Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






НИЯЗ БАТЫР БАРҚЫҰЛЫ

НИЯЗ БАТЫР БАРҚЫҰЛЫ (шамамен 1689-1775/ 80 ж.), Арғынның Қуандық руынан шыққан атақты батыры. Қоныс мекені — Ортау, Ақтау, Қызылтау. Нияз батыр Абылай ханның қолбасыларының бірі. Аңыз деректерде 1741 -43 жылдары Жоңғар тұтқынында болған Абылай ханды босатуға көп еңбек сіңіргендігі айтылады. Нияз батырдың жорықтарда мерейі үстем болуға сенімді серік жолдастары — інілері Құлқара, Итқара, Ақтайлақ, Қыдыралы батырлардың ықпалы көп болган. Нияз батыр 1728 ж. Сарысу бойындағы соғыстарға, 1729 ж. Аңырақай шайқасына қатысқан. Кейбір деректерде Нияз батыр Абылай ханның қолдауымен 1750 жылдан бастап Ташкент қаласының әкімі болғандығы, 25 жыл бойы Ташкентті билеген Нияз батыр өмірінің соңында баласы Әлдеберліні өз орнына тағайындағаны айтылады. Халқының азаттығы үшін қажымай-талмай жаугершілік ғұмыр кешкен батырдың сүйегі Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне койылған. Жазушы А. Сатаев Нияз батыр туралы хикаят жазды. Жаңаарқа ауданының орталығы — Атасу қалашығында Нияз батыр есімімен көше аталады.