Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






ҚАБАНБАЙ

ҚАБАНБАЙ (Қаракерей Қабанбай; т.-ө. ж. белгісіз), батыр. 1723 ж. Жонғар қолы қазақ жеріне Қаратау арқылы басып кірген кезде Қабанбай Ұлы жүздегі Төле бидің төңірегіне жиналған Өтеген батыр, Бөгенбай батыр, Жәнібек, Қойкелді, Шіпет т. б. батырлармен бірге шапқыншыларға қарсы халық-азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірі болды. 1745 ж. жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен өзара әскери көмек беру жөніндегі соғыс шартын жасауды қолдаған. Қабанбай дың батырлық атағы, әсіресе Абылай ханның Жоңғар қолына тойтарыс берген әскери жорықхарына байланысты шыққан. Ол найманның Қаракерей руының биі болған. 1748 ж. тамызда тақ таласы салдарынан Кіші жүз ханы Әбілқайырды Барақ сұлтан өлтірген тұста, Қабанбай - Барақты қатты айыптаған. Оның жоңғар билеушілерімен ымыраға келу ниетіне қарсы шыққан. Ел арасында «Қабанбай батыр» атты тарихи жырдың көптеген нұскалары сақталған. ҚР-ның халық жазушысы Қ. Жұмаділов Қабанбай өміріне арнап «Дарабоз» атты тарихи роман жазды.