Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






МҰСТАФИН ҒАБИДЕН

МҰСТАФИН ҒАБИДЕН (1902-1985 ж.), жазушы, қоғам қайраткері, ҚазКСР ҒА-ның корреспондент мүшесі (1958 ж.). ҚазКСР халық жазушысы (1984 ж.). Қарағанды шахталарында еңбек етті. Шығармалары 1927 жылдан баспасөз бетінде жариялана бастады. «Ер Шойын» атты тұңғыш әңгімелер жинағы 1929 ж. басылды. «Өмір не өлім» (1941 ж.) романы—қазақ прозасындағы жұмысшы тақырыбына арналған алғашқы шығармалардың бірі. «Шығанақ» (1945, орыс тілінде 1947 ж.) романында тары өсіруден дүние жүзілік рекорд жасаған Ш. Берсиев өмірі бейнеленген «Миллионер» (1944 ж.) повесінде ұжымшарды ауыл өмірінің жаңалықтары суреттеледі. «Қарағанды» (1952, Абай атындағы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығын ,1953 ж.) романының басты кейіпкерлері — Қарағанды шахтерлері. «Дауылдан кейін» (1959 ж.) романында қазақ аулындағы социалистік өзгерістер бейнеленді. 1963 ж. «Көз көрген» (орыс тілінде —1965 ж.) өмір-баяндық романы жарияланды. Ғ. Мұстафин шығармалары дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылды. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы (1953-57 ж.). Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы (1962-66 ж.), 1956 жылдан Қазақстан Компартиясы ОК-нің мүшесі (1954 жылдан кандидаты). 6-сайлауының КСРО Жоғарғы Кеңесінің, 4-5,8-10-сайлауының ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 2 мәрте Ленин орденімен т. б. орден және медальдармен марапатталған. Ғ. Мұстафинның есімі Қарағанды қаласындағы №83 орта мектеп пен көше, Бұқар жырау ауданында бір кентке берілген.

Шығарма: Тандамалы шығармалар. тг 1-2 т. — А., 1954-55; тг. 1-4. - А., 1970-73; тт. 1-5.- А., 1980