да мезолиттің соңғы палеолиттен аң аулау әдістері, оның түрлері, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуы арқылы анық байқалатын көп айырмашылықтары бар.

Неолит кезенінін басталуы б.з.д. 7-мыңжылдықтың екінші жартысына және 6-мыңжылдықтың басына сәйкес келеді. Бұл - тас өңдеу техниканың гулденген кезі. Еңбек күралдарын өндірудегі орасан зор мамандандыру өтіп жатты. Сығып өңдеу техникасын жетілдірумен қатар, тасты өңдеудің жаңа технологиялық әдістері толығынан қалыптасты: жалтыратып өңдеу, бүрғылау және аралау. Тас балталар, шоттар, дәнүккіштер, келі, келсаптар жасала бастады. Нефриттен, яшмадан, серпентиниттен және де тастың басқа да түрлерінен көптеген әшекейлер - білезік, алкалар дайындау өрбіді.

Неолит кезеңінің ең маңызды белгілерінің бірі - ол табиғаттағы дайын өнімді алу шаруашылығын ауыстырған малшылық пен егіншіліктің пайда болуы еді. Шаруашылықтың осы жаңа түрлерінің пайда болуының адамдар қоғамының дамуында орасан зор маңызы болды, адамның еңбек ету аясын кеңейтті және де оның мінезін сапалы түрде өзгертті.

Адамның мың жылдаған экономикалық даму тарихы ең алдымен осы екі шаруашылықты жетілдіру тарихымен тығыз байланыста болганы айқын.

Неолит кезеңіндегі тұрғындардың қол жеткізген даму деңгейі басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың пайда болуына себепші болды. Осы кезде тау-кен ісі алғашқы бастау алады. Қыш құмыра жасау, тоқ імашылық дамиды. Неолит кезеңінің әлеуметтік жағдайында рулық қоғам өмір сүрді, онда ұжымдық еңбек және өндіріс құралдарына жалпы меншік билік етті. Сонымен бірге бұл кезеңде қоғамдық ұйымдастыру формаларының жоғары дамуы орын алды: тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылды. Тайпалар қандас туыстар біріккен, шаруашылықтары да біріңғай сипатты бірнеше рулық қоғамдардан, яғни рулықтардан тұрды.

Осы неолит дәуірінде болашақтагы жаңа деңгейдегі мәдениеттін. яғни дамыған қола дәуірі қогамының бастапқы алғы шарттары немесе негіздері құрылды.

Неолитте Қазақстан аумағында бұлактық тұрактар кен тараган. өйткені оның қуаңдалалы аймақтарында ірі өзендер желісі аз. Бұлақтардағы тұрақтар уақытша, маусымды сипатта болады. Қуаңдалалық Қазақстандағы неолиттік ескерткіштердің ерекшеліктерінің бірі - ашық түрдегі тұрақтардың көп болуы.

Барлық тұрақтардан жергілікті материалдан жасалған тас құралдар табылған: садақ пен найзаның ұштары, балта, қашау, пышақ, қырғыш. Белгілі бір құралды жасағанда тас жыныстарын бөліл іріктеу орын алған. Шикізаттың әр түрлілігі оларды өңдегенде және жетілдіргенде әр түрлі техникалық әдістерді дамытуға әсерін тигізген. Қазақстандағы неолиттік ескерткіштер бірнеше аумақтық топқа бөлінеді, ол мәдениеті жағынан бір-біріне жақын туыстас тайпалардың өмір сүру аудандарына сәйкес болуы мүмкін.

Әдебиетте ежелгі тайпалар шаруашылығындағы осы кезеңдегі түбірлі өзгеріс «неолиттік революция» деген атақ алды. Азық өндіруге көшу, жеуге келетін өсімдіктерді, әсіресе астық тұқымдастарды саналы түрде өсіру, малдарды үйрету, өсіру және сұрыптау адамдардың отты меңгергеннен кейінгі тарихындағы ұлы экономикалық революция болып табылды. Ол адамның өзінің қол астындағы азықтың сенімді және бай көздерін пайдалануына керемет мүмкіндіктерді бере отырып, оның тарапынан тек күш салуды ғана талап ететін мүмкіндікті ашты.


