Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






ПОПОВ ЮРИЙ ГРИГОРЬЕВИЧ

ПОПОВ ЮРИЙ ГРИГОРЬЕВИЧ (1937 ж. т.), өлкетанушы, техника ғылыми кандидаты. Қарағанды политехника институтын, Скочинский атындағы тау-кен институтының аспирантурасын бітірген. Қарағандыда ҚҒЗКИ ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық инстититутында қызмет етті, ғалым-хатшы болды. 1962 жылдан өлкетанумен айналысып келеді. Велотуризммен шұғылдана жүріп, Арқа өнірінің өткені мен бүгінгісін байланыстыра отырып көптеген мақалалар мен кітаптар жариялады. Қарағанды өңіріне қатысты шығармалары: «Каркаралинские узоры» (1976 ж.), «Каркаралинские находки» (1978 ж.), «Свидание с Сары-Аркой» (1980 ж.), «Каркаралы», (1981 ж.), «Қарқаралы тарихи-географиялық очерк» (1984 ж.), «Их помнит Сары-Арка» (1989 ж.), «Дорога на Коунрад» (Н. Русаковамен бірге, 2000 ж.).