Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






НАУРЫЗБАЙ ҚАСЫМҰЛЫ

НАУРЫЗБАЙ ҚАСЫМҰЛЫ (1822-1847 ж.), сұлтан, 19 ғасырдын 1-жартысында азаттық күресте атағы кең далаға жайылган батыр. Қасым төренің ең сүйікті ұлдарының бірі. Әсіресе 1837-1847 ж. көтеріліске белсене қатысқан Наурызбайдың батырлығы замандастарын таңқалдырған. Осы қасиетін ескеріп, Кенесары оған ең ауыр тапсырмаларды жүктеген. Көпшілігінде ағасы Саржанның ұлдары Ержан, Құдаймендіге, Исаға т. б. әркашанда қамқорлық көрсеткен. Сұсты, алып денелі болған. Кенесары оның туының астына арнайы дайындықтан өткен, 1000 жауынгерден тұратын топты тапсырған. Кіші жүзде Кенесарының билігін мойындаудан бас тартқан Жаппас руынан зекет жинаттыруға Кене хан 200 сарбазымен Наурызбайды аттандырып, бас идірген. 1844 ж. шілде айындағы Ахмет және Арыстан Жантөриндердің жасағын талқандауда ерекше көзге түседі. Наурызбай 1847 жылғы Тянь-Шань қырғыздарымен қырғынға белсене қатысушы. 500 жауынгермен Тоқмақ түбінде қырғыздар қоршауын бұзып шығуға әрекет етеді. Атқосшысы орыс Николай Губин оны өз атына мінгізіп, өмірін сақтамақ болады. Алайда, Наурызбай ағасы Кенесарыны тастап кетуге қимай, колға түседі. Наурызбайды қырғыздар мерт қылады. Наурызбай хақында, оның ерлігін баяндаған жырлар халық арасында жиі ұшырасады.