Неолиттік тайпалардың бұл дәуірдегі түрлі мәдени ареалдарында даму деңгейлері біркелкі болған жоқ. Далалық аймақтарда айтарлықтай өзгеріс бола қоймады, - мұнда бұрынғыдай аңшылық және балық аулау тіршіліктің негізгі көзі болып қала берді. Ауа райының континенталдылығы халықтың өсуіне жағдай туғыза алмады, және де мүндағы табиғи қорлар (тамақтың «дайын көздері») халықтың қажетін өтеуге толық жетіп отырды.


 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Артюхова О.А., Деревянно А.П., Петрин В.Т., Таймагамбетов Ж.К. Палеолитические комплексы Семизбугу, пункт 4 (Северное Прибалхашье). -Новосибирск, 2001.

Артюхова О.А. Мустье Центрального и Южного Казахстана. Автореферат на соискание ученой степени кандидата исторических наук. - А., 1992.

Аубекеров Б.Ж. Континентальные четвертичные отложения Казахстана. Автореферат на соискание ученой степени доктора геолого-минералогических наук. - Алма-Ата, 1992.

Борисковский П.И. Древнейшее прошлое человечества. - Л., 1979.

Волошин В.С. Новые находки каменного века в Центральном Казахстане. /АО 1970, - М., 1971.

Волошин В.С. Ашельские бифасы из местонахождения Вишневка-3 (Центральный Казахстан). /СА, 1988, № 4.

Волошин В.С. Палеолитический памятник Батпак-7. /Маргулановские чтения. ТДК. - Петропавловск, 1992.

Деревянко А.П., Аубекеров Б.Ж., Петрин В.Т., Таймагамбетов Ж.К., Артюхова О.А., Зенин В.Н., Петров В.Г. Палеолит Северного Прибалхашья (Семизбугу, пункт 2, ранний, поздний палеолит). - Новосибирск, 1993.

История Казахстана (с древнейших времен до наших дней) в 4-х томах. - Алматы. Т. 1, 1996.

Касымов М.Р. Проблемы палеолита Средней Азии и Южного Казахстана. Автореферат на соискание ученой степени доктора исторических наук. - Новосибирск, 1990.

Клапчук М.Н. Археологические исследования в бассейнах рек Нура и Сарысу. /АО 1966 г. - М., 1967.

Клапчук М.Н. Позднеашельское местонахождение Жаман-Айбат-4 в Центральном Казахстане./СА, 1976, №3.

Клапчук М.Н. Галечные орудия местонахождения Музбель-1, -2 в Центральном Казахстане. /По следам древних культур Казахстана. - А., 1970

Клапчук М.Н. Археологические находки в Карагандинской области в 1962 году. /СА, 1965, № 3.

Курманкулов Ж.К., Артюхова О.А., Бексеитов Г.Т., Байгунаков Д.С. Талдысайский микрорайон эволюции каменных индустрии голоцена. /Археологические исследования в Казахстане (Труды научно-практической конференции «Маргулановские чтения - 14»). Шымкент-Алматы, 2002.

Маргулан А.X. Отчет о работах ЦКАЭ в 1947 году. /Известия АН КазССР, серия археологическая, 1948, вып. 2.

Маргулан А.X., Агеева А.И. Археологические работы и находки на территории Казахской ССР (с 1926 по 1946 гг.). /Известия АН КазССР, Серия археологическая, 1948, вып. 1.

Маргулан А.X. Сочинения в 14 томах. Том 1. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана. - Алматы, 1998.

Медоев А.Г. Каменный век в свете новейших исследований. /Известия АН КазССР, Серия общественных наук, 1964, вып. 6.

Медоев А.Г. Геохронология палеолита Казахстана. - Алма-Ата: «Наука», 1982.

Медоев А.Г. Ареалы палеолитических культур. /По следам древних культур Казахстана. - А., 1970.

Медоев А.Г. Новые материалы по каменному веку Северного Прибалхашья и хребта Чингиз. /Вестник АН КазССР, 1962, № 3.

Мерц В.К. О реконструкции внешнего облика человека из погребения на стоянке Шидерты-3. /Вопросы истории, археологии и этнографии Павлодарского Прииртышья. - Павлодар, 2000.