Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






МӘНЖІ КҮРЖІКЕЙҰЛЫ

МӘНЖІ КҮРЖІКЕЙҰЛЫ (1815-1911 ж.), батыр. Қареке-Байбура ұрпағы. Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық қозғалысының сарбазы. Тумысынан дарынды, соғыс өнерін жас кезінен жетік білген, айлакер де тәсілқой батыр Актау бекінісін алғанда ерекше ерлігімен көзге түсіп, 22 жасында жүзбасы болған. Хан әскерінде жас та болса бас батыр атанған. Оған бұл атақты халық берген. Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалысы ыдырағанша Қаратау, Сыр бойында бірге болып, бірге күрес жүргізген. Көтеріліс ыдырағаннан кейін Сарыарқаға қайта көшіп келген. Мәнжі Күржікейұлы ойда жоқ жерден сөз де тауып айтатын өткір тілді шешен адам болған.