Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВ

МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВ (1858-1931 ж.), ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы. 1870-75 ж. Бұқара медресесінде оқыған. 1875 жылдан ауылда мұғалім болып, «Дала уәлаяты» газетінде өлендер, хат-хабар жазып тұрған. Жан-жақты білімдарлығына, шығармалары елге кеңінен танылуына байланысты «Мәшһүр» (араб. — даңқты, белгілі, атағы жер жарған) деген қосалқы атқа ие болған. 1887-1990 ж. Орта Азияның Самарқан, Ташкент, Бұкара, Түркістан т. б. қалаларын аралап, халықтың рухани мұрасы, тұрмыс-тіршілігімен танысады. В.В. Радловпен кездескеннен кейін қазақтың ауыз әдебиеті мұраларын жинап, жүйелеп бастырумен шүғылданған. Хұсайыновтар баспасынан «Тірлікте көп жасағандыктан көрген бір тамашамыз» (1907 ж.), «Хал-ахуал» (1907 ж.) өлең кітаптары, «Сарыарқаның кімдікі екендігі» (1907 ж.) дейтін қарасөз әрі өлеңмен жазылған кітабы шыққан. «Өнерге, ғылым, білім болсан жүйрік», «Қазақтың осы күнгі қылып жүрген жұмысы», «Жалғанда таппай бір жар, жалғыз жүрдім», «Сәлем хат», «Анама» т. б. өлендердің, «Шайтанның саудасы», «Бұлбұл мен қаршыға», «Аңқау адам», «Екі жас, бір кәрі», «Жарты нан хикаясы», «Гүлшат-Шеризат», «Ғибратнама», «Баяннама» т. б. дастандардың авторы. «Көрұғлы», «Ер Сайын», «Ер Көкше» т. б. дастандарды хатқа түсірген. Бұкар жырау, Үмбетей, Шернияз, Көтеш, Шөже ақындардың, С. Торайғыровтың өлендерін, жыр-толғауларын ел аузынан жазып алып, қазақ фольклористері мен тарихшыларына мол материал қалдырған. Бұқар жыраудың Далба тауындағы моласын тауып, белгі қойған, соның негізіңде қарағандылықтар 1993 ж. атақты жыраудың басына кесене тұрғызды.