Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






СТАХАНОВ АЛЕКСЕЙ ГРИГОРЬЕВИЧ

СТАХАНОВ АЛЕКСЕЙ ГРИГОРЬЕВИЧ (1906-1977 ж.), жұмысшы, өндіріс жаңашылдарының бұқаралық козғалысының бастамашысы, Социалистік Еңбек Ері (1970 ж.). Забойшылар курсын (1935 ж.), Өнеркәсіптік академияны (Мәскеу к., 1941) бітірген. 1927-1933 ж. тежеуші, ат айдаушы, «Центральная-Ирмино» шахтасында забойшы, 1933 жылдан қайламен жұмыс істейтін забойшы. Халықаралық жасөспірімдер күні құрметіне 1935 ж. 30 тамыздан 31 тамызға қараған күні Стаханов ауысымда 102 т көмір қазып, өндірістік рекорд жасады, мұның өзі 14,5 мөлшерге тең болатын. 1935 ж. 9 қыркүйекте Стаханов жаңа рекорд жасады —175 т, 19 қыркүйекте ауысымда 227 т. көмір өндірді. Стахановтың еңбектегі ерлігі бүкіл еліміздің шахталарыңда қызу қолдау тауып, стахановшылар қозғалысына ұласты. 1936-1941 ж. «Кадиевкөмір» тресінің нұсқаушысы. 1941-42 ж. Қарағанды көмір бассейнінін №31 шахтасының директоры. 1942 жылдан Көмір өнеркәсібі халық комиссариатының аппаратында (1946 жылдан КСРО Көмір өнеркәсібі министрілігі). 1957-59 ж. «Чистяковантрацит» тресі бастығының орынбасары (Торез қ.) - 1959 жылдан 2-43 шахта басқармасының бас инженерінің көмекшісі. 1-сайлауының. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 2 мәрте Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. «Шахтер даңқы» құрмет белгісінің толық иегері. Стахановты есте сақтау құрметіне Ворошиловград облысында бір қала Стаханов деп аталды (1978 жылға дейін — Кадиевка), Стахановның енбек ерлігі және стахановшылар козғалысына 50 жыл толу құрметіне ескерткіш орнатылды (Стаханов қ., 1985 ж.). Стахановтың есімімен елді мекендер, өнеркәсіп орындары, көшелер, теплоходтар, мектептер аталады. Стаханов құрметіне Қарағанды қаласында бір шахта (бұрынғы «Вертикальная») оның есімімен аталды.

Шығарма: Рассказ о моей жизни.— М., 1938; Шахтеры.- М.. 1938 (В. Хмарамек бірге); Возродим родной Донбасс. — М., 1944.