Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






МҰСАБЕКОВ САМАТ

МҰСАБЕКОВ САМАТ (1924 ж. т.), айтыскер ақын, әуесқой композитор. Шет ауданының түлегі. Ұлы Отан соғысына қатыскан. Мұсабеков өз жанынан өлең шығарып айтуды соғыс жылдарында бастаған ақын. Оның шығармашылық дарыны соғыстан кейінгі жылдарда кемелдене түсті. Аудандық, облыстық, республикалық ақындар айтыстарына үздіксіз қатысып келді. Шығармалары «Еңбек күйі» (1972 ж.), «Шұғыла» (1977 ж.) жинақтарыңда, аудандық, облыстық газеттерде жарияланды. Самат өлең-жыр, толғау-дастандарды домбырамен әуендетіп орындайды. Оның өзі шығарған «Қазақпын», «Қарабұлақ», «Әйел ана» атты әндері, «Қайран әкем» атты күйі күйтабаққа жазылған. Ауыл өмірін, еңбек адамдарын жырлаған бірнеше өлендері, дастандары бар.