Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






НҰРЖАНОВ ҚАЗЫБЕК

НҰРЖАНОВ ҚАЗЫБЕК (1919-1944 ж.), аға сержант, Кеңес Одағының Батыры (1945 ж.). Қарқаралы педагогика училищесін бітірген (1937 ж.). 1937-39 ж. ауылда мұғалім, 1939-1942 ж. міндетті әскер қатарында болды. 1942 жылдың сәуірінен Орелды азат етуге, Десна, Сож, Днепр, Пруть, Березина өзендерінен өтуге қатысқан. 5-атқыштар дивизиясының 61-жойғыш дивизионының барлаушылар взводының командирі Нұржанов Белоруссия операциясында ерекше көзге түседі. Пруть өзені бойындағы шайқаста өзі төрт, взводы 97 дұшпанды тұтқынға алады. Волковск қаласын азат ету кезінде ерлікпен қаза табады. Ақын Ж. Қашқынов «Қазыбек Нұржанов» атты хикаят, «Батырдың анасы» дастанын жазды. Қоңырат кеңшарындағы орта мектеп, Актоғай ауылындағы бір көше Нұржанов есімімен аталады. Аудан орталығында ескерткіш бой көтерген.