Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






НЫҒМАТУЛИН НҰРЛАН ЗАЙРОЛЛАҰЛЫ

НЫҒМАТУЛИН НҰРЛАН ЗАЙРОЛЛАҰЛЫ (1962 ж.т.), инженер-механик, қоғам және мемлекеттік қайраткері. Саяси ғылымдар докторы (2001 ж.). Қарағанды политехникалық институтын (1984 ж.), БЛКЖО ОК жанындағы жоғары комсомол мектебін бітірген (1989 ж.). 1984-85 ж. «Қарағанды облгаз» өндірістік бірлестігі автобазасының техника қауіпсіздігі инженері, автоколонна бастығы, 1985-1993 ж. Қарағанды қаласындағы Ленин ауданның комсомол комитетінің 1-хатшысы, Қазақстан ЛКЖО ОК бөлім меңгерушісінің орынбасары, Қарағанды облыстық комсомол комитетінің хатшысы, 1-хатшысы, Қазақстан Жастар ұйымы комитетінің төрағасы, 1993-95 ж. «Тенкри» қазақ-американ бірлескен кәсіпорынның президенті, 1995-99 ж. ҚР Президенті Әкімшілігінің ұйымдық-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1999-2002 ж. Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2002-2004 ж. ҚР Көлік және коммуникация министрінің орынбасары. 2004-2006 ж. ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары. 2006 жылғы қаңтар айынан Қарағанды облысының әкімі. «Отан» саяси партиясы Қарағанды облыстық бөлімшесінің төрағасы (2006 ж.). «Құрмет» орденімен марапатталған.