МҰҚАНОВ СӘБИТ
МҰҚАНОВ СӘБИТ (1900-1973 ж.), жазушы, қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі, әдебиет зерттеуші-ғалым, қоғам қайраткері, ҚазКСР ҒА-ның академигі (1954), ҚазПИ-дің профессоры. Азамат соғысына, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату мен нығайтуға қатысушы. Мәскеу қызыл профессура институтын бітірген (1935 ж.). 1935-1951 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1936-37 ж., 1943-1951 ж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы. Алғашқы өлеңі — «Көңілім» 1917 ж. жазылды. «Адасқандар» (1931 ж.; 1959 жылдан «Мөлдір махаббат»), «Жұмбақ жалау» (1933 ж.; 2-басылуында «Ботагөз»), «Теміртас» (1935 ж.) романдарында Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату мен нығайту жолындағы күрес тарихы бейнелеңді, «Балуан Шолақ» (1945 ж.) повесінде қазақ композиторы, атақты палуан, әнші Балуан Шолақтың образы сомдалса, «Сырдария» (1948 ж.) романында Ұлы Отан соғысы жылдарыңдағы тыл еңбеккерлерінің жан қиярлық ісі шынайы көркемдікпен баяндалады. «Өмір мектебі» (1949-1964 ж.) автобиофия трилогиясы Абай атындағы Қазақстан Республика Мемлекеттік сыйлығына ие болды (1967 ж.). Қазақ халқының ағартушы-ғалымы, ойшыл-демократы Ш.Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын бейнелейтін «Аққан жұлдыз» атты романының 2-кітабы (1967 ж., 1970 ж.) басылды. Поэзия саласында «Кешегі жалшы мен бүгінгі жалшы» (1926), Октябрьдің өткелдері (1927 ж.), «Сұлушаш» (1928 ж.), «Ақ аю» (1935 ж.) т. б. поэмалары, очерк-публицистикадан «Саяхаттар» (1954 ж.), «Туған жердің тыңында» (1955 ж.), «Тында тұнған байлық» (1957 ж.), «Алып тың адымдары» (1959 ж.) кітаптары жарық көрді. Драматургиядан «Алтын астық» (1939 ж.), «Шоқан Уәлиханов», «Күрес күндерінде» (1938 ж.), «Сәкен Сейфуллин» (1967 ж.) драмаларын, әдеби зерттеулерден «Жарқын жұлдыздар», «Халық мұрасы» (1974 ж.) кітаптарын жазды. Қазақстан Компартиясы ОК-нің мүшесі (1956-66 ж.), 2-8-сайл. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО Жазушылар одағы басқармасының, Бейбітшілікгі қорғау жөніндегі кеңестік комитеттің мүшесі. 3 мәрте Ленин ордені,2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Мұканов бірнеше рет Қарағандыда болып, шахтер, машина жасаушылармен кездесулер өткізді. 30-жылдарда шахтерлер өмірінен «Көмір — коммунизмге» поэмасын жазды, Қарағанды облысы газетінде «5000» поэмасы жарияланды. 1964 ж. М. Кеншілер сарайында С. Сейфуллиннің туғанына 70 жыл толуына арналған баяндама жасап, 1967 ж. Қарағанды облыстық драма театры қойған «Сәкен Сейфуллин» пьесасының премьерасына қатысты. Осы театр Мұқановтың «Шокан Уәлиханов» пьесасын сахнаға шығарды. 1972 ж. ҚарМУ-дің ашылу салтанатына қатысты. Қарағанды көшелерінін біріне Мұқанов есімі берілген.