Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






ҚАЗ ДАУЬІСТЫ ҚАЗЫБЕК

ҚАЗ ДАУЬІСТЫ ҚАЗЫБЕК (Қазыбек Келдібекұлы 1667-1764 ж., бұрынғы деректерде 1665-1765 ж.), қазақ халқының 17-18 ғасырлардағы үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін Болатқожа атасынан шыққан. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек есімдері елге белгілі әділ билер болған. Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме-аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәсімдерін, ата жолы зандарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би әз-Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, кейін Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезендерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта хандарға ақыл-кеңестер беріп отырған. Қаз дауысты Қазыбек бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулык-тайпалық  алауыздықтар мен хандык билікке таластын неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне атқосшы болып алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван-Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: «Дат, тақсыр!» — деп жұлқынып алға шығады да: «Қазак деген мал баққан елміз, ешкімге соқтыкпай жай жатқан елміз. Елімізден кұт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, — найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса — хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса — құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса — күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күн етіп отыра алмайтын елміз. Сен темір болсаң, біз көмірміз — еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең — шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан — алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз. Бітім берсен — жөнінді айт, бермесең — тұрысатын жерінді айт!» — депті. Жас баланын бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шакырған ізгілікті де аңғарған қалмақ ханы әділдікке жығылып, өжеттігі мен шешеңдігіне риза болып: «Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан былай сенің есімін Қаз дауысты Қазыбек болсын», - деген. Елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды шабылған мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралған. Қазыбек бұдан кейін де жоңғарларға екі рет елшілікке барып, ел намысына дақ түсірмей, көздеген мақсатын орындап қайткан. Тәуке хан қазақ халқының өз ішінен шыққан үш кемеңгері — үйсін Төле, алшын Әйтеке, арғын ол билерге жаңа заң жобасын «Жеті жарғыны» жасатып, Күлтөбенің басында бүкіл халық алдында кабылдатты. Сөйтіп, үш ұлы бидің көмегімен ел ішіндегі әдет-ғұрып нормалары, жер-су, қоныс иеліктерінің мөлшері, жесір дауы, кұн төлеу, кек алу, ұрлық-қарлыққа тыйым салу, ағайын-туыс, ру арасындағы дау-дамайлар, ел бірлігі, мемлекет басқару, Отан корғау, сыртқы жаулардың шабуылдарына тойтарыс беру, ұрпақ тәрбиесі, т. б. мәселелердің шешілу жүйесі жанаша белгіленді. 1718 ж. әз Тәуке қайтыс болғаннан кейін жонғар шапқыншылығы бұрынғыдан да үдей түсті, оңтүстіктен қырғыздар, қарақалпақтар, Хиуа, Бұхар хандықтары, батыстан башқұрттар, орыс казактары, Еділ қалмақтары қыспаққа алды. Ел «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» нәубетіне ұшырап, қатты күйзеліске түскен осы кезенде Қазыбек би Сәмеке, Әбілмәмбет хандардың, Барақ, Батыр, Абылай сұлтандардың арасын жарастыруға күш салды, оларды өзара ынтымакқа шақырды. И. И. Неплюев, Д. Гладышев сияқты Ресей үкіметінің шенеуніктері арқылы орыс патшасымен достық қарым-қатынас орнатуды жақтады. Би тап осы тұста сыртқы саясатта ерекше белсенділік танытқан. Ол 1731 ж. орыс патшалығына бодан болған Әбілқайыр ханға айтарлықтай қолдау көрсетгі. 1741 ж. Орск қамалына аттанған Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтанға хат жазып, Арғын тайпасының атынан ант беруге әзір екенін білдірген. Осы жылы Сары-манжы бастаған ойраттардын отыз мың қолдық әскері Орта жүз иеліктеріне тұтқиылдан шабуыл жасап, Абылай сұлтан тұтқынға түсіп қалғанда Қазыбек би Абылайды құтқару үшін қолдан келген барлық дипломаттық айла-әрекеттерін жасап баққан, орыс комиссиясының бастығы Неплюевпен келісімді жеделдете түскен. Ауызекі әнгімелерде 1742 ж. ерте көктемде Қазыбектің Қалдан-Серенге өзінің де барғандығы айтылады. Сөйтіп, 1743 ж. Абылай тұтқыннан босап, қазақтың 33 каласы Әбілмәмбет ханға қайтарылып берілген. Би бұдан кейін де орыс патшалығынан қол үзген жоқ. Бұған Сібір генерал-губернаторының міндетін атқарушы генерал-майор фон Фрауендорфтың үкіметтің сыртқы істер алқасына 1763 ж. 11 наурызда жолдаған мәлімдемесіндегі «Орта жүздің төбе биі Қазыбектің Ресейге жақсы ниетпен қарайтындығы» жайлы тұжырым куә. Бірақ би 1762 ж. екінші ұлы мемлекет Цин империясының елшілерін қабылдамай, сыйлықтарын алудан бас тартып, Абылай сұлтанға Қытай боғдыханынан іргені аулақ салуға кеңес берген. Қазыбек бидің артында кейінгі ұрпаққа жарық жұлдыздай жол көрсетіп, жөн-жоба сілтейтін көптеген өнегелі өсиет сөздер қалды. Олар ел жанында құрандай жатталып, калауы бұзылмаған саф алтындай таза күйінде бүгінгі ұрпаққа жеткен. Оның тұжырымы терең толғаулары, суырыпсалма тақпақтап айтқан сөздері тындаушы ойында тез сақталатын нақылға толы мақал түрінде өрілген. Сондықтан Қаз дауысты Қазыбек биден бізге жеткен мұра халық қазынасының алтын қорынан лайықты орын алған. Би 18 ғасырдың 40-жылдарының басында Сыр бойынан Арқаға қарай ауа кешіп, Ұлытау, Қарқаралы өңірін қоныс қылып, Семізбұғы тауының беткейлерін жайлаган. Қазыбек би қыс түсе Семізбұғы тауының етегіндегі Теректі қыстағында 97 жасында дүниеден өткен. Марқұмның мәйітін Бекболат оңаша киіз үйде төрт ай сақтап, көктем шыға Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне апарып жерлеген, басына құпытас орнатқан. Қазыбек бидің қайраткерлік қызметі мен шешендік өнері туралы А. И. Левшин, Ш. Уәлиханов, Ш. Маржани, Б. Адамбаев, Н. Тәрекүлов т. б. зерттеулері сақталған. Жазушы С. Сматаевтың «Елім-ай» романында кемеңгер бидің келісімді тұлғасы жасалған. Қарағаңды қаласында бір ауданға, көшеге би есімі берілген, Егіндібұлак аулында ескерткіш (мүсінші. Ж. Қалиев, 1995 ж.) орнатылған